ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ



Психология пәні

Мазмұны:
Психологияның даму кезеңдері.
Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.
Психология салалары.
Психологиялық құбылыстар, зерттеу әдістері.
Психологияның қызметі мен міндеттері.

Кіріспе.
Пән атының өзі де грек тілінен аударғанда психология - жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым") дегенді аңғартады. Кең тараған түсініктерге жүгінсек, алғашқы психологиялық көзқарастар діни ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында да ғылым тарихы көрсеткеніндей, ежелгі грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негізінде бастау білімдерін жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пікір бағыттарыньң жалпы дүние, соның ішінде жан жөніндегі діни-мифологиялық көзқарастарға қарсы күресінде дамуын тапты. Осыдан, жан жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияньң пәндік аймағьның кемелденуінде бірінші кезең болды да психология әуел бастан "жан" туралы ғылым деп танылды.

Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданылатынын жете түсінуге болады. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным білімдерінің даму деңгейімен сараптау схемасынан шығады. Психология үшін қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие.
Тарих, экономика, этнография, әлуметтану, өнертану, заң және тағы да басқа да зерттеулеріндегі проблеммалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Психологиялық факторлар өздігінен әлуметтік процестерді бағыттай алмайды, керісінше, олардың өзін осы қоғамдық процестерді талдау арқылы түсіну мүмкін.

Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С. Л. Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т. б. жатады . . . ". Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды.

Психология
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Психологияның зерттеу объектісі
Психологияның зерттеу объекті - осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті - мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т. б.

Этимологиясы
Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή - рух) зерттеу (көне грекше: -λογία - сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Алайда психология - ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой - тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.

Психология мәселелері
Психология оны оқыған адамдардың алған жағына қарай бірнеше мәселелермен кесіп өтілген. Көптеген нәтижелер жинақталған болып, кейбір гипотезаларды растау немесе қабылдамай тастау мүмкін болса да, қорытындылардың синтетикалық және рационалдық комбинациясы ортақ пәтуаға келмеген.

Психология ғылым ба?
Әлі күнге дейін де бұл сұрақ қойылып отыр. Екі концепциялар бір біріне қарама қайшы, біріншісі психология ғылым ретінде қалыптасқан десе, екіншісі оны тек пре ғылым деп, талқыға салады.
Аристотельдік (преғылыми) және галилейлік (преғылыми) ойлау түрлерін салғастырған Курт Левиннің текстіне сүйеніп, бұл мәселені қарастыра аламыз.

Психология ғылым
Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға сүйенген адамдарға психологиялық ғылым расында бар нәрсе екендігін тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді:
Гипотезаларды ұсыну
Тәжірибе немесе бақылау
Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау
Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту
Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады.

Психология ғылым ретінде
«Психология» термині грек сөзінен аударғанда екі сөздің мағынасын білдіреді: psyche - жан, психика және logos - мән-мағына, ақыл-ой, таным, зерттеу (ғылымдардың дәстүрлі атауы сияқты бірінші бөлігі - ғылым нысанын, ал екінші бөлігі - оған жету жолын білдіреді) .
Сонымен, тура мағынада психология - бұл психика туралы білім, оны зерттейтін ғылым.

Ю. Б. Гиппенрейтер бойынша, «Психология қазіргі танда адамға белгілі ең күрделі құбылыс туралы ғылым. Өйткені психика - бұл жоғары ұйымдасқан материяға тән қасиет. Егер де адам психикасы туралы айтсақ, онда «жоғары ұйымдасқан» деген сөзге «ең жоғарғы» деген сөзді қосу керек: себебі адамның бас миы - бұл бізге белгілі ең жоғары ұйымдасқан материя».

Психологияның дамуындағы негізгі сатылар
1) психология жан туралы ғылым ретінде;
2) психология сана туралы ғылым ретінде;
3) психология мінез-құлық туралы ғылым ретінде;
4) психология психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым ретінде.

«Психология» терминін 1590 жылы неміс схоласттары Р. Гоклениус пен О. Кассман енгізген.
1732 г. X. Вольфтың «Рациональная психология» атты кытабы шыққанда түбегейлі ғылымда орнықты.

Психологияның пәні
Ғылыми психологияның бүкіл тарихи даму жолы - зерттеу пәнінің кеңейюі болып табылады:
- ең алдымен адам туралы және оның қоршаған дүниедегі қатынастары туралы тұрмыстық білім жинақталды;
- сосын, философиялық және діни көзқарас кезінде психологияның зерттеу пәні жан, оның қасиеттері, оның мәні болып келді;
- Декарттан кейін, екі ғасыр бойы психология сана туралы ғылым болып келді;
- бейсаналықты зерттеу - психиканың ең терең аймақтарын психологияның зерттеу пәніне айналдырды;
- мінез-құлықты зерттеу - ағза рекацияларының жиынтығын психологияның зерттеу пәніне айналдырды.

Психологияның зерттеу пәнін қалай анықтауға болады?
Психология - психика туралы ғылым болып қалады. Ал психика көптеген субьективті құбылыстардан тұрады:
Психикалық үрдістер
Психикалық күйлер
Психикалық қасиеттер
Психикалық құрылулар

Психологияның міндеттері және ғылым жүйесінде алатын орны
Психикалық құбылыстардың мәнін және заңдылықтарын түсінуді үйрену;
Оларды басқаруды үйрену;
Алынған білімдерді практикадатиімді қолдану;
Психологиялық қызметтің теоретикалық негізі болу.


Психологияның міндеттері
Психологияның күрделi мiндеттердiң бiрi - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу. Ғылымдық қатал талап объективтк заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекетт iк аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зертеулерiнiң объектiсi психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.

Еңбек психологиясы
Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .
Педагогикалық психология
Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз.

Медициналық психология
Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология[2], психофармакология[3], психотерапия[4], психопрофилактика[5], психогигиена[6] дейтін салаларға бөлінеді.
Жас ерекшелік психологиясы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz