Кәсіпорынның айналым құралдары


Slide 1

КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ

«Кәсіпорын экономикасы» пәні

экономика ғылымдарының магистрі,

аға оқытушы Тлеубергенова М. А.

Slide 2

Дәріс жоспары:

Айналым капиталы: оның құрамы мен құрылымы, жіктелуі

Айналым құралдарына деген қажеттілікті анықтау әдістері

Өндірістегі айналым құралдарын пайдаланудың көрсеткіштері

Айналым қорларын пайдалануды бағалау

Айналым құралдарын басқару

Slide 3

1. Айналым капиталы: оның құрамы мен құрылымы, жіктелуі

Айналым капиталы - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын-ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.

Айналым құралдарының құрамы - бұл айналым құралдарын құрайтын элементтердің жиынтығы.

Slide 4

Кәсіпорынның айналым құралдары

Айналыс қорлары

Айналмалы өндірістік қорлар

Өндірістік запастар:

Шикізат

Негізгі және көмекші материалдар

отын, жанар-жағармай

сатып алынған жартылай фабрикаттар

мен комплектіленетін бұйымдар

ыдыс және ыдыс материалдары

ағымдағы жөндеуге арналған қосалқы

бөлшектер

арзан бағалы және тез тозатын

бұйымдар

Аяқталмаған өндіріс және өздері

дайындайтын жартылай фабрикаттар

Болашақ кезеңнің шығындары

Қоймалардағы дайын өнім

Жолдағы тауарлар (тиелген өнім)

Ақшалай қаражаттар

Дебиторлық қарыз

Slide 5

Айналым құралдарының жекелеген элементтері немесе олардың құрамды бөліктері арасындағы арақатынас айналым құралдарының құрылымы деп аталады.

Айналым құралдарының жіктелуі

Жоспарлау дәрежесі

бойынша

Қалыптастыру көздері

бойынша

Нормаланбайтын айналым

құралдары

Нормаланатын айналым

құралдары

Жеке меншік

Тартылған қаражаттар

Жалға алынған қаражаттар

Slide 6

2. Айналым құралдарына деген қажеттілікті анықтау әдістері.

Кәсіпорынның жеке меншік айналым құралдарына деген қажеттілігін анықтау нормалау процесінде, яғни айналым құралдарының нормативтерін анықтау кезінде іске асырылады.

Айналым құралдарын нормалаудың әдістері:

Тікелей есеп әдісі кәсіпорынның ұйымдық-техникалық даму деңгейіндегі,

тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдаудағы, кәсіпорындар

арасындағы есеп айырысу тәжірибесіндегі барлық өзгерістерді есепке ала

отырып айналым құралдарының әрбір элементі бойынша запастардың

негізделген есептелуін қарастырады.

Сараптамалық әдіс жоспарланатын кезеңде алдыңғы кезеңмен

салыстырғанда кәсіпорын жұмысында айтарлықтай өзгерістер қарастырылмаса

қолданылады.

Коэффициенттік әдісте жаңа норматив өндіріс, жабдықтау, өнімді сату,

есептеулер жағдайын ескере отырып алдыңғы кезеңдегі база

нормативтеріне өзгерістер енгізу жолымен анықталады.

Slide 7

Айналым құралдарын жоспарлаудың, реттеудің, бақылаудың ыңғайлылығы үшін өндірістік запастар келесідей бөлінеді:

Ағымдағы запас

екі кезекті жеткізу арасындағы

кәсіпорынның үздіксіз жұмысын

қамтамасыз ету үшін қажетті

запастың негізгі түрі

Сақтандыру запасы

көлемі бойынша

екінші запас түрі

Транспорттық запас

жеткізушілерден айтарлықтай қашықтықта

орналасқан кәсіпорындардағы жүк

айналым мерзімдері құжат айналым

мерзімдерімен салыстырғанда

артқан жағдайда жасалады.

Технологиялық запас

берілген шикізат түрі белгілі бір

тұтынушылық қасиет беру үшін

алдын-ала өңдеуге мұқтаж

болған жағдайда жасалады

Дайындық запасы

өндірістік запастарды қабылдау,

түсіру, сұрыптау және қоймалау

қажеттілігімен байланысты

Slide 8

3. Өндірістегі айналым құралдарын пайдалану көрсеткіштері.

Айналым құралдарының айналымдылығы - айналым құралдарын сатып алу кезінен бастап, дайын өнімнің шығуына және сатуына дейінгі қаражаттардың толық шеңбер айналымының ұзақтығы.

Ақшалай қаражаттар

Дайын өнім

Аяқталмаған өндіріс

Еңбек заттары

Өндіру сатысы

Тауарлық саты

Ақшалай саты

Slide 9

Айналым құралдарының айналымдылығының көрсеткіштері:

Бір айналымның

ұзақтығы (күн)

Белгілі кезеңдегі

айналымдардың саны

(айналымдылық

Коэффициенті)

Жүктелім

коэффициенті

Slide 10

Айналым құралдарының бір айналымының ұзақтығын былайша есептеледі:

Мұндағы:

О - айналымның ұзақтығы, күндер;

С - айналым құралдарының қалдығы, теңге;

Т - тауарлық өнім көлемі, теңге;

Д - қарастырылатын кезеңдегі күндер саны

О=С:(Т/Д)

Slide 11

Кезеңдегі айналымдар саны немесе айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті:

Ко=Т/С

Айналымдағы құралдардың жүктелім коэффициенті:

Кз=С/Т

Slide 12

Айналым құралдарын пайдаланудың сыртқы факторлары

жалпы экономикалық ситуация;

салық заңнамасының ерекшеліктері;

несие алу шарттары және олардың проценттік ставкалары;

мақсатты қаржыландыру мүмкіндігі;

бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаларға қатысу.

Slide 13

4. Айналым қорларын пайдалануды бағалау.

Айналым қорларын пайдалануды жан-жақты жақсарту - өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Материалдық ресурстардың жалпы шығыны - бұл есепті кезеңде барлық өндірістік бағдарламаны орындауға материалдық ресурстардың жекелеген түрлерін немесе барлығын тұтыну.

Slide 14

Өнімнің материал сиымдылығының көрсеткіштері жоғарыда көрсетілген

Өндірілген өнімнің физикалық

бірлігіне шаққандағы

материалдық ресурстардың

үлестік шығынымен

(үлестік материал

сиымдылығы) :

M=m=Q/N

Өндірілген өнімнің физикалық


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын және оның негізгі өндірістік қорлары
Кәсіпорынның өндірістік қорлары туралы ақпарат
АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ
Кәсіпорынның өндірістік қорлары»
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы ақпарат
КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚАРЖЫСЫ
ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
КОРПОРАЦИЯНЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz