Бронхоэктаз ауруы
Презентация қосу
Бронхоэктаз ауруы
Бронхтардың құрылысы
Басты бронхтар
Бөліктік бронхтар
Сегменттік бронхтар
Сегменттік
бронхтардың
тармақталуы
Бөлшектері
Бөлшектік бронхтар
Терминалды бронхиолалар
Ацинустар
Анықтамасы
Бронхоэктаз ауруы – көптеген бронхтардың
жергілікті кеңеюімен және іріңді
эндобронхитпен көрінетін патология.
Бұл аурудың басты белгісі –
шашыраңқы‚ көбіне өкпенің төменгі
бөліктерінде орналасқан бронхоэктаздар.
Бронхоэктазия
Бронхоэктаздар бронхтар қабырғасының
туа немесе жүре пайда болған кемістігінен
дамиды
Біріншілік – бронх қабырғаларының туа
кемістігінен балалық шақтан дамыған
бронхоэктаздар.
Екіншілік – өкпенің пневмосклероз
ошағында‚ бронхтардың деформациялануынан
дамитын бронхоэктаздар (туберкулездік
каверна‚ өкпе іріңдігінен кейін‚ созылмалы
пневмонияда‚ т.б. ауруларда).
Этиологиясы
Гендер кемістігі (шеміршек, бір салалы
бұлшықет тінінің өкпе бөлігінің немесе
сегментінің гипоплазиясы).
Иммундық‚ ферменттік жүйенің туа немесе
жүре біткен кемістіктері
(аглобулинемия‚ ІgA‚ ІgG‚ 1-антитрипсин
тапшылығы‚ муковисцидоз‚ бронхтар
амилоидозы).
Бронхтардың ұзақ және қатты жөтелмен
жүретін аурулары (көкжөтел‚ созылмалы
бронхит‚ зиянды кәсіптік ықпалдар, бөгде
денемен обтурациясы).
Патогенезі
Бронхоэктаз ауруының дамуында басты роль
атқаратын ықпалдар:
бронхтар қабырғаларының осалдығы (туа немесе
жүре біткен);
бронх ішілік қысымның биіктеуі.
Патогенезі
Бронхішілік қысым жөтел кезінде жоғарылайды,
бронхтардың осал сегменттері керіліп‚ созылады,
осылайша жүре-бара бронхоэктаздар туындайды.
Осы дертке бейім адамдарда‚ бронхоэктаздар балалық
шақтан қалыптаса бастайды
(көкжөтел‚ пневмония‚ гриптік бронхит‚ қызылша‚ т.б).
Бронхтардың кеңіген сегменттерінің тонусы мен
дренаждық функциясы жойылып‚ кілегейдің іркілуіне
септігін тигізеді. Жиналған кілегей іріңдейді және
іркілген жерін қабындырады‚ деструкциялық процесті
туғызады. Осының салдарынан интоксикация болады.
Патоморфологиясы
Бронхоэктаздың ең ауыр түрі – қапшық тәріздісі.
Бұл түрінде ең алдымен проксимальді (орталық)
бронхтар зақымданып‚ функциясы бұзылады.
Кейін дистальді бронхтардың бұзылысы мен
фиброзы дамиды.
lріңді қақырық көбіне бронхтардың төменгі
тармақтарында іркіледі‚ ал жоғарғы
тармақтарынан ол өз салмағымен ағып шығады.
Клиникалық көрінісі.
Ауру 5-25 жас аралығында басталады.
Негізгі белгілері – жөтел‚ ауызды толтыра іріңді
қақырық тастау‚ пневмониямен жиі ауыру.
Жөтел дене қалпын өзгерткенде күшейеді.
Қақырықтың тәуліктік мөлшері өршу кезінде
көбейеді‚ әдетте 30-500 мл шамасында.
Әсіресе таңертеңгі уақытта қақырық мол
бөлінеді‚ қақырық іште іркілгенде иісі сасық
болады.
Клиникалық көрінісі.
Тамырлардың зақымдануынан қақырыққа қан
араласуы‚ кейде өкпеден қан кетуі де ықтимал.
Тұндырылған қақырық үш немесе екі қабатқа
айырылады. Аурудың өршу кезінде кеуденің
ауырсынуы мен интоксикацияның белгілері
болады: әлсіздік‚ бас ауыруы‚ дене қызуының
биіктеуі және қақырық іріңдігінің көбеюі.
Клиникалық көрінісі.
Көбіне дене қызуының тербелісі қақырықтың
іркілуіне байланысты. Қақырық мол түскен соң
дене қызуы да төмендейді. Жүре-бара тері
жамылғысы сұрланады‚ қол ұштарында “сағат
әйнегі”‚ “дабыл таяқшалары” белгілері
болады‚ науқас жүдейді және анемия қосылады.
Кеуденің ауырсынуы плевраның зақымдануын
дәлелдейді. Аурудың өршу кезінде қақырыққа
толы ірі бронхоэктаздардың бетінен тұйық
дыбыс шығуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі.
Аурудың негізгі физикалық белгісіне
зақымданған ошақтарда бәсең дыбысты ұсақ
көпіршікті‚ ылғал сырылдардың үнемі естілуі
жатады. Әдетте‚ жөтелгеннен соң сырылдар
азаяды.
Бронхоэктаз ауруы көбіне жазғы және күзгі
маусымдарда өршиді. Оның өршуіне салқындау‚
грипп‚ өзге респирациялық инфекциялар түрткі
болады. Жүре-бара пневмосклероздық өзгерістер
мен эмфизема туындайды‚ осыған байланысты
алдымен тыныс шамасыздығы‚ кейін созылмалы
өкпетекті жүрек дамиды.
Диагноз
Бронхоэктаз ауруынан үзбей жөтеліп‚ көп
қақырық тастап‚ кейде қан
қақырып‚ пневмониямен жиі ауыратын
адамдарда күдіктену керек.
Бронхография бронхоэктаздардың
орналасуын‚ көлемін‚ түрін‚ санын анықтауға
мүмкіндік береді .
Өршу кезінде қан анализінде нейтрофильдік
лейкоцитоз‚ ЭТЖ-ның жоғарылауы
байқалады‚ кейін темір дефициттік анемияның
белгілері пайда болады.
Емі.
Антибактериялық ем.
Аурудың өршуінде антибактериялық емді бронх іші
секретінің бактериялық себіндісін
жасап‚ қоздырғыштың түрі мен антибиотиктерге
сезімталдығын анықтағаннан кейін жүргізеді.
Бронхоэктаз ауруында ең тиімдісі – дәрмектерді
бронхоскоппен бронх ішіне жіберу.
Ем үшін кең спектрлі антибиотиктерді – жартылай
синтезделген
пенициллиндерді‚ цефалоспориндерді‚ аминогликозидт
ерді‚ тетрациклиндерді‚ хинолондарды қолданған
дұрыс.
Емі.
Антибактериялық ем.
Антибиотиктердің орнына
диоксидинді‚ нитрофуран туындыларын –
фурациллинді‚ фурагинді және табиғи
антисептиктерді (хлорфиллипті)
эндобронхиальді әдіспен қолданады.
Эндобронхиальді әдіспен қатар антибиотиктерді
парентеральді (бұлшықетке‚ вена ішіне) енгізген
тиімді.
Бронх тармақтарын іріңді
қақырықтан тазарту.
Бронх тармақтарын тазарту – емнің маңызды
түрі. Ол үшін антисептиктердің емдік ерітіндісін
(1:1000 фурациллиннің 10 мл‚ 1% диоксидиннің
10 мл немесе муколитиктердің ерітіндісін
(мукосольвин‚ ацетилцистеин 10% - 2 мл) мұрын
катетері немесе бронхоскоп арқылы бронх ішіне
енгізеді.
Бұдан басқа‚ бронх тармақтарын санациялау
үшін позициялық дренажды (күніне 3-4 рет)
‚ кеуде массажын‚ қақырық түсіргіш дәрмектерді,
бронходилататорларды пайдалануға болады.
Хирургиялық ем.
Егер бронхоэктаздар локальді орналасып‚ белгілі
бір сегменттерде немесе бөлшекте шоғырланған
болса‚ резекция жасауға болады. Өкпе
резекциясынан кейін созылмалы бронхиттің
барысы жеңілденуі мүмкін.
Хирургиялық емнің қарсы көрсетпелері:
өкпе эмфиземасы‚ ауыр тыныс
шамасыздығы‚ декомпенсацияланған өкпетекті
жүрегі дамыған созылмалы обструкциялы
бронхит;
бүйрек шамасыздығы бар бүйрек амилоидозы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz