Педагогикалық теория


Slide 1

Педагогика ғылымының әдіснамасы

Slide 2

Мазмұны:

Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік

Әдіснама деңгейлері

Педагогикалық теория туралы түсінік

Ғылыми педагогикалық зерттеу. Педагогикалық зерттеу кезеңдері мен құрылымы

Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері

Slide 3

Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік.

Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Әдіснама («методология» ‒ грек. methodos - зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos - сөз, түсінік) : 1) теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру, құру принциптері мен тәсілдері жүйесі; 2) танымның ғылыми әдістері туралы ілім, білім; 3) белгілі бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы (Философиялық энциклопедиялық сөздік) .

Әдіснама - ғылыми әдістер туралы теориялық ілім; жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі; белгілі бір немесе бірнеше теориялар негізінде зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады.

Slide 4

Педагогикалық әдіснама - педагогикалық білімдер және оны іздеп табу үдерісі жайлы ілім. Оның құрамына

Slide 5 Slide 6

Қазақстандық ғалым-зерттеуші Ш. Т. Таубаева педагогика әдіснамасын зерттей келе оның моделін ұсынған(Сурет 2. Педагогика әдіснамасының моделі (Ш. Т. Таубаева бойынша) .

Slide 7

Педагогикада әдіснама-қағидалар (принциптер), әдістер, таным формасы мен процедурасы және педагогикалық ақиқаттың шыңдалуы туралы ілім (П. И. Пидкасистый) . Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттейді. Ол педагогикалық теория тұрғысынан негізгі білімдер мен құрылымдарды бір жүйеге келтіреді. Олай болса, әдіснама-теориялық жүйе туралы ғылым мен ілім болып табылады.

Педагогика ғылымының әдіснамасы: біріншіден, ғылымның жалпы әдіснамасынан туындайды; екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму тенденциясын оқып үйренумен және зерттеумен байланысты туындайды; үшіншіден, педагогикалық құбылыстардың жағдайлары туралы теориялық қағидалармен, олардың зерттеу әдістерін қарастырады; төртіншіден, жаңадан алынған білімдерді тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізумен анықталады.

Slide 8 Slide 9

Теория

Әдіснама, әдіс пен теория бір-бірімен тығыз байланысты. Теория - танымдық үдерістің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл - теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістерімен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.

Теориялық білім, жалпы мағынасында ‒ белгілі бір психологиялық-педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы.

Slide 10

Педагогикалық теория

Педагогикалық теория (грек. ‒ бақылау, зерттеу) - педагогикалық тәжірибенің, практиканың, тәрбиенің, оқытудың, білімнің логикалық жиыны; педагогикалық ойлар жүйесі; заңдылықтың ғылыми түсіндірмесі және мақсат, міндет, мазмұнның негіздемесі, педагогикалық қызметті іске асыру әдістері.

Педагогикалық теория педагогикалық практиканы саралау негізінде педагогикалық болжамдар ұсынуға, алынған ғылыми фактілерді тексеруге, қабылданған ережелерді қалыптастыруға, нәтижесінде педагогика ғылымының дұрыс та, жан-жақты дамуына әсер етеді.

Slide 11

Педагогикалық зерттеу кезеңдері мен құрылымы.

Проблеманың (мәселенің) жағдайын зерттеу. Проблеманы қоя білу, зерттеу өзектілігін негіздеу; нысаны мен пәнін, тақырыбын анықтау;

Кеңінен таралған зерттеу тұжырымдамасын (әдіснама) нақтылау немесе құру;

Дәлелдеуді қажет ететін зерттеу болжамын жасау;

Зерттеу жоспарын құру;

Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау;

Эксперимент жоспарын анықтау;

Зерттеу әдістері мен әдістемелерін таңдау;

Мәліметті өңдеуде қолданылатын математикалық әдістерді және т. б. анықтау;

Мәлімет жинақтау және фактілер бойынша жазу;

Нәтижені (мәліметті) өңдеу;

Болжамның дәлдігін нәтиже бойынша бағалау, зерттеу тұжырымдамасы шеңберінде нәтижені талдау, түсіндіру;

Алынған нәтижені ғылымдағы концепция және теориялармен байланыстыру;

Жалпы қорытынды жасау. Проблеманың перспективасын бағалау;

10. Практикалық ұсыныстар беру.

Slide 12

Әдіс ‒ ойға алған бір істі жүзеге асырудың тәсілдер жиынтығы. Бұны «метод» немесе «методика» деп те атайды. «Метод» грек тілінен аударғанда, белгілі бір іс-әрекеттің тәсілі дегенді білдіреді. Ал тәсіл дегеніміз ‒ әдістің құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір іс-шараны жүзеге асырудың реті, қимыл-қарекет немесе іскерлік.

Зерттеу әдісі дегеніміз күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.

Зерттеу әдістері әр ғылымның дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты.

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері - оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективті заңдылықтарын танып білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы, педагогикалық жағдайларды, үдерістерді зерттеу жолдары мен тәсілдері. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.

Slide 13

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
ЖОО педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістемесі
Оқыту үрдісінің әдіснамалық тұғырлары
Жалпы әдіснама
Дене шынықтыру сабағындағы оқытудың педагогикалық технологиялары
Педагогика ғылымның әдіснамасы
ЭТНОПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Анықтама сөздік. Музыкалық білім беруде педагогиканың психологиямен және философиямен байланыс
Тәрбие міндеттері мен қызметтері
Педагогикалық квалиметрия және оның білім сапасын анықтаудағы рөлі
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz