Қызметтік қатынастар психологиясы


Slide 1

Тақырыбы:Жеке тұлғалар арасындағы қатынастар және қызметтік қатынастар мен байланыс.

Slide 2

Жоспары:

1. Тұлғағаралық қарым-қатынас

2. Қызметтік қатынастар психологиясы

3. Қызметтегі конфликтілер

Slide 3

Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының зандылықтарын зерттейтін психология ғылымының қолданбалы саласы. Қарым-қатынас процесі - тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Ежелгі Греция мен Римде қарым - қатынас мәселесі шешендік өнер, эвристика және диалектика саласында зерттелді.

Қарым - қатынастың тұлғаның дамуындағы маңызды орнын психологтар Б. Г. Ананьев, А. А. Бодалев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Б. Ф. Ломов, А. Р. Лурья, В. Н. Мясищев, А. В. Петровский зерттеген.

1970-ші жылдардың аяғынан бастап қарым-қатынасты жан-жақты қарастыратын зерттеулер пайда бола бастады. Қарым-қатынас мәселесін Б. Д. Парыгин, И. С. Кон, А. А. Леонтьев, Б. Ф. Прошнев, Г. М. Андреева, В. С. Мухина, Я. Л. Коломинский, М. Н. Щелованов, Н. М. Аксарина, М. С. Каган, Г. А. Балл, В. Н. Брановицски, А. М. Довгиалло, Б. Ф. Ломов, М. И. Лисина, К. Обуховский, К. А. Абульханова-Славская, Х. Т. Шерьязданова, А. Р. Ерментаева, С. Елеусізова қарастырған.

п

Slide 4

@reallygreatsite

www. reallygreatsite. com

Қазіргі кезде қарым-қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, басқару психологиясы салаларында зерттелуде. Қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі - адами қарым-қатынастың тұлға аралық және топаралык формаларын танып-білу, қарым-қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу

Slide 5

@reallygreatsite

www. reallygreatsite. com

Қарым-қатынас формалары:

Conduct in-depth market research to identify trends, consumer behaviour, and competitor strategies. Analyse findings to shape a targeted marketing approach.

Regularly assess campaign performance against predefined KPIs. Adjust strategies as needed, ensuring a dynamic and adaptive approach for continuous improvement.

Slide 6

www. reallygreatsite. com

Тұлғааралық қарым-қатынас

Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

Slide 7

Жеке тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру. Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар (тұлғалықтан іскерлікке дейін) жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де, эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдык., рөлдік қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.

Тұлғааралык қарым-қатынас түрлері. Мақсатына қарай қарым-катынас психологиясы тұлғааралық қарым-қатынастың үш түрін ажыратады:

императив (бұйрық),

2. манипуляция (айла),

3. диалогтық қарым-қатынас.

Slide 8

Императивтік немесе әміршіл қарым-қатынас -өз қарым-қатынас серігінің тәртібі мен ісәрекетіне бакылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. Қарымқатынас партнері тек әсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым салу, нұсқау пайдаланылады (Отыр! Түр! Әкел!) . Сонымен, әміршіл қарым-қатынас -басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау. Қоғамдық қарым-қатынастарда императивтік қарым-қатынастың өз орны бар. Мысалы, әскери қатынастар, төтенше жағдайлардағы бастық-қызметкер қатынастары, қиын-қыстау, зілзала, операция кезіндегі қатынастар. Осындай салаларда императивтік қарым-қатынасты пайдалану нәтижелі әрі қолайлы.

Slide 9

Манипуляция, алдап-арбау қарым-қатынасы - жиі кездесетін тұлғааралық қарым-қатынас түрі, қарым-қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өз мақсатына жету үшін манииулятор қарым-қатынас партнерін нысана ретінде қарастырады. Манипуляциялық қарым-қатынас - басканы өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу. Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не ауыстырылады. Алдап-арбау қарым-қатынасының қоғамдағы ресми орны - бизнес, сауда-саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бүл түрдегі қарым-қатынастың демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги.

Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады.

Императив пен манипуляция түрлерінің ішкі ұқсастығы терең. Екеуін де монологтық (бірсөз, бірүн), субъект - объект қатынасына жатқызуға болады. Адам басқаны өз нысанасы ретінде қабылдағанда, басқаның күй-жайын ескермегенде қарым-қатынас серігін мүлдем өз назарынан тыс қалдырып, тек өзімен өзі, өз мақсаттары және міндеттерімен арақатынас жасайды. Сонда ол басқаларды емес, тек өзінің "көшірмелерін" ғана көреді

Slide 10

Диалогтық қарым-қатынас. Бүл тең құқықтық субъектілердің арақатынасы, қарым-қатынас мақсаты - өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастардан негізгі айырмашылығы - экоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бүл қарым-қатынас үрдісінде екі дауыс, екі пікір есітіледі, бұл субъект - субъект қатынасы.

Диалогтық қарым-қатынасының ережелері:

1. Сұхбаттасушының және өзінің кекейкесті күйін ескеру, "осы жерде - осы сәтте" қағидасын басшылыққа алып арақатынас жүргізу, дәл осы кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу.

2. Қарым-қатынас серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын-ала оның ниеттеріне сену, біріне -бірі сенімділік білдіру.

3. Серікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.

4. Шешілмеген мәселе мен сұрақтар қарым-қатынас мазмұны болуы керек (қарым-қатынас мазмұнын мәселелендіру) .

5. Сұхбат адамның өз атынан жүргізілуі керек, біреудің пікіріне сілтемей, өзінің сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет (персоналандыру) .

Slide 11

@reallygreatsite

www. reallygreatsite. com

Диалог қарым-қатынасы қатысушылардың өзара түсінушілігін терендетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі қарымқатынасты іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың пікірі дайындығы керек. Әрине, іскерлік қарым-қатынаста бұндай типті толық қолдануға болмайды. Бірақ осы типті меңгерген адамдардың психикалық денсаулығы, мінездерінің біртұтастығы, салмақтылық көзге тұсердей.

Slide 12

www. reallygreatsite. com

Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты
Өмірдің мәні мен кәсіби өзін - өзі анықтау психологиясы
Стресске тұрақтылық түсінігі
Қарым қатынасты басқару
Тұлға психологиясы бөлімі
Контингентті басқару теориясы
Менеджмент психологиясына кіріспе
Басқару психологиясының даму бағыттары
Әлеуметтік психология
Заманауи басқару психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz