Курстық тақырып бойынша зерттеулер кезеңдері
Презентация қосу
«Интердент» жоғарғы медициналық колледжі
Презентация
Тақырыбы: КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР.
Орындаған: Смайлова Б.Ж.
Тобы: 221топ
Тексерген: .
Алматы 2024 ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ
ТАЛАПТАР
Жоспар:
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты
Курстық жұмыстың өзгешелігі
Курстық тақырып бойынша зерттеулер кезеңдері
Тақырып бойынша жұмыстың орындалу тәртібі
Курстық жұмысты қорғау
Курстық жұмысты орындау және безендіру
Курстық жұмысты орындау
Курстық жұмыс студенттердің өзіндік жұмысының маңызды элементі болып
табылады. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты зерттеу жұмыстарын жүргізу және
дағдыларды дамыту, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау, онымен жұмыс
нәтижесінде қорытындылар мен жалпылама тұжырымдар жасай білу.
Кішігірім оқу мақаласы немесе жобаны сипаттау бола тұра, курстық жұмыс қойылған
мәселені шешуге қатысты теориялық тәсіл берілген ғылыми мәтін болуы қажет.
Курстық жұмыс, студенттің өз бетінше мәселені баяндауын, ең маңызды сұрақтарды
анықтауын, зерттеу элементтерін қолдана білуін, немесе өзінің меншік
экспериментальдық және тәжірибелік мәліметтерін көрсете алуын айқындауы қажет.
Слайдтан
Навигатор
шығу
Курстық жұмыстың өзгешелігі
Курстық жұмыс, студенттің өз бетінше мәселені баяндауын, ең маңызды
сұрақтарды анықтауын, зерттеу элементтерін қолдана білуін, немесе өзінің меншік
экспериментальдық және тәжірибелік мәліметтерін көрсете алуын айқындауы қажет.
Курстық жұмыстың ғылыми баяндамалар мен аудиториялық баяндамалардан
өзгешелігі, оны әрбір студент ғылыми жетекшісімен ақылдаса отырып, белгіленген
уақыт мерзімінде жазбаша түрде орындап, өткізеді. Курстық жұмыстың өзектілігі
тәжірибелік сабақтарда талқыланылып қолданылуы мүмкін.
Студент курстық жұмыстың тақырыбын өз еркінше таңдау рұқсат етіледі.
Курстық жұмыс тақырыптары кафедра отырысында бекітіледі. Курстық жұмыстың
тақырыбын кафедраның арнайы шешімі арқылы ғана өзгертуге болады.
Слайдтан
Навигатор
шығу
Курстық тақырып бойынша зерттеулер кезеңдері
Курстық тақырып бойынша зерттеулер келесі кезеңдерден тұрады:
- курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және жетекшімен пікір алмасу, курстық жұмыс
тақырыбын кафедра отырысында бекіту;
- курстық жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттер іздестіру және олармен жұмыс жасау,
библиографиялық мәліметтерді даярлау, жеке жұмыс жоспарын құрастыру;
- курсық жұмыстық бастапқы нұсқасын дайындау;
- курсық жұмыстық бастапқы нұсқасын жетекшіге тапсыру;
- курстық жұмыс бойынша жетекші көрсеткен қателіктер мен ескертулер бойынша жұмыс
жасап, оларды түзету, жұмысты стандартттарға сәйкес безендіру және қорғау үшін
кафедраға тапсыру.
Слайдтан
Навигатор
шығу
Тақырып бойынша жұмыстың орындалу тәртібі
Курстық жұмыстың тақырыбы тақырыпта көзделіп отырылған мәселенің бастапқы
оқып меңгеру деңгейіне негізделуі қажет. Курстық жұмыстың мәнді және негізді
жазылуы маңызды мәселе болып табылады.
Тақырыпты таңдау кезіндегі күрделі мәселелердің бірі ретінде, тақырыпты таңдау
және оны жазу пәнді оқу процесімен қатар жүруін атап өтуге болады. Осымен
байланысты студент әрдайым жетекшіден кеңес ала отырып, курстық жұмысты
орындау кезінде бағыт – бағдар ала отырғаны дұрыс, кеңес алу студенттің ізденіс
саласын бойынша қажетті нұсқаулар алуына мүмкіндік береді. Жұмыстың мәтіндік
нұсқасын жазу барысында мәтінді жазу логикасын тиянақты ойлап анықтау қажет. Бұл
кезең, жұмыс бойынша негізгі тезистік тұжырымдарды жинақтаумен аяқталады. Бұл
кезде оқылған әдебиеттердегі мәліметтерді көшірудің қажеті жоқтығын білу қажет.
Студент тақырып бойынша өзінің ізденістерінің және зерттеулерінің ең негізгісі мен
маңыздысын өз сөздерімен нақты және түсінікті түрде тұжырымдауы қажет. Барлық
кезеңде студенттің өзіндік көзқарасының басқа авторлардың тұжырымдарына
қатысты салыстырмалық сипаттамаларын келтіруге болады. Тақырыпты ашып
тұжырымдау стилистикалық және логикалық қателіктерсіз сауатты тілмен жазылуы
қажет.
Слайдтан
Навигатор
шығу
Курстық жұмысты қорғау
Курстық жұмысты қорғау. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасы дайын болған
кезде жетекші жұмысты қорытындылап, өзінің алдын-ала бағасын береді. Соңғы баға
курстық жұмысты қорғау нәтижесі бойынша беріледі. Қорғау кезінде студент өзінің
жүргізген зерттеулерінің қорытындысын 5 минуттық баяндама айтып, сұрақтарға
жауап беруі қажет. Жоғарғы бағаға ұсынылатын студент сұрақтарға жауап беру
дағдылары бойынша ерекшелік танытуы қажет. Баға қойылуда ескерілетін мұндай
критерийлер келесі мазмұнда болуы мүмкін:
1) Қарастырылған мәселерді талдау тереңдігі.
2) Қарастырылатын мәселені өз бетінше, шығармашылықпен қарау.
3) Жаңа статистикалық және фактологиялықмәліметтерді қолдану.
4) Автор жұмысты орындау барысында өзіне қойған есептерді шешудің толықтығы.
5) Мәліметтерді сауатты, логикалық тұжырымдау.
6) Безендіру сапасы.
Курстық жұмысты қорғау кезінде автордың қолында жұмыстық бір көшірілімі болуы
қажет, өйткені курстық жұмыстың бірінші нұсқасы бірнеше күн бұрын кафедраға
тапсырылады.
Слайдтан
Навигатор
шығу
Курстық жұмысты орындау және безендіру
Курстық жұмысты орындау екі бөлімнен тұрады: теориялық зерттеулерден және жеке нұсқа
бойынша берілген математикалық теңдікті сұлбатехникалық іске асырудың тәжірибелік бөлімінен.
Курстық жұмыстың безендірілуі келесі талаптарға сай болуы қажет:
- көлемі стандартты А4 (210x297 мм) форматты 35 қолмен жазылған (машинамен жазылған) беттен
аспауы қажет;
- мәтін ешқандай түзетулерсіз анық, сәйкес таңбалардың қойылуымен жазылуы қажет;
- сызбалар, сұлбалар және уақыттық диаграммалар арнайы қолданбалы программалардың
көмегімен немесе арнайы миллиметрлік қағазда қара фломастердің немесе қарындаштың
қолданылуымен сызылуы қажет, әрбір сызбаның, сұлбаның және уақыттық диаграмманың суреттің
астында жазылған аты, номері болуы;
- есептелген немесе қолданылған шамалардың кестелерінің аты және номері болуы қажет, олар
сәйкес кестенің жоғарғы жағыннан жазылуы тиіс.
Компьютерлік терілген мәтінге қойылатын талаптар:
- өрістер: жоғарғы - 2 см, төменгі - 2.5 см, сол жақ- 2 см, оң жақ - 2 см.
- жолдар арасындағы интервал - біржарым.
- шрифті- 14, Times New Roman.
- беттер номерлері төменгі жақтың ортасынан қойылады. Бірінші бет (титульдік бет), екінші
тапсырма беті номерленбейді, бірак жалпы беттер санына қосылады. Беттер номері кіріспеден
бастап қойылады.
- әрбір абзац қызыл жолдан жазылады.
Слайдтан
Навигатор
шығу
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz