Қызыл кітапқа енген, айрықша қорғауды қажет ететін қызғалдақ - Оңтүстік Қазақстан облысының символы


Презентация қосу
Қызыл кітапқа енген
Қазақстандағы
гүлдер
Ауелбек Інжу Мен-101
• Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа
енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде
өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.
• Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе
туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы
комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.
• Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін
білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі
1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда,
құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.
• Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше
жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір
данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысы).
«Қызыл кітапқа» енген, айрықша
қорғауды қажет ететін қызғалдақ –
Оңтүстік Қазақстан облысының
символы. Алқызыл қызғалдақтың
ең әдемілері Түлкібас ауданындағы
Ақсу-Жабағылыда және
Шұбайқызылда көптеп өседі. Апта
басында көктемгі тамаша көріністі
қызықтау үшін өңірге еліміздің
түкпір-түкпірінен қонақтар ағылды.
«Қызғалдақтар фестиваліне»
жиналған қауым бұдан кейін жыл
сайын дәл осы мезгілде Түлкібаста
бас қосуға уағдаласты.
Бәйшешек, Запырангүл (лат. Crocus) – құртқашаштар тұқымдасына
жататын көп жылдық тамыр түйнекті өсімдіктер. Еуразияда, Жерорта
теңізінің жағалауларында өсетін 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда
Іле, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында, Ұзынқара (Кетпен)
жотасында, Қаратауда өседі. Запырангүлдің Алатау бәйшешегі (C.
alatavіcus) және Корольков бәйшешегі (C. korolkovіі) деген түрлері бар.
Биіктігі 10 – 30 см-дей. Тамыр түйнектері ұзынша немесе шар тәрізді
домалақ болады. Шоғырланып біткен таспа жапырақтарының саны 6 – 9,
ұзындығы 10 – 12 см. Сары немесе көкшіл түсті дара гүлінің гүл
қоршауы қарапайым күлте жапырақшалардан тұрады. Гүл қоршауының
ортасынан ұзындығы 10 см-дей түтік шығады да, гүлі сол түтіктің
ұшында жетіледі. Аталығы үшеу, аталық жіптері қысқа болады.
Аналығы біреу, ол 3 жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі – үш ұялы, көп
тұқымды қауашақ. Наурыз – мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері түнге
қарай және бұлтты күндері жабылып қалады. Оларды аралар немесе
көбелектер тозаңдандырады. Запырангүлдер негізінен сәндік өсімдіктер
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz