Басқарудың классикалық және әкімшілік басқару мектептері



Басқару психологиясының пәні, басқару эволюциясы
Орындағандар: Жұмат Н.
Тобы: МЕП-24-2нк

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ежелгі тәжірибе жаңа ғылым
Басқару жүйесінің жалпы тұжырымдамалары
Басқарудың классикалық және әкімшілік басқару мектептері
Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптік тәсілі
Ғылыми басқару мектебі
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер

1. Ежелгі тәжірибе жаңа ғылым Басқару өте ежелгі тәжірибе болып саналады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп, өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келді. Дегенмен, басқару-қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым мен зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. Өйткені, көптеген басқару қызметін орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тартып алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болды.

2. Басқару жүйесінің жалпы тұжырымдамалары Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы - ғылыми басқару мектебінің өкілдері Ф. Тейлор және Х. Гильберт, Г. Гант, Г. Эмерсон және Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады. Ф. Тэйлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру салаларын да дамытты. Ф. Тэйлордың ғылыми басқару жүйесіндегі қағидалары мынадай: -қызметкерді ғылыми түрде сұрыптау; -еңбекке мамандандыру ; -еңбек ақыда ынталандыру жүйесін қолдану; -жауапкершіліктің әділетті арттырылуы.

Л. Гилберттің микрохронометр ойлап табу арқылы, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әр бір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеген.
Г. Эмерсон "өнімділіктің 12 қағидасы" деп аталатын кәсіпорынды басқаруды төмендегідей белгіледі:
- әр бір басшы мен қызметкер ұмытылатын дәл тұжырымдалған мақсат;
- болашақ мақсатты ескере отырып, әр бір жаңа процесті талдауға шынайы көңіл бөлу;
- нақты белгіленген тәртіп пен ережеге бағыну;
- қызметкерлерге әділ көңіл бөлу;
- дер кезінде, әрі сенімді есеп беру;
- ұйым қызметін мұқият және жедел басқару;
- көрсеткіштер мен жұмыс кестелері; .

- уақыт, күш - қуат пен шығындарды үйлесімді ұштастыра білу;
- операциялар көрсеткішін жасау;
- ереже мен жазбаша нұсқауларды қолдану;
- еңбек өнімділігін арттыру үшін сыйақы төлеу;
Г. Эмерсон алғашқы болып өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудағы күрделі міндеттерді шешуде әрекеттер қажеттілігін және рационализациялау ұғыммен енгізілді.
Г. Форд өндірісті ұйымдастырудағы "Тэйлор жүйесін" жетілдіре отырып, төмендегідей атап өтті;
- өндіріс процесі мен сатыларын байланыстыра отырып, дәл есептеу мени жоспарлау;
- қажетті жұмыс пен басқа ресустарды әзірлеу;
- стандартты технологиялар мен механизмдерді қолдау;
- өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі қарастыру.
Аталған ғалым практиктер және басқада еңбектері нәтижесінде басқарудағы ғылыми қағидалар тұжырымдамасы осылайша қалыптасып дамыды

3. Басқарудың классикалық және әкімшілік басқару мектептері
Классикалық мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша басқару - белгілі мақсатқа жетуде орын алатын қатаң әкімшілік қағида, әдістердің жиынтығы. Мәселен, осы бағыттағы көрнекті өкілі Файолдің пікірінше, әкімшілік ету жан - жақты ауқымын белгілейтін басқарудың бір бөлігі, және де техникалық, коммерциялық, қорғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік салаларын қамтиды. Осы қызметтер арасында әкімшілік әрекет ең маңызды есептелініп, оның элементтері: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру және бақылау анықталған. . М. Вебер ұйымдастырудың аталған түрлерін зерттей келіп, үшінші кезеңге үлкен көңіл бөле отырып, "бюрократиялық жүйе қағидаларын" жасап шығарды. Оларға:
- нақтылы еңбек бөлінісі;
- басқару деңгейлерінің жіктелуі;
- міндеттер бірыңғайлығымен үйлестіріле қажетті ресми ережелер мен стандарттар жүйесін жасау;
- әлеуметтік аралық пен әділеттілік;
- жұмысқа қабылдауда қатаң орын алуы жатқызылады.

4. Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптік тәсілі
ХХ ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіл бөлуіне жауап ретінде жаңа бағыт адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшіліктерді шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамдық қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. Адамдық қатынастар мектебінің көрнекті өкілдеріне М. Фоллет, Э. Майо, Д. Макгрегор т. б жатқызылады.
Бұл бағыттың негізгі қағидасы ұйымдағы биресми топтардың ролін анықтау, басқару тәжірибесіндегі психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қолданудың жолдарын қарастыру болып табылады. М. Фоллет басқаруды "өзгелерді пайдаланып нәтижеге жету" деп анықтаған болса, ал Э. Майо еңбек тиімділігіндегі психологиялық жағдай маңызын атай келе, "бақытты жұмысшы дегеніміз - тиімді жұмысшы" деп тұжырымдады. Яғни, осы мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша, басшылық қызметкерлерге көбірек көңіл бөліп, қамқорлық жасаса, онда жұмысшылардың қанағаттану сезімдері де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.
Тәртіптілік тәсіл, жалпы алғанда, ұйымдастыру тиімділігін арттыруды жеке адамдардың мүмкіндігіне ықпал ету, тиісті қатынастарды қалыптастыру мақсаттарын көздеді. Бастапқы өкілдер ретінде В. Герцберг, Г. Арджерис, Р. Лайкерт табылып, олар өз зерттеулерінде мінез-құлық туралы ғылымдарын қолдануға әлеуметтік әрекеттестікті, басшылық пен билік, ынталандыру жүйелерін сипаттау бағыттарына баса назар аударды.

5. Ғылыми басқару мектебі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz