БЕЛГІЛЕРІ БАР МӨРЛЕР


Slide 1

ГЕРАЛЬДИКА ЖӘНЕ СФРАГИСТИКА

Slide 2

Жоспар

1. ГЕРАЛЬДИКА ҚОСАЛҚЫ ТАРИХИ ПӘН РЕТІНДЕ

2. ГЕРБТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ШЫҒУ ТЕГІ

3. ТЕОРИЯЛЫҚ ГЕРАЛЬДИКА ҰҒЫМЫ

4. СССР ЕЛТАҢБАСЫ

5. РЕСЕЙДЕ ГЕРАЛЬДИКАНЫҢ ДАМУЫ

6. РЕСЕЙДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГЕРБІ

7. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГЕРБІ

8. СФРАГИСТИКА ҚОСАЛҚЫ ТАРИХИ ПӘН РЕТІНДЕ

9. МӨР - ТАРИХ ТАҢБАСЫ

10. ЕЖЕЛГІ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ МӨРЛЕР

11. ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МӨРЛЕР

12. ҚАЗАҚТАРДАҒЫ МӨРЛЕРДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

13. ҚОРЫТЫНДЫ

14. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Slide 3

Геральдика (heraldіca) - гербтерді зерттейтін тарих ғылымының бір саласы. Генеология, нумизматика, палеография, cфрагистика сияқты тарихи пәндермен тығыз байланысты. «Геральдика» термині латынның «heraldus» яғни жаршы деген сөзінен шыққан. Ортағасырлық Еуропа корольдерінің сарайында гербтердің кімге тиесілі екенін анықтайтын, тіркейтін, жүйелейтін және жаңа гербтерді жасайтын арнайы адамдар - герольдтар болған.

Кейіннен олар «Герольдия» атты мекемелерге біріктіріледі. Олар Геральдиканыңның белгілері мен бояу түстері ұғымдарының ерекше жүйесін жасады. Геральдика 19 ғасырдыдың 2-жартысынан тарихи пән ретінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының гербі, туы, т. б. мемлекеттік рәміздері, еліміз қалаларының гербтері Геральдиканың озық үлгілерінің бірі болып табылады.

ГЕРАЛЬДИКА ҚОСАЛҚЫ ТАРИХИ ПӘН РЕТІНДЕ

Slide 4

Геральдика қосалқы тарихи пәннің шығуы латын сөзі “Геральдус” глаштай деген мағынадан басталды. Геральдикалық зерттеулің негізгі мәні жекелеген тұлға, фамилия әулет, мемлекет мекеме және тағы басқа символдық белгісі-гербтің анықтау болып табылады. Грербтің басқа символдық белгілерден айырмашылығы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалуында. Түрлі символдық белгілер немесе эмблемалар ежелден-ақ пайдаланған. Мұндай айыру белгісі ХІ-ХІІғ. Гербтерге айналды.

Геральдиканың қосалқы тарихи пән ретіндегі негізгі міндеті гербтерді атрибуциялау.

Геральдика сфрагистика және гениалогиямен тығыз байланысты дамиды.

1722 жылы Петр бірінші геральмеистрлік контор ашып, оған қалалық және жеке гербтерді жасау тапсырды.

1726 жылы ғылыми академиясы жанынан геральдика кафедрасы ашылды.

Петр бірінші

Slide 5

Геральдикалық фигураның алты түрі белгілі;

Қалған басы 2/7ұзындығы

жоғарыдан төмен қарай

басқа түспен боялды.

Біріккен жері немесе табан асты

2/7 қалқанның

ұзындығы төменнен жоғары

қарай басқа түспен берілді.

Бағана -1/3 қалқанның көк дененің ортасында басқа түспен берілді.

Белдеу 1/3- қалқаннң ұзындығы ортасында басқа түспен берілді.

Аспа бау - 1/3 қалқандар оң жақта немесе сол жақта басқа түспен айқындалады.

Тіреуіш - қалқанның жоғары жағанда жетпейтін 2 аспа бау.

Гербті бейнелеген фигуралар

Геральдикалық

геральдикалық емес

Slide 6

Біріншісі

Екіншісі

Орта ғасырдағы рыцардың жүзін жаулап тұратын, әскери сауаттын шығуымен байланысты болды. Орта ғасырлық батыс Еуропада өтетін рыцарлық әскери турнирлер герптерді сипаттайтын арнайы мамандар геральдтардың шығуына себепші болды. Осылайша рыцарлардың айырма белгісі мұраға қалып отырған.

ХІҮ ғасырдың Батыс Европа елдерінде Геральдия деп аталған теориялық және практикалық геральдика мәселелерімен айналысатын арнайы мекемелері ашылды. Сонымен қатар гербті құрастырушылардың қатаң тәртіпте де жұмыс істеді.

Геральдиялық қызметтің нәтижесі түрлі гербтік анықтамалар жасау болды. Бірте-бірте мұндай жұмыспен мамлекеттік ұйымдар айналысты. Ресейде геральдика ХҮІІІ ғасырда пайда болды

Гербтердің шығуының негізгі себептері

Slide 7

Теориялық геральдика - гербі құрастыру үшін қажетті әдіс-тәсілдер жиынтығы. Өйткені, оны меңгермейінше анытама жасау мүмкін емес.

Тәртіптерге сүйене отырып жасалатын гербтің құрамы мынандай;

қалқан, шілем, карона, шеңбер, қалған ұстағыш, ұран, мантия тағы басқа. Бұл бөліктердің біреуі негізгі, қалғандары қосымша болып келеді.

Гербтің басты бөлігі - ЩИТ

(Гербтің негізгі бөлігі болып қалқан табылды. ) геральдикалық Қалқанның (ЩИТТІҢ) бірнеше түрі белгілі.

Франсуздық-төртбұрышты;

Испандық-төменгі жағы домалақ;

Вариактық-үшбұрышты жан-жағы толқымалы болып келген.

Италияндық-домалақ; Германдық-кескінді тәріздес; орыс геральдикасында франсуздық үлгі кең таралған.

Щит Ахилла

Щит Гералка

Slide 8

СССР елтаңбасы. Мөрде негізінен, әр мемлекеттің елтаңбасы, аты бедермеді. Мысалы: Ресейдің мөрінде жыланды өлтіріп жатқан атты адам бейнелеген. Мөрлерде бейнелеген елтаңбалардың өзіндік шығу, қалыптасу тарихи бар. Көптеген елдердегі елтаңбаның ерекше бемісі қалғам болған. Олар әр елде әр түрлі бір-біріне ұқсамайтындай етіп бейнелеп, әртүрлі бояумен боялады. Оларда салынған суреттер де әр түрлі. Негізінен үш топқа бөлінеді:

Табиғи бейнелер.

Қолдан жасалған бейнелер: ( садақ, семсер, жебе т. б. )

Аңыздардағы бейнелер: (аждара, екі басты бүркіт және т. б. )

Кейбір елдерде тәж, тдулығады да бейнеленеді. Әрбір мемлекетітің аты өз елтаңбасында жазылады.

Slide 9

Ресейде гербтер мен эмблемалар туралы отандық герб жасау ісі дамығанға дейін белгілі болды. Ресейде гербтер қашан пайда болды деген сұраққа екі жақты мәселе қаралады.

Ғалымдардың бірінші тобы 12 ғ. пайда болды деп жорамалдайды, яғни Батыста пайда болуымен байланыстарды.

Ғалымдардың екінші тобы гербтер - қабылданған элементтен тұратын және жоғары билікпен бекітілген символикалық бейне деп есептейді.

Бұл екінші шешім шындыққа жақындайды.

РЕСЕЙДЕ ГЕРАЛЬДИКАНЫҢ ДАМУЫ

Slide 10

Ресейдің мемлекеттік гербі

Ресей елтаңбасы - Ресей Федерациясының ресми мемлекеттік рәмізі болып табылады. Қазіргі заманғы елтаңбасы 1993 жылғы 30 қарашадағы Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен бекітілді.

Ресей Федерациясының мемлекеттік елтаңбасы төрт бұрышты, төменгі бұрыштары бар, қызыл геральдикалық қалқанның ұшында, қанатты көтеретін алтын бүркітпен көрсетілген. Бүркіт екі кішкене тәжбен, ал олардың үстінде таспамен байланыстырылған бір үлкен тәжбен. Бүркіттің оң бетінен - ​​сол жақта - билеушісі. Бүркіттің кеудесінде, қызыл қалқаны, күміс аттың үстіндегі көк жадағайдағы күміс шабандоз, күмістің қара найзасы бар, айдаһардың астына түсіп тастайды

Государственный герб Российской Федерации

Slide 11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГЕРБІ

Ту - мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы - алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды. .

Қыран (бүркіт) бейнесі - көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер - оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері - дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы - белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Slide 12

Мұрағатшылар күн сайын тарихи

құжаттарды зерделейді. Құжаттарға басылған әртүрлі мөрлерді көреді. Оқиғасына қарай құжаттарға қойылатын мөрлердің таңбасы да әртүрлі болады. Кейбір құжаттар мен мөрлер айналасында көп ойланып, көп толғанатыныңыз да анық. Халықтың тарихын, адамның тағдырын бажайлайсыз. Тіпті қызықтап, құжаттың маңыздылығына жете мән беретініңіз де сөзсіз. Бұл мөрлердің көшірмелерін жинақтауға, ой қорытуға жетелейді.

Мөр - тарих таңбасы

СФРАГИСТИКА - мөрлерді зерттейтін ғылым

Slide 13

Мөр - тарих. Мөрлерді қарай отырып, сол кезеңнің тарихын ой елегінен өткізуге болды. Совет билігі орнаған алғашқы жылдары Әулиеата уезінің билік орындарының, оның ішінде халықты аштықтан құтқарып қалу үшін жан аямай күрескен, қазақтың біртуар азаматы Тұрар Рысқұловтың шешімдерін растайтын мөрлерді де қызықтайсыз. Сол мөрлерді қызықтай отырып, сол кезеңнің азаматтарының ерен еңбектерін де еске аласыз. Мөрлердің арасынан адам жаны түршігерлік қасіреттерді түйіндеп, растаған таңбаларды да көресіз. Қазақ байларын тәркілеген және саяси қуғын-сүргін кезеңдеріндегі үштіктің мөрлерінен қан тамып тұрғандай. Осылайша еліміз бен халқымыз басынан өткізген тарихи оқиғаларды айғақтайтын мөрлердің сан түрі бар екенін тізе беруге болады. Совет билігі кезінде «Қазақ ССР-і» деп аталатын мемлекет болғанымен, оның рәміздері мөрде көрініс таба бермейтін. Мәселен, сол кездегі Қазақстан азаматтарына берілген паспорттың бәрінде «СССР» деген мемлекеттік рәміз таң­баланған.

Slide 14

1. ӨРНЕКСІЗ МӨРЛЕР, БІР ТАҢБАЛЫ, АРХЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАҢБАЛАРЫ БАР МӨРЛЕР

Граф Гогенлоэ - Вальденбург пен Гротефендтің еңбектеріндегі мөрлердің сыныпталуы

2. ӨРНЕКТЕРІ БАР МӨРЛЕР, КЕСКІНДЕМЕЛІК БЕЛГІСІ БАР НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР ҰҒЫМНЫҢ Я БІР ИДЕЯНЫҢ ШАРТЫ ЖӘНЕ НЫШАНДЫҚ БЕЛГІЛЕРІ БАР МӨРЛЕР

3. ПОРТРЕТТІК БЕЙНЕСІ БАР МӨРЛЕР

4. ЕЛТАҢБАЛЫҚ БЕЛГІСІ БАР МӨРЛЕР

Slide 15

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МӨРЛЕР

Slide 16

ҚАЗАҚТАРДАҒЫ МӨРЛЕРДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
ТАҢБА ТҮРЛЕРІ
Ветеринариялық анықтамалар
Қоныстанған жерлері
Мәдениет семиотикасының сипаты
ТАЙПАЛАРДЫҢ НАНЫМ - СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ
Эндокринді шикізат
Есептік құжаттар құралы
Абайлаңдар балалар
Тауарлар туралы ақпарат
Теңсіздіктерді шешу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz