Жүйке жасушасының құрылысы



1. Суретте не бейнеленгенін анықтаңыздар
2. Нейрон деген не?
3. Нейрондардың құрылыс ерекшеліктері неде?
4. Нейрон түрлерінің
қызметі қандай?

Сабақ тақырыбы:Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар.
Сабақ мақсаттары:
1. Нейрондардың құрылымдық компоненттерін атау, оларды суретте анықтай білу.
2. Нейрондар түрлерін ажырату, олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын сипаттау.
3. Нейрондар қызметтерін атаңыз.
Бағалау критерийлері:
нейрондардың типтерін анықтайды;
нейрондар құрылысының ерекшеліктерін көсетеді;
нейрондардың қызметін атайды.

1-тапсырма
1. 1 сурет бойынша келесі: дендрит, аксон, жасушалық дене (сома), ядро, миелин қабығы, Ранвье буыны, аксонның соңғы тармағы (терминаль), Шванн жасушасы терминдерін қолдана отырып, жасушаның құрылымдық компоненттерін көрсетіңіздер.

Нейронның тиіптік құрылымы

№1. 2 тапсырма
Жүйке жасушасының қызметін атаңыздар
Нейронның негізгі қызметі-басқа жүйке жасушаларына, мүшелерге немесе бұлшық еттерге ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу және тасымалдау.

English
Kazakh
Russian
Neuron
Нейрон
нейрон
Sensory neuron/ Afferent neuron
Сезгіш нейрон/Афферентті нейрон
Сенсорный нейрон/ Афферентный нейрон
Relay neuron
Байланыстырушы нейрон
Вставочные нейроны
Motor neuron/ Efferent neuron
Қимыл нейрон/Эфференті нейрон
Двигательные нейроны
Myelin sheath
Миелинді қабық
Миелиновая оболочка
Node of Ranvier
Ранвье буыны
Раньве перехват
Schwann cell
Шванн жасушасы
Клетка Шванн
Axon
аксон
Аксон
Dendron
Дендрон
Дендрон
Dendrites
Дендриттер
Дендриты
Cell body
Жасуша денесі
Тело клетки
Direction of impulse
Импульстің бағытталуы
Направление импульса

Глоссарий
Нейрондар- тітіркенуге бейім, яғни олар қозғанда,
электр импульстерін тасымалдауға қабілетті жүйке жүйесінің функционалдық бірліктері
Рецепторлар-тітіркенуді қабылдайтын жасушалар немесе мүшелер (мысалы, тері рецепторлары)
Эффекторлар-бұлшықеттер немесе бездер сияқты тітіркенуге жауап беретін ұлпалар немесе мүшелер.
Орталық жүйке жүйесіне (бас және жұлын миына) импульстерді беретін нейрондар афферентті немесе сенсорлық нейрондар деп аталады.
Эфферентті немесе моторлы нейрондар орталық жүйке жүйесінен импульстерді эффекторларға береді.
Афферентті нейрондар эфферентті нейрондармен жиі ендірме (байланыстық, аралық) нейрондар көмегімен байланысады.

Глоссарий
Синапс-екі нейрон немесе нейрон мен эффекторлы жасуша арасында сигнал алатын байланыс орны.
Нейромедиаторлар-нейрондар арасындағы синаптикалық кеңістік арқылы нерв жасушасынан электрохимиялық импульсті беру жүзеге асырылатын биологиялық белсенді химиялық заттар

Жеке жұмыс Ендірме, сезімтал және қозғалтқыш
нейрондардың схемаларына қажетті атауларды жазыңыз

№2 тапсырма: Суреттерде нейрондардың үш түрінің құрылысының ерекшеліктерін және олардың қызметтерін нейрондардың құрылымдық компоненттерін көрсете отырып сипаттау.
Топтарға бөлу
1 топ ендірме / интернейрон;
2 топ афферентті / сезімтал;
3 топ эфферентті / қозғалтқыш
Дескрипторлар
Нейрон түрін анықтайды;
Сурет-сызбанұсқада нейрон құрылысының ерекшеліктерін көрсетеді;
нейрон қызметін атайды;

А. Сенсорлық нейрон сызбанұсқасы
Орталық жүйке жүйесіне (бас және жұлын миы) импульстер тасымалдайды

Б. Қозғалыс нейронының сызбанұсқасы
Орталық жүйке жүйесінен импульстерді эффекторларға тасымалдайды

В. Ендірме нейрон сызбанұсқасы
Сезімтал және басқа да ендірме нейрондардан ақпаратты қабылдайды, оны өңдейді және мидың тиісті бөлімі мен эфференттік/ қозғалғыш нейрондарға жібереді.

№3 тапсырма
Нейрондардың үш типін және олардың қызметтерін салыстырыңыздар

№4. 1 тапсырма
Жүйке жасушасының компонентін оның ерекшеліктерімен байланыстырыңыз

№4. 2 тапсырма
Суретті қолдана отырып, нейрон түрін анықтаңыз және жүйке жасушасының құрылысы мен жүйке жасушасының қызметі арасындағы өзара байланысты орнатыңыз

Жүйке ұлпасы
Нейрондар
Жұйке жасушалары
Нейроглиялар
Нейрондар арасындағы кеңістікті толтырып тұрады.
Тірек, қорғаныш, секреторлы қызмет атқарады.
Тітіркенуді қабылдап қозған күйге келеді және жұйке импульстерін өткізеді

Жүйке жасушасының құрылысы:
Жүйке жасушасы нейрон
деп аталады. Әр нейронның
денесі, ұзын(аксон) және
қысқа(дендрид) өсінділері
болады.
Дендрид қозуды
нейронның денесіне қарай өткізеді.
Нейронның денесі
қозуды аксонға өткізеді .
Аксон әр түрлі мүшелерге
(бұлшықетке, теріге т. б) береді.
Аксонның көрші жатқан нейрон
дендридінің қабықшасымен
байланысып, қозу өтетін жерін
тоғысу (синапс) дейді.


Нейронның бойымен қозудың өтуі:
Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді. Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі, одан денесі арқылы аксонға өтеді.
Қозу бағытының сызба нұсқасы :
дендрит -> дене -> аксон.

Нейрондар қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі:
Афференттік нейрон (сенсорлы нейрон) - сезімтал, қозуды орталық нерв жүйесіне қарай (ОЖЖ) өткізеді) ; Эфференттік нейрон (моторлы нейрон) - моторлы, қимыл-қозғалыс, қозуды орталық нерв жүйесінен жұмыс мүшесіне әкеледі.
Қондырма нейрон (интернейрон) (байланыстырғыш нейрон) - қосымша немесе аралық нейрон, афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады.

Нейрон түрлері.
1Қызметі бойынша:
Сезгіш немесе афференттік нейрон
Қозғалтқыш нейрон немес эфференттік нейрон
Қондырма нейрон немесе интернейрон
2Құрылымы бойынша:
-мультиполярлы (қозғалтқыш нейрон)
- биполярлы нейрон (сезгіш нейрон)
-униполярлы нейрон (сенсорлық және ауырсыну сезімтал нейрон)

Жүйке жасушасының қызметі бойынша жіктелуі:

Афференттік нейрон
Афференттік нейрон (сенсорлы нейрон) - сезімтал, қозуды орталық нерв жүйесіне қарай (ОЖЖ) өткізеді) ;

Эфференттік нейрон
Эфференттік нейрон (моторлы нейрон) - моторлы, қимыл-қозғалыс, қозуды орталық нерв жүйесінен жұмыс мүшесіне әкеледі.

Қондырма нейрон
Қондырма нейрон (байланыстырғыш нейрон) - қосымша немесе аралық нейрон, афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады.

НЕЙРОНДАРДЫҢ ӨСІНДІЛЕР САНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖІКТЕЛУІ
Әртүрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны
бірдей болмайды. Осыған орай оларды
- униполярлы, псевдоуниполярлы,
-биополярлы,
- Мультиполярлы деп бөледі.
Униполярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Мұндай нейрондар омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарлардың эмбриональдық даму кезеңінде кездеседі.
Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді.
Биополярлық нейрондарда екі өсінді бар.
Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері әртүрлі болады.

Құрылымы бойынша жүйке жасушасының жіктелуі:
1 - униполярлы нейрон;
2 -биполярлы нейрон (сезгіш нейрон)
3 - псевдоуниполярлы;
4 - мультиполярлы (қозғалтқыш нейрон)
Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушаларыжіктеледі:
Униполярлы, бір ғана өсіндісі - аксоны бар;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz