САЯСИ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ


Slide 1

Саяси сана және Саяси идеология

Айдарбаева Раушан Қайса қызы,

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Slide 2

Жоспар 1. Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері 2. Идеология ұғымы, оның қызметі 3. Идеологияның негізгі түрлері

Slide 3

Саяси сана дегеніміз - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың әр саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы.

Slide 4

Қоғамдық сана - мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келген көзқарастар жиынтығы.

Қоғамдық сана түрлері:

Саяси сана

Құқықтық сана

Діни сана

Ұлттық сана

Топтық сана

Экономикалық сана

Таптық, құлдық сана т. б.

Slide 5

Саяси сананың деңгейлері:

Қарапайым деңгейі - саяси өмірге қатысты қоғамдық пікірдің күнделікті жағдайы. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды.

Теориялық деңгей - саяси өмірді өзгерту, дамыту, жаңаша құруға бағытталған саяси тұжырымдамалардан, идеялар мен тұжырымдардан тұрады.

Эмпирикалық деңгей - саяси қайраткерлер практикалық саяси өмір процесінде жинақтаған саяси идеялар түрінде көрінеді. Кейбір маңызды идеялар мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлерінің сөздерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының жариялынымдарында көрініс табады.

Slide 6

Саяси сананың функциялары:

Танымдық

Реттеуші

Бағалау

Ұйыстыру

Болжамдық

Коммуникативтік

Тәрбиелік

идеологиялық

Slide 7

Танымдық қызметі -

Адамдарға саяси ақпараттты игеруге, айналадағы саяси шындықты талдауға көмектеседі

Реттеуші қызметі -

Саясатқа араласуға қатысты идеялар, көзқарастар, сенімдер және т. б. бағыт-бағдар береді

Slide 8

Бағалау қызметі -

Саяси өмірге, нақты саяси оқиғаларға қатысты көзқарас, пікір, ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді

Ұйыстыру қызметі -

Ортақ құндылықтар, идеялар, көзқарастар негізінде қоғамның әлеуметтік топтарын біріктіруге жәрдемдеседі

Slide 9

Болжамдық қызметі -

Саяси процестің мазмұны мен сипатын болжауға негіз жасайды, болашақ саяси қатынастар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді

Коммуникативтік қызметі -

Қоғамда саяси қарым-қатынасты қамтамасыз етеді

Slide 10

Идеология - адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесі

Идеология (гр. идса - ой, пікір, идея + логос - сөз) - ілім, қоғамдық сана.

Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафасышы

А. Дестют де Трасси (1754-1836) кіргізді.

Оның пікірінше идеология саяси өмірдің берік негізін орнатуға мүмкіндік беретін идеялар туралы ілім.

Slide 11

Тәрбиелік қызметі -

Адамның қоғамдық саяси өмірге қатысуы мен әлеуметтік-саяси қызмет етуіне, патриотизмді қалыптастыруға, саяси ұстаным қалыптастыруға, саяси әлеуметтенуіне көмектеседі

Идеологиялық қызметі -

Саяси субъектілердің өзіндік мүдделерін білдіріп, жекелеген әлеуметтік топтардың идеологиясына ықпал етеді және саяси санада демократиялық плюрализм қағидатын дамытуға қызмет етеді

Slide 12

Саяси идеологияның қалыптасу кезеңдері

Хронологиялық шеңбері

Оның мазмұны

XVII-XVIII ғғ.

Діни-феодалдық идеологияға қарсы тұру, прогресс, рационализм және гуманизм идеяларын қорғау

XIX-XX ғғ.

Әртүрлі либералдық және коммунистік идеялар пайда болды

XX ғғ.

«Идеология» ұғымын таптар мен әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін көзқарастар тұрғысында қолдану

Slide 13

Идеология - адамдарды біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы.

Саяси қатынастар саласында саясат субъектілерінің іс-әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады.

Идеология - сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекеттеріне мән-мағына беріп күшейтеді, асқақтады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады.

Slide 14

Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламарында, декларацияларында, манифестерінде, жарғыларында, және түрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады.

Идеологияны қоғамның білімді өкілдері, идеолог-саясатшылар, философтар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын-жазушылар т. б. жасап шығарады.

Ол ақпарат құралдары арқылы таратылады, халықтың санасына сіндіріледі

Идеология қайда қалыптасады?

Идеологияны кімдер жасайды?

Идеология қалай таратылады?

Slide 15

Саяси идеологияның қызметтері

1. Танымдық

2. Бағдарламалық

5. Бағалау

3. Жұмылдыру, іске тарту

4. Амортизациялық

Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді

Ол қоғам, әлеуметті прогресс, билік және т. б. туралы мағлұмат беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді

Қоғамның мақсат-мүдделерін айқындап, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады

Әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдеті. Сәтсіздікке ұшыраған жағдайда қайтадан күш жинап қайта серпілуге шақырады

Үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас қалыптастырады

Slide 16

Идеологияның негізгі түрлері

Либерализм

Консерватизм

Социал-демократиялық

Коммунистік

Энваиронментализм

(ағыл. Environment - қоршаған орта)

Феминизм

( лат. Femina - әйел)

Анархизм

(грек. anarchia - биліксіз)

Фашизм

(итал. fascio -ұяшық, байлам)

Slide 17

ИДЕОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Либерализм (лат. Liberal - еркін) демократиялық құқықтар мен жеке бостандықтарды, кәсіпкерлік бостандығын және парламенттік жүйені қорғайды.

Негізін салушылар -

Дж. Локк, Ш. Л. Монтескье, А. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А, Токвиль, Дж. Милль

Консерватизм (латын тілінен conservare - қорғау) әдетте либерализмге қарсы тұрады. Бұл идеология дәстүрлі қоғамдық тәртіпті қорғауға, түрлі жаңалықтар мен өзгерістерге қарсы тұруға бағытталған.

Негізін салушылар-

Эдмунд Берк, Жозеф де Местр, Фридрих фон Савиньи, Австрия королі Меттерних

Социалистік идеология (лат. Socialis - әлеуметтік) идеал ретінде әлеуметтік әділеттілік пен теңдік принциптерін алға тартады.

Негізін салушылар-

К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин, Э. Бернштейн, К. Каутский

Slide 18

ЛИБЕРАЛИЗМ

бірінші кезекте қоғамның немесе басқа әлеуметтік топтың емес, жеке тұлғаның мүдделері;

еркіндік басқаларға және құндылықтарға қарағанда басымдыққа ие, оны тек басқа адамның еркіндігімен шектеуге болады деп есептеледі; кәсіпкерлік еркіндігі де кепілдендірілген;

ең ұтымды шешім ең дұрыс болады, ал эмоциялар, сезімдер мен байланыстар екінші дәрежелі болып табылады;

әркімнің тең азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтары бар (дегенмен бұл әркімнің табысы немесе әлеуметтік жағдайы бірдей болуы керек дегенді білдірмейді) ;

әркім төзімділікпен және басқа көзқарастарға, пікірлерге, нанымдарға, сенімдерге құрметпен қарауы керек; саяси плюрализмге де қолдау көрсетіледі;

билік заңмен шектелген және саяси тежеу ​​мен тепе-теңдік жүйесі конституцияда көзделуі керек

индивидуализм

толеранттылық

теңдік

Ақыл

бостандық

конституционализм

Slide 19

НЕОЛИБЕРАЛИЗМ

ХХ ғасырда. неолиберализм теориясы жасалды, оған сәйкес мемлекеттің негізгі функциялары - еркін кәсіпкерлікті қорғау, монополияға қарсы күрес, жеке кәсіпкерлікті дамыту.

Негізгі өкілдері - Ф. Фон Хайек; Дж. Кейнс, Дж. Гэлбрейт

Неолиберализм идеясына көптеген партиялар сүйенеді. 1955 ж. бері Жапонияның ең ірі партиясы - либералдық-демократтар партиясы. Либералдар Англия, Австрия, Канаданың және т. б. елдердің саяси өмірінде елеулі орны алады.

Slide 20

КОНСЕРВАТИЗМ

дәстүрлілік

патернализм

адамның жетілмегендігі

иерархия

тәртіп

меншік

қоғамдағы тұрақтылықтың негізі ретінде әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, өткенді құрметтеу; консерватизм отбасы, дін құндылықтарын, үлкендерді құрметтеуді насихаттайды;

әр адамды консерватизм шектеулі, тәуелді, өзімшіл деп қабылдайды; тек қатаң әлеуметтік бақылау оны ортақ мүдде үшін әрекет етуге мәжбүр ете алады;

әр түрлі әлеуметтік позициялар мен мәртебелердің болуы және соған байланысты қоғамдағы адамдардың теңсіздігі табиғи және қажет;

егер мемлекет заң мен тәртіп орнатса ғана қоғам өмір сүре алады;

мемлекет (отбасының әкесі сияқты) жеке тұлғаға қамқор болып, оны басқаруы керек; мемлекеттік құндылықтар жеке мүдделерден жоғары қойылады;

консерватизм, әдетте, жеке меншікке қол сұғылмаушылықты білдіреді.

Slide 21

НЕОКОНСЕРВАТИЗМ

Ол көптеген елдерде қалыптасқан либералды құндылықтарды - құқықтар мен бостандықтарды қорғау, кәсіпкерлік бостандықтарын мойындай отырып, осы құндылықтарды дәстүрлі құндылықтармен (отбасы, дін, патриотизм) тығыз байланыстыруға тырысады.

Оның өкілдері: Д. Белл, З. Бжезинский, Н. Кристол, Р. Рейган, Дж. Буш, М. Тэтчер

тұңғыш консервативтік партия 1867 жылы Англияда пайда болды. Ал ХХ ғасырдың 80-жылдарынанан бастап Англия, АҚШ, ГФР дәне т. с. с елдерде олардың өкілдері билікке келді

Slide 22

Социалистік идеология

теңдік


Ұқсас жұмыстар
Идеологиялық саяси сана
Саяси сана мен саяси идеология
Саяси сананың деңгейлері
САЯСИ САНА, САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
Саяси мәдениет және саяси идеология
Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену
САЯСИ МӘДЕНИЕТ ПЕН САЯСИ САНА
Халықаралық қатынастар
Саяси идеология қызметі
Саяси режимдер. Қоғамды демократия ландыру және саяси жаңару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz