Қазіргі заман ұғымы


Презентация қосу
ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ
8-СЫНЫП
Бөлім тақырыбы:
ХХ ғасырдың
басындағы әлем.
Сабақтың тақырыбы:
ХХ ғасырдың басында
әлем бейнесі қандай
болды?
Оқу мақсаты:
ХХ ғасырдың басына қарай әлемнің
аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің
саяси құрылымын сипаттау
Бағалау критерийлері:
-Қазіргі заман туралы түсінікпен және
оның ерекшеліктеріен біледі.
-Қазіргі заманның Батыс пен Шығыс
елдері үшін хронологиялық шеңбері мен
өзіндік айырмашылықтардың себептерін
анықтайды.
Оқу мақсаты:
ХХ ғасырдың басына қарай әлемнің
аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің
саяси құрылымын сипаттау
Бағалау критерийлері:
-Қазіргі заман туралы түсінікпен және
оның ерекшеліктеріен біледі.
-Қазіргі заманның Батыс пен Шығыс
елдері үшін хронологиялық шеңбері мен
өзіндік айырмашылықтардың себептерін
анықтайды.
«Қазіргі заман» ұғымы». Қазіргі заман тарихы екі
кезеңге бөлінеді: бірінші кезең ХХ ғ. басынан бастап
1945 жылға дейінгі уақытты, яғни ХХ ғасырдағы екі
дүниежүзілік соғыстың аралығындағы уақытты
қамтиды. Екінші кезең 1945 жылдан бастап осы уақытқа
дейінгі кезеңді қамтиды. 1918-ден 1939 жылдарға
дейінгі кезеңді, яғни Бірінші және Екінші дүниежүзілік
соғыстар аралығын белгілеуде Интербеллум термині
қолданылады. Капиталистік және социалистік лагерь
мемлекеттері арасындағы алшақтық айқын көрініс
тапты. Осы кезде әскери блоктар қалыптасып, олар
бүгінгі күнге дейін халықаралық қатынастардың
тұрақсыздануына бірден бір себепші болып отыр.
Экономикалық жағынан дамыған елдер мен бұрынғы
тәуелді және отар мемлекеттер арасындағы қарым –
қатынастар шиеленісті, қайшылықта жағдайда болды.
Қазіргі заманғы Еуропа мен Солтүстік Америка елдері. ХХ
ғ. басында Европа мен Солтүстік Америкада әлеуметтік-
экономикалық, саяси және рухани өмір саласында ірі өзгерістер
болып өтті. Әлемдік тарихтың бұл өтпелі кезеңінде
капиталистік буржуазиялық қоғамның қалыптасуы аяқталып,
буржуазиялық революциялар дәуірі тарих қойнауына кетті.
Еуропа тарихында ұлттық қозғалыстар елеулі құбылысқа
айналды. Германия мен Италияда ұлттық мемлекеттердің
құрылуы, Балкан түбегінде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда
болуы Австро-Венгрия, Осман империясы сияқты көпұлтты
мемлекеттердің әрі қарай өмір сүру мәселесі туындады. Ұлы
державалардың отаршылдық басқыншылығы Шығыс елдерін
әскери, саяси және экономикалық тәуелділікке түсіру жолымен
іске асырылды. Батыс өркениетінің жат құндылықтарын басқа
елдерге күшпен таңу дәстүрлі қоғамның қарсылығын тудырды.
Қазіргі замандағы Шығыс елдері. ХХ ғ. басында
«Шығыс» деген түсінік әдетте азиялық немесе еуропалық
емес өркениетке қатысты айтылатын. Осы кезеңге қарай
Шығыс елдері мен еуропа елдерінің даму деңгейі
арасындағы алшақтық тереңдей түсті. Еуропа мен
Солтүстік Америкада өнеркәсіптік төңкеріс заманы болып
өтті. Ал Шығыс өз дамуында тоқтап қалғандай күй кешті
де еуропалық басқыншылықтың назарына ілікті. ХХ
ғ.басына қарай феодалдық құрылымдар мен жүйелілікті
сақтаған шығыс елдері дүниежүзілік капиталистік
шаруашылық жүйесіне еріксіз тартылды.Осылайша, ХХ
ғ.басында дамыған капиталистік елдерде қоғамның
құрылымы мен өндірісте, ұлттық құндылықтарда сапалы
өзгерістер жүріп, индустриалдық өркениет қалыптасты.
1-тапсырма. Қазіргі заман кезеңіне тән
құбылыстарды атаңдар;
Дескриптор: Білім алушы
- Қазіргі қзаман кезеңіне тән бір құбылысты
атайды;
- Қазыргі заман кезеңіне тән екінші
құбылысты атайды;
- Қазіргі заман кезеңіне тән үшінші
құбылысты атайды.
2-тапсырма: Оқулыққа қарап отырып, бос орындарға сөз тіркестерін қойып
сөйлемді толықтыр.
...... –екі соғыс аралығындағы кезең (1918-1939 жж).
Бұл кезеңде.........терең дағдарысқа ұшырап, тоталитарлық,
авторитарлық,әскери, монархиялық, бюрократиялық диктатура мен белгілі
бір үстем топтардың бас көтерген жылдары болды.
Олар ......., ......., ...... елдерінің либералдық саяси жүйесінің құлдырауы
жағдайында күшейген еді.
Осы заманда әскери ..... қалыптасты, бүгінгі күнде де әскери ....... бар және
олар халықаралық қатынастардың тұрақсыздануына бірден-бір себепші
болып отыр деуге болады.
Германия мен Италияда ұлттық мемлекеттердің құрылуы, ..... түбегіндегі
жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы Австро-Венгрия, Осман империясы
сияқты көпұлтты мемлекеттердің әрі қарай өмір сүру мәселесін туындатты.
Дескриптор: Білім алушы
Бос орынға керекті термин сөзді қояды. (ИНТЕРБЕЛЛУМ)
Бос орынға керекті керек сөзді қояды.(ДЕМОКРАТИЯ)
Бос орынға елдердің аттарын жазады. (ФРАНЦИЯ, АҚШ, ҰЛЫБРИТАНИЯ.)
Бос орынға керекті сөздерді қояды. (БЛОКТАР)
Бос орынға жер атауын қояды. (БАЛҚАН)
3-тапсырма
ХХ ғасырдың басындағы
Еуропа елдерінің дамуына
SWOT-талдауын жасау;
S – күшті жақтары
W – әлсіз жақтары
O - мүмкіндіктері
T – зардабы (қауіп – қатерлер)
(жазбаша жұмыс)
Сабағымызды қорытындылайық.
«Тұжырымды пікір» пән бойынша
түсінгеніңді ортаға сал.
Үйге тапсырма: «Қазіргі заман» ұғымы және
оның ерекшеліктері тақырыбын оқып, мәтін
соңындағы сұрақтарға жауап бер.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz