Ферментативті катализ




Презентация қосу
«Химиялық пәндер , биология және биохимия» кафедрасы

Презентация
Тақырыбы: Ферментативті катализ. Ферменттердің әсер ету ерекшеліктері

Орындаған:Өмірбек Аяулым
Тобы:ВМ-М-02-24(А)
Қабылдаған:Алиханова Х.Б.
Жоспары:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім :
1. Ферменттердің қасиеттері
2. Ферменттік катализ
3. Ферменттердің классификациясы
4. Ферменттерді қолдану
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиттер:
Ферменттер (лат. fermentum - «ашу») немесе энзимдер (гр. ζύμη - «ішінде», гр.
ἔνζυμον «ашытқы») — барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы
ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді.[1]
Ферменттер - жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға
қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Ферментті
19 ғ. Ван Гельмонт ұсынған, алғашқыда ашыту үдерістерінде анықталған зат.
Энзимология, ферментология – ферменттерді зерттейтін ғылым саласы. Ол
басқа ғылымдармен: биология, генетика, фармакология, химиямен тығыз
байланысты.
Ферменттердің қасиеттері

Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің
әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық
кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент
молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын
өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып,
фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция
өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді:

S + E → S·E → EP → E + P
Ферменттік катализ
Ферменттік катализ, биокатализ - фермент немесе
энзим деп аталатын катализатордың қатысуымен
организмде химиялық реакциялардың
жылдамдығының артуы. Ферменттердің ерекшелігі өте
талғамды және белсенділігін жоғары болып
келуінде. Мысалы, каталаза ферменті белоктың
ыдырауын тезтетеді, бірақ тотығу процестеріне әсер
етпейді. Ферменттік катализдің ерекшелігі - фермент
әсерінен организм қажеттілігіне қарай өз белсенділігін
арттыра немесе кеміте алатындығана Ферменттік
катализдің тиімділігі - энергиясы мол аралық
реакциялардың болуында. Ферменттік катализ
ферменттің полипептид тізбегіндегі және бөліктерінің
арасы хим. осал байланыстармен жалғасып, орта
жағдайы өзгергенде оның глобулырлық құрылымының
жеіңл өзгеретіндігін негізделген.
Ферменттердің классификациясы
Жіктелуі Қызметі Мысалы

Оксидоредуктазалар электрондардың тасымалын каталаза ферменті
катализдейді, тотығу-тотықсыздану
реакциялары
Трансфераза функционалды топтардың және фосфотрансфераза, аминотрансфераза
молекулалық қалдықтардың бір
қосылыстан екінші қосылысқа
тасымалдайды.
Гидролаза гидролитикалық ыдырау реакция пепсин, мальтаза
жылдамдығын көбейтеді
Лиазалар молекулалар арасындағы химиялық Декарбоксилазалар
байланыстарды гидролиз реакциясыз
катализдейді,бір өнімнің ішінде қос
байланысты түзеді
Изомеразалар бір субстрат молекуласының Мутазалар
құрылымдық немесе кеңістіктік
өзгерістерді катализдейді, изомерлі
формалар түзіледі
Лигазалар синтез раекцияларын жылдамдатады, синтетазалар
энергияңа бай байланыстарды
ыдыратады
Ферменттерді қолдану

Ферменттер әртүрлі салаларда кеңінен қолданылады, соның ішінде:
•Медицина: Диагностикада, емдеуде және протездерде қолданылады.
•Тамақ өнеркәсібі: Тәттілендіргіштер, хош иістер, және консервілеу
үшін ферменттер пайдаланылады.
•Жеңіл өнеркәсіп: Мата өндірісінде, өңдеуде және тазалауда
қолданады.
•Экология: Ластанған ортаны тазартуда ферменттер қолданылуда
(мысалы, мұнай өнімдерін ыдырату үшін).
Қорытынды
Ферменттердің әсер ету ерекшелігі мен катализдік механизмдері оларды метаболизм
процестерінде орталық рөл атқаратын құралдарға айналдырады. Әртүрлі реакцияларда
жоғары спецификалықтығымен және жылдамдығымен ерекшеленетін ферменттер
көптеген биохимиялық процестерді басқару мен реттеуде маңызды рөл атқарады.
Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы олардың әртүрлі функцияларын жүйелеп
түсінуге және сипаттауға мүмкіндік береді. Олар медицинадан бастап, тамақ өнеркәсібі
мен экологияға дейінгі көптеген салаларда қолданылып, технологиялық және
экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Қорытындылай келе, ферменттердің
қасиеттері мен қызметін терең түсіну олардың биохимиялық реакцияларда және
күнделікті өміріміздегі әртүрлі қолдану салаларындағы рөлін толық бағалауға мүмкіндік
береді. Ферменттер біздің денсаулығымызды сақтауда, өнеркәсіптік процестерді
жақсартуда және экологиялық мәселелерді шешуде маңызды құралдар болып табылады.
Пайдаланылған әдебиттер

1. Қ. Н. Дауренбеков, Қ. М. Серимбетова, А. Ш. Өмірқұлов
Химия : оқу құралы /. - Шымкент : Әлем баспаханасы, 2019. - 272
бет.
2. Химия : оқу құралы / Қ. Н. Дәуренбеков, Қ. М. Серимбетова, А.
Ш. Өмірқұлов . - Алматы : ЭСПИ, 2023. - 304 бет.
3. https://kk.wikipedia.org/wiki

Ұқсас жұмыстар
Жүйе күйі
Гетерогенді катализ
Катализдің түрлері және маңызы
Ферментті катализ
Ферменттердің әсер ету механизмдері
Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі
Ферменттер. Коферменттер
Негізгі ұғымдар өмірдің пайда болуы
Өмірдің өздігіндегі тұжырымдамасы
Химиялық реакциялардың кинетикасы
Пәндер