Мажоритарлы жүйе


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ

Slide 2

Сайлау жүйесі - сайлауда дауыс беру арқылы билік органдарын жасақтау процесін реттейтін ережелер мен әдістердің жиынтығы

Slide 3

Сайлаудың негізгі үш түрі бар

мажоритарлы

пропорционалды.

аралас

Slide 4

Мажоритарлы жүйе

сайлау кезінде көпшілік дауысқа ие болған үміткер жеңіске жетеді.

Бұл жүйенің өзі екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы

Slide 5

Мажоритарлы жүйе

Абсолюттік мажоритарлы жүйеде үміткер билік органына сайлану үшін 50 пайыздан астам дауысқа ие болуы шарт болса

Салыстырмалы мажоритарлы сайлау жүйесінде үміткерге өз қарсыластарына қарағанда көбірек дауыс жинаса жеткілікті болады

Slide 6

Мажоритарлы жүйе

Сайлаудың бұл түрі көп жағдайда мемлекет басшысын, ел президентін, парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметкерлерін анықтаған кезде пайдаланылады.

Кейбір елдерде мажоритарлы жүйе заң шығарушы органның кіші палатасы, яғни Парламент депутаттарын сайлау кезінде де қолданылады (АҚШ, Франция, Англия) .

Slide 7

Қазақстанда абсолютті мажоритарлы жүйе қызмет етеді.

Slide 8

Пропорционалды жүйе

- саяси партияның жинаған дауыстары мен жеңіп алған мандаттары арасында пропорционалдылық принципіне негізделетін сайлау жүйесі.

Өкілді органға үміткерлерді тек партиялар ғана ұсына алады.

Пропорционалды жүйе тек қана заң шығарушы орган депутаттарын сайлаған кезде ғана қолданылады

Slide 9

Пропорционалды жүйе

«Ашық тізімде» сайлаудың әдісіне байланысты бір немесе бірнеше үміткерге дауыс беріледі немесе партиялық тізімдегі үміткерлердің реттік орны анықталады (Финляндия, Бразилия, Нидерланды) .

«Жабық тізім» кезінде сайлаушылар тек партиялық тізім бойынша дауыс береді (Еуропарламент, Израиль, ОАР, 2007 жылдан кейін Ресей) .

Slide 10

Қазақстан Республикасы Конституциясының 95-бабының, 2-тармағына сәйкес, Парламент Мәжілісі депутаттары партиялық тізім негізінде сайланады, яғни пропорционалды жүйенің ішінде «жабық тізімі» қолданылады.

Slide 11

Аралас сайлау жүйесі

пропорционалды және мажоритарлы сайлау жүйесінің қосындысынан тұратын аралас сайлау жүйесі бар.

аралас сайлау жүйесінде бүкіл мандаттардың тек бір бөлігі партиялық тізіммен, қалған бөлігі жекелеген үміткерлерге дауыс беру арқылы анықталады.

Парламент сайлауы кезінде сайлаушылар жекелеген тұлғаға және партияға екі бөлек дауыс беріп отырды

Slide 12

Қазақстанда аралас сайлау жүйесі алғаш рет 1999 жылы Парламент Мәжілісі сайлауында қолданылды. Сайлаудың нәтижесі бойынша, партия өкілдеріне 77 орыннан 10-ы берілді. Екінші рет сайлаудың бұл жүйесі 2004 жылы қолданылды.

Slide 13

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына сәйкес, дауыс берудің екі түрі бар: төте және жанама. Төте сайлауда азаматтар республика Президентін, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын тікелей сайлайды. Жанама сайлау Парламент Сенаты депутаттарын сайлаған іске асады. Азаматтар бірінші мәслихат депуттарын сайлайды, содан соң олар Сенат депутаттарын сайлайды.

Slide 14

Қазақстандағы сайлау жүйесінің ерекшелігі: аралас және пропорционалды жүйелерді салыстырмалы талдау.

Slide 15

Қазақстандағы сайлау жүйелеріне салыстырмалы талдау.

Сайлау жүйесі

Критерийлер

Аралас

Пропорционалды

(жабық тізім)

Сайлаушылар дауыс береді

Нақты үміткерге және партияға

Партияға

Депутаттар жауапты

Халық алдында

Партия алдында

Жекелеген депутат өзін сайлаған адамдарға тікелей есеп береді

иә

жоқ

Slide 16

Бір депутатты сайлау үшін қажетті дауыстың минималды көрсеткіш

35-40 мың дауыс

642 600 дауыс

Мәжіліс құрамын халық анықтайды

тікелей

Партия арқылы

Сайлаушылармен сайланушылардың арасында байланыс

күшті

әлсіз

Партия депутаттық мандатты тағайында аймақтық пропорцияны ескереді

иә

жоқ

Slide 17

Сайлаудағы саяси технология

Сайлау кезінде үміткерлер, яғни кандидаттар жеңіске жету үшін түрлі амал-тәсілдер жасайды: өзін-өзі жарнамалайды, қарсыластарына қарсы әрекеттер жасайды, қажетті адамдармен уақытша дос болады, сыйлық таратады және т. б. Міне осындай әрекеттерді сайлаудағы саяси технология деп атайды

Slide 18

саяси технология

ақ,

сұр

қара

Лас технология

Slide 19

Лас технология

қарсылас үшін жағымсыз және өзі үшін жағымды имидж жасау мақсатында жасалатын әдістер жиынтығы болса, соның ішіндегі қара технология көп жағдайда заңға қайшы әрекет болып табылады, ал сұр технология заңға тікелей қайшы емес, бірақ жанама түрде қарсыласқа қара күйе жағу жөнінен біріншісінен қалыспайды.

Slide 20

Сайлау жүйесі

Демократиялық қоғам үшін сайлау жүйесі ең маңызды институт болып табылады.

Сонымен қатар, биліктің классикалық үш тармағы арасындағы тепе-теңдікті сақтаудағы, халық билігін қамтамасыз етудегі, билік құрылымдарын халық мүддесіне сай құрудағы сайлаудың орны ерекше

Дегенмен, әр елдің өзіндік сайлау жүйесі бар және соған сәйкес сол елдегі демократиялық құндылықтардың деңгейі анықталады.

Биліктің легитимділігі деңгейі сайлау жүйесінің ашықтығынана, әділдігіне және сайлаудың демократиялылығына байланысты өлшенеді.


Ұқсас жұмыстар
САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ САЙЛАУ
Жапонияның сайлау жүйесі
Қазақстандағы ең бай бес адамның тізімі
Қазақстандағы ең бай адамдар және Болат Өтемұратов
Қазақстандағы кәсіпкерлер
Жүйенің энергия минимумына ұмтылуы
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты  туралы ақпарат
Ақпараттық жүйелер құрылымы
САЯСИ ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ
МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz