Түйсіну туралы түсінік



3-дәріс ТҮЙСІНУ
Түйсіну туралы түсінік
Түйсінудің жіктелуі
Түйсінудің түрлері
Түйсінудің негізгі заңдылықтары

Түйсiну -материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс.
1. Түйсіну туралы түсінік
Notes: Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сәйкес рецепторларға тiкелей әсерi нәтижесiнде жүзеге асады.

Рецептор - бұл дененiң үстiнде немесе оның iшiнде орналасатын және табиғаты жағынан әр түрлi тiтiркендiргiштердi - физикалық, химиялық, механикалық және т. б. - қабылдауға және оларды жүйкелiк электр импульстарына түрлендiруге арналған арнайы органикалық құрылғы.
Notes: Эволюция барысында әрбiр рецептор белгiлi бiр тiтiркендiргiшке арнайы бейiмделе отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторлар сипап сезудi сезiнуге, аусторецепторлар дәм сезу тiтiркендiргiштерiн түйсiнуге, стиборецепторлар - иiс сезуге, фонорецепторлар дыбыстық тiтiркендiргiштердi және фоторецепторлар жарықтық (немесе сәулелiк) рецепторларды түйсiнуге бейiмделген.

2. Түйсiнудiң жiктелуi
1898 жылы В. Вунд рецепторлардың адекватты тiтiркендiргiштердiң энергиясына тәуелдiлiгі бойынша классификациясын ұсынды.
механорецепторлар ткандердiң деформациясының, жиырылуының немесе жылжуының механикалық энергиясын қабылдайды.
хеморецепторлар -Химиялық заттарға сезгiштiк бiр клеткалық организмдерде де болады. Құрлықтағы жануарларда олар тұмсықтық және ауыздық қуыста орналасқан. Хеморецепторлардың кейбiр ерекше түрлерi iшкi мүшелерде де кездеседi.
фоторецепторлар жарықтық энергияны қабылдайды. Жарықтық тiтiркендiргiштерге сезгiштiк филогенезде прогрессивтi түрде дамыған. Оның эволюциясы көру мүшесi - көздiң өзгеруiмен байланысты болды.

1906 жылы ағылшын физиологы. Ч. Шерингтон организмде орналасуы мен атқаратын қызметi бойынша сенсорлық процестердiң жiктеуiн ұсынды.
Экстероцептивтi сыртқы тiтiркендiргiштердiң әсерлерiне сезгiштiк. Ол бес негiзгi модалдықтан тұрады - көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Экстероцептор маңызды бағдарлаушы және реттеушi қызмет атқарады. Объектiнiң рецепторға әсерi бойынша экстероцепторлардың екi түрiн бөлiп көрсетедi: контакттық және дистакттық. Контакттық рецепторларға дәм сезу, сипап сезу рецепторлары жатады. Дистанттыққа көру, есту, иiс сезу рецепторлары кiредi.
Проприоцептивтi - дененiң немесе оның бөлiктерiнiң кеңiстiктегi орналасуы мен қозғалысына сезiмталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған проприоцепцияның түрiн кинестезия деп атайды.
Интероцептивтi - организмнiң iшкi ортасында жүретiн алмасу процестерiне сезгiштiк. Интероцепторлар барлық iшкi мүшелерде кездеседi және сан-алуан органикалық процестерге - қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруiне, ткандердiң температурасының өзгеруiне, асқазанның толуының және т. б. өзгеруiне жауап бередi. Интероцептивтi қызмет ету көбiнесе санадан тыс жүзеге асады.

3. Түйсiнудiң түрлерi
Есту түйсiнуi. Адамның есту түйсiнулерi сөйлеу мен музыканы қабылдаумен байланысты.
Есту түйсiнулерi есту рецепторына әсер ететiн дыбыс шығарған денемен тудырылатын және ауаның кезекпен шоғырланып, сиреуi дыбыстық толқындарды бейнелеу болып табылады.
Есту адаптациясы - есту сезiмталдығының түрлi дыбыс күшiне бейiмделуi.
Есту өткiрлiгi - сыбырлап айтылған сөздi құлақтың ұзақтан анық есту қабiлетi.
Notes: Дауыс көмекейдегi дыбыс желбезегiнiң (шымылдығының) тербелiсiнен туады. Оның тербелiсi ауаның өтуiне және дыбыс желбезегiнiң керiлу күшiне байланысты болады.
Дыбыстық толқындар, бiрiншiден, тербелiстiң түрлi амплитудасымен сипатталады. Екiншiден, тербелiстiң жиiлiгi мен созылу ұзақтығына байланысты болады. Үшiншiден, тербелiс түрiмен сипатталады.

Көру түйсiнуi. Көру түйсiнуi адамға өте бай әрi нәзiк ажыратылатын кең көлемдi мәлiметтердi бередi.
Көру түйсiнуi көзге жарық сәулесiнiң әсерi нәтижесiнде пайда болады. Бiздiң көзiмiз жалпы түстердi емес, белгiлi бiр заттардың түсiн қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, түрлi формада, көлемде және т. б. болады. Көру бiзге объективтiк шындықтың барлық осы көптүрлi қасиеттерiн бейнелендiредi.

Иiс сезу түйсiнуi. Иiс сезу химиялық сезгiштiктiң түрлерi болып табылады. Осы кезге дейiн иiс сезу адамда маңызды рөл атқармайды деген пiкiр болды. Алайда иiс сезу вегетативтiк жүйке жүйесiнiң қызметiне әсер етедi және адамның көңiл-күйiнiң тонын анықтайтын жағымды немесе жағымсыз эмоциялық фонды тудырады.
Notes: Иiс сезу дистанттық рецепторларға жатады.
Иiс сезу түйсiнуi мұрынға ауамен бiрге кiретiн әр түрлi заттардың молекулаларының әсерiнен пайда болады.

Дәм сезу түйсiнуi иiс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттерiмен шартталады. Дәм сезетiн қасиеттердiң негiзгi төрт түрiн бөлiп көрсетедi - тұзды, қышқыл, тәттi және ащы.
Дәм сезуде компенсация, яғни бiр дәм сезу түйсiнуiнiң (тұзды) басқамен (қышқыл) басылып қалуы үлкен рөл атқарады.
Дәм сезу түйсiнулерi вегетативтiк жүйке жүйесi арқылы эмоциялық көңiл-күйге әсер етедi.
Notes: Контраст құбылысымен қатар, дәм сезуде контраст құбылысы да орын табады. Мысалы, қант ерiтiндiсiнiң тәттi дәмiн түйсiну тұздың аз мөлшерiнiң қосындысынан күшейедi.

Сипап сезу түйсінулері Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсінулерінің бірі - сипай сезу (осязание) түйсінуі. Сипай сезу түйсінулерінің жалпы еңбек процесінің «ұсақ-түйек» ерекшеліктерін меңгеруде, мектепте оқушыларды қол еңбегінің дағдыларына үйретуде, сондай-ак, соқыр, мылқау, керең адамдардың тіршілігінде ерекше орын алады.
Notes: Мұның екі түрі бар. Біріншісі - пассив сипап сезу. Бүған тері түйсінуі түгелдей кіреді. Екіншісі - актив сипап сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсінулерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсінуінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсіну - әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады.

4. Түйсінудін негізгі заңдылықтары
Сезгіштік және табалдырық Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз - сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады.
Notes: Түйсіну табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Мәселен, біреу алақанға түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, оңда түйсіну пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз улътра күлгін сөулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсіну туғызарлықтай күш жоқ.
Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек, Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100-ге тең. Бұл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық Күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға тағы да он адам қосылса, хордың даусы аздап болса да көтеріледі.

Адаптация Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеру кұбылысын адаптация дейді. Адаптация кұбылысы адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсінулердің қай-қайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру түйсінуіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашыктан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың әсері өте күшті. Олардың нашар жарықты да жақсы сезе алатын қасиеті бар. Мәселен, 30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Ал қараңғыдан жарыққа қарай сезгіштіктің өзгеруі жарық адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағылысып, көз еріксіз жүмылады.
Notes: Ауырсыну түйсінулеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты жүмысының бүзылғандығын, осы сигналдың биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация қүбылысы үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне анализаторлардың калай да бейімделе алатындығын байқатады.
Адаптация қүбылысына перифериялық нерв жүйесімен қатар ми қабығы да қатысады. Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралык. түйсінулердің де адаптациясы мол. Мәселен, судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады. Иіс түйсінулерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, йодтың иісі 1 минуттан кейін сезілмейтін болса, горчица мен нашатыр спиртінің иісіне адаптациялану тезірек болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz