Топтық динамика



Тақырыбы: Ұйымдық іс-әрекеттер, топтық динамика, өзгерістер мен жаңалықтар

Ұйым дегеніміз-. . . . . .
Ұйым алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет: осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы. барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы. топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.
Ұйым түрлері:

Ресми ұйымдар - мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.
Бейресми ұйымдар - қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы.
Күрделі ұйымдар - құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында пайда болады.

Ұйымдардың негізгі сипаттамалары
Ұйымдардың негізгі сипаттамалары ретінде
1-ші ресурстарды қарастыру керек. Жалпы алғанда кез-келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б. т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.
2-ші сипаттама ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты.
3-ші сипаттама ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең және тік еңбек бөлінісі.
Көлденең еңбек бөлінісі - басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.

Ұйымдардың негізгі сипаттамалары
Тік еңбек бөлінісі - басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.
4-ші сипаттама басқарудың қажеттілігі нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан-алуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.

Ұйымдастыру кезінде қолданылатын негізгі элементтер:
Өкілеттілік: ұйым ресурстарын пайдалануда және қызметкерлерді күш жігерін нақтылы бір мәселелерді шешуге бағыттауда берілген шектеулі мүмкіндік немесе құқық болып табылады.
Делегирлеу: мақсаттардың орындалуына толық жауап беретін адамға өкілдік пен шешімдерді жүзеге асыруды жүктеу, жауапкершілік делегирленбейді.
Орталықтандыру: шешімдердің жоғарғы жақтан қабылдануы.
Орталықсыздандыру: шешім қабылдау үрдісінің төменгі жақтағыларға берілуі.
Билік құқы: басқарушының өз ісін атқарумен байланысты төмендегілерге билік беруі. Бастық өз жұмысын басқа біреуге жүктегеннің өзінде жауапкершіліктен құтылмайды.

Ұйымдастыру үрдісі төрт сатыдан тұрады:
Өкілеттіліктер - ұйым ресурстарын пайдалануда және қызметкерлердің күш-жігерін нақтылы бір мәселелерді шешуге бағыттауда берілетін шектеулі мүмкіндік немесе құқық.
Делегирлеу -мақсаттардың орындалуына толық жауап беретін адамға өкілдік пен шешімдерді жүзеге асыруды жүктеу.
Жауапкершілік - алда тұрған мақсаттарды орындау жөніндегі міндеттеме және олардың қанағаттанарлық шешіміне жауап беру.

Басқарудың мақсаты - кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.
Қазіргі кездегі ұйым басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағдарламалары және олардың даму тенденциялары:
Басқарудың кәсіптілігін дамыту яғни теориялық білім мен іскерлікті, тәжірибені ұштастыра білу; Басқаруды демократияландыру қызметінің орындалу барысы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі; Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі; Басқаруды шоғырландыру - мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру, үйлестіру; Басқаруды орталықтандыру - қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтарының бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастардың орнықтырылуы.

Ұйымның міндетті ісі
Ұйымның міндетті ісі (миссиясы) . Басқару мақсаттарын қою.

Топтық динамика
Топтық динамика - топ мүшелері арасындағы әрекеттестікпен және өзара қарым-қатынастармен сабақтастырылған топтың дамуы немесе қозғалысы (Кратохвил, 1978) .
Топтық динамикаға топтың мақсаттары мен міндеттері, топтың ұйымшылдығы, топ нормалары, жүргізушінің ұстанымы, топ құрылымы мен көсемдік құрылымы, топтық рөлдер, топтың даму сатылары, жұмыс кезеңдері жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz