Диуан лұғат ат-түрік: Махмұд Қашқаридің түркі тілдері мен мәдениетінің классикалық еңбегі


Slide 1

«Диуани луғат ат-түрік»

Махмуд Қашғари

Slide 2

«Түрік тілдерінің сөздігі» мәңгі өшпес мұра. Бұл кітап - түрік тілдерінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Ғұлама өз еңбегінде түрік тілдес тайпалардың тілін ғана зерттеп койған жоқ, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар қалдырды.

Slide 3 Slide 4

ЕҢБЕКТІҢ АТАУЫ НЕЛІКТЕН «ДИУАН ЛҰҒАТ аТ-ТҮРІК»? Түркі тілінің тұңғыш оқулығын әзірлеп, грамматикасын түзген, түбі бір түркі халықтары тіл өнерінің өрісін мәңгілікке кеңейтіп, өркенін өсірген, түркі тілдерінің диалектологиясының, лексикологиясы мен грамматикасының негізін қалап, тіл білімі тарихында салыстырмалы тарихи әдісті тұңғыш рет қолданған ғұлама ғалым Қашқари Махмұд, атын мәңгілікке өлтірмейтін, өзіне және зерттеушілеріне сарқылмас қайнаркөз болатын тынысы кең байсалды да ұлы еңбегіне Диуан Лұғат-ит-түрк, яғни түркі тілі сөздігінің жинағы деп ат қояды. Бұл жөнінде «Диуанында»: «Маған шексіз абырой, сарқылмас-түгесілмес қайнаркөз болсын деген тілекпен осы кітапты жазып шықтым да, бір Тәңірге сиынып, оған «Диуан Лұғат ат-Түрік» - түркі тілдері сөздігінің жинағы» деп ат қойдым», - деп жазады. Түбі бір күллі түркі тілдерінің тұтастығын білдіретін ортақ қасиеттері мен айырым белгілері айқындалып, өзекті заңдылықтары жүйеленген, түркі жазба әдеби тілінің грамматикасы түзіліп, сөздік қоры жинақталған осынау ғажайып еңбектің аты затына сай, өте дөп қойылған деп есептейміз.

Slide 5

«махмуд кашғаридің бұл кітапты жазудағы мақсаты түрік тілінің мәртебесін көтеріп, оның араб тілінен ешбір кем түспейтіндігін дәлелдеу болды» А. Н. кононов

Slide 6

ҚАШҚАРИ «ДИУАНЫН» ҚАШАН ЖАЗҒАН? Еңбекті Қашқари Бағдатқа келген соң не келмей тұрып жазғандығы жөнінде түрлі көзқарастар бар. Дегенмен Стамбұлдағы жалғыз нұсқаның соңғы бетінде келтірілген мәліметке қарағанда Қашқарлының Диуан Лұғат ат-Түркі 1072 жылдың 25 қаңтарында басталып, 4 рет редакцияланған соң 1074 жылдың 10 ақпанында аяқталған. Осы күні Стамбұлдың Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған Диуан Лұғат-ит-Түріктің жалғыз нұсқасы Мәмлүктер топырағында Сұлтан Бейбарыс заманында Савада туып, Дамаскіде өмір сүрген Мұхаммед ибн ӘбуБәкір ибн Әбул-Фатхтың қолымен шамамен 200 жылдан кейін 1266 жылдың 1 тамызында көшірілген.

Slide 7

«ДИУАН» ҚАЙ ТІЛДЕРГЕ АУДАРЫЛҒАН»

түрік, қазақ, ұйғыр, өзбек, әзірбайжан, қытай, ағылшын және парсы тілдеріне аударылып жарияланған «Диуан Лұғат-ит-түріктің» аудармалары мыңдаған кандидаттық және докторлық диссертациялар мен іргелі зерттеу еңбектеріне әлі күнге арқау етіліп келеді. .

Жәдігерді тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлетіп, баспаға дайындаған Асқар Егеубаев болды. 1997 жылы 1-2 томдарын, 1998 жылы 3-томын «Түрік Сөздігі» деген атпен жариялаған болатын.

Slide 8

ҚАШҚАРИДІҢ ҒАЖАЙЫП КАРТАСЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?

«Диуанның» негізгі ерекшеліктерінің бірі ретінде еңбектің 23-24 беттерінде орын алған әлемнің картасын атап өтуге болады. Бұл бір түркі азаматының қолымен сызылған әлемнің тұңғыш картасы. Әлбетте осыдан 1000 жыл бұрынғы шарттардағы жағрапия ғылымының мүмкіндігі тұрғысынан баға берер болсақ, өте жоғары деңгейде әзірленген.

Slide 9

Қашқари - бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ атасы, ал «Диуан» - түркі тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен руханиятының сарқылмас қайнаркөзі. Қашқари «Диуанымен» 1000 жасады және түркілік ұғымы жер бетінен жойылып кетпейінше, бұл екеуі, Алла жазса, мыңдаған жылдар әлі де жасай бермек!

Slide 10

Тыңдағандарыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Диуани Лұғат ат-Түрік: Махмұд Қашқари еңбегінің тілдік, әдеби және этнографиялық маңызы
Махмұд Қашқари және Диуану лұғат-ит-түрк: түркі тілтануының энциклопедиялық дереккөзі
Махмұд Қашқари мен Диуану луғат ит-турк: түркі тілдерін зерттеудегі рөлі және қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер
Махмұт Қашқари және Диуани лұғат ат-Түрк: алғашқы түркі сөздігінің құрылымы мен лингвистикалық ерекшеліктері
Махмұд Қашқари мен Диуани лұғат ит-түрк еңбегінің құрылымы, тілдік ерекшеліктері және тарихи маңызы
Махмұт Қашқари мен Диуани лұғат ат-түркінің құрылымы, тілтану және тарихи-әдеби маңызы
Ортағасырлық түркі ойшылдарының рухани-ғылыми мұрасы: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Иүгінеки
Түрік мәдени мұрасының қазақ мәдениетінің қалыптасуына ықпалы
Түрік мәдениетінің бес негізгі салт-дәстүрі
Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр мен Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари және Қожа Ахмет Ясауидің әлемдік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz