Заманауи басқару психологиясындағы тұлға: теориялар, тұлғааралық қатынастар және басқарудағы қолданылуы


Slide 1

Заманауи басқару психологиясындағы тұлға түсінігі. Тұлға теориялары және оны басқару тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктері.

Slide 2

Мазмұны:

1. Басқару психологиясындағы тұлға түсінігі

2. Тұлғааралық қарым-қатынас

3. Басқару тәжірибесінде тұлғаны зерттеген зерттеулерді қолдану

Slide 3

Тұлға бұл-?

«Тұлға» түсінігі көп жақты. Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді. Тұлға түсінігіне «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері жақын.

Заманауи басқару психологиясында тұлға деп жеке әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттеріқатарына жатқызылмайды, тұлғаның қасиеттері болып адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер саналады. Адам тұлға болып тек әлеуметтік ортада қалыптасады.

Slide 4

Басқару жүйесіндегі тұлғаның жіктелуі

Қызмет жолында тұлға барлық мінездерінің жиынтығымен көрінеді. Тұлғаның жіктелуінің 6 түрі бар. Осыған байланысты Э. Шпрангер әр тұлға белгілі бір қасиеттеріне байланысты 6 топтың біріне кіреді деп ойлайды.

Slide 5

Адам қоғамда өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың басқа мүшелерімен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлі байланысты сезінеді.

Басқару психологиясы тұлға түсінігін мынандай құбылыстармен байланыстыра отырып зерттейді;

адамдардың бір-бірін қабылдауы және түсінуі, еліктеу, сендіру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, біріккен іс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлілегінде, олардың пайда болуының негізгі қайнар көзі болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.

Slide 6

Тұлғааралық қатынас -басқару психологиясында бір тұлғанын мен басқа тұлғамен саналы түрде қарым-қатынасқа түсуі. Кез-келген жұмыс орны немесе мекеме, фабрика, зауыт, ұйымдар мен бірлестіктерде қызмет атқаратын жеке тұлғалар арасында қарым-қатынас кезінде ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.

Тұлғалық белгілер - адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе.

Slide 7

Тұлғаның бағыттылығы - Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүдделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді.

Тұлғаның дамуы - екі мағынаға ие:

тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді;

2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зиятты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.

Slide 8

Басқару психологиясында барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай адамзат қауымы егер өз құрамындағы адамдар арасында байланыс орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды.

Топ ішіндегі заманауи басқару кезіндегі тұлғааралық өзара әрекеттесулер мен өзара қатысуларды зерттеудің негізгі жолы - бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзара әрекеттесулерін терең білу.

Slide 9

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Басқару психологиясы: тұжырымдама, негізгі теориялар және заманауи қолданылуы
Басқарудағы іскерлік қарым-қатынастар және шиеленістерді басқару
Әлеуметтік психология: тұлғааралық қатынастар мен қарым-қатынастың психодиагностикасы
Тұлғааралық қақтығыстар: түрлері, себептері және ұйымдардағы басқару мәселелері
Клиникалық басқарудағы жағдайлық көзқарас: теориясы мен қолданылуы
Қақтығыс: тұлғааралық және ұйымдастырушылық түрлері, шығу себептері және басқару тәсілдері
Тұлға психологиясы: теориялар, қалыптасу мен даму және қарым-қатынастың танымдық рөлі
Заманауи басқару психологиясы: ғылым мен тәжірибе
Ұйымдағы мәдениет факторы және басқарудағы кросс-мәдени психологияның рөлі: теориялар, әдістемелер және эмпирикалық зерттеу
Халықаралық қатынастар мен дүниежүзілік саясат: ұғымдар, теориялар, субъектілер және Қазақстанның сыртқы саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz