Ағзаның функционалды қорлары


Slide 1

Дәріс тақырыбы:

«Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функционалды қорлары»

Құрастырушы Лесбекова Р. Б.

Slide 2

Дәрістің мақсаты: Ағзаның дене жүктемелеріне бейімделу үрдісінің және ағзаның қорлы мүмкіндіктерінің заңдылықтарын ашу.

Slide 3

Дәріс жоспары.

Спорттық физиология, оның мақсаты мен міндеттері.

Спорттық физиологияның дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы.

Дене жүктемелеріне бейімделу.

Бейімделу сатылары: жедел, өтпелі, ұзақ.

Бейімделу құны. .

Ағзаның физиологиялық қорлары және олардың дене белсенділігі кезіндегі қосылуы.

Slide 4

1; 2. Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері пәні спорттық физиология ретінде көбірек танымал жалпы физиологияның арнайы бөлімі. Ол ағзадағы бұлшық ет (спорттық) қызметі әсерінен болатын өзгерістерді зерттейді және осы қызметтің тиімділігін арттыру бойынша іс жүзіндегі тиімділігіне негіздеме береді.

Спорттық физиология - оқу пәні ретінде екі негізгі міндетке бағытталады.

Slide 5

Бірінші мақсат адам денсаулығын дене жаттығулары көмегімен және қоршаған ортаның жағымсыз факторларына (температура, қысым, радиация, ауа мен судың ластануы, инфекциялар және т. б. ), сондай-ақ, жұмысқабылеттілікті сақтау мен қалпына келтіруді, тез шаршамауға, адамның кәсіби қызметі кезіндегі психологиялық-эмоционалды жүктемелердің ауыртпалығын түзетуге тұрақтылығны арттыру. Бұл міндет бұқаралық дене шынықтыру шеңберінде шешіледі.

Slide 6

Спорттық физиологияның екінші міндеті - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-шараларға физиологиялық негіздеме беру.

Спорттық физиологияның ерекшелігі - оның материалдары тек адамға жүргізілген эксперимент нәтижесінде ғана алынуы мүмкін. Зерттеулер қимыл белсенділігіне дейін, кезінде және кейін жүргізіледі. Дене белсенділігін мөлшерлеуге және адамның тіршілік әректеінің түрлі кезеңдеріндегі қызметінің өзгерістерін тіркеуге мүмкіндік беретін арнайы жүктеме тестері (велоэргометрия, жүгірмелі жол (тредбан), баспалдаққа көтеріліп, түсу, қол эргометриясы) жасалған.

Ағзаның функционалдық күйін бағалау үшін түрлі физиологиялық көрсеткіштер қолданылады, атап айтқанда:

Slide 7

Қан жүйесі бойынша: қанның құрамдас элементтері (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер), қанның қышқылды-сілтілі күйінің көрсеткіштері (рН, рСО2), қанттың, сүт қышқылының, мочевинаның, гемоглобиннің концентрациялары есепке алынады

Қан айналым жүйесінде: ЖСЖ, АҚҚ, ЭКГ; систолалық және минуттық қан көлемдері және т. б. өлшенеді.

Slide 8

Тыныс алу жүйесінде: ТЖ, тыныс алу көлемі, ТМК, ӨТС, оттегінің қолданылуы және көмір қышқылының бөлінуі тіркеледі.

Оттегінің максималды қолданылуының (ОМҚ) қан, қан айналым және тыныс алу сияқты үш жүйенің қызметін сипаттайтын жалпы көрсеткіш ретінде маңызы үлкен.

Slide 9

Жүйке-бұлшық ет жүйесі бойынша бұлшық еттің күші, электрлік белсенділігі және т. б. анықталады.

Ағза қызметінің физиологиялық ерекшеліктерін жаппай дене шынықтыруға және арнайы контингенттерге (әскерилерге, өрт сөндірушілерге, геологтарға студенттерге, оқушыларға), сондай-ақ, жекелей спорт түрлеріне, әсіресе жоғары жетістікті спортқа қатысты ескеріп, бағалау қажет екендігін есте сақтау қажет.

Slide 10

3. Адаптация к физическим нагрузкам.

3. Дене жүктемелеріне бейімделу. Физиологиялық бейімделу - ағзаның қоршаған ортаның өзгерістеріне қалыптасу негізінде жатады және оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығын - гомеостазды сақтауға бағытталады.

Бейімделу реакциялары жалпы (арнайы емес) және жекелей (арнайы) болып бөлінеді. Жалпы реакциялар кез келген күшті, ұзақ әсерден туындап, ағза қызметінің бірегей ығысуымен жүреді. Жекелей немесе арнайы реакциялар әсер ететін фактордың (дене жүктемесінің, суықтың, гипоксияның) сипатына және қасиеттеріне байланысты болады. Жалпы реакциялар жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің және стресс-синдромның күшті қозуынан туындайды. Арнайы реакциялар экстремалді жағдайларда айқындалады, олар қоршаған ортаның нақты бір жағдайларына (космостық корабльде ұшу, суға сүңгу) бейімделуге бағытталған.

Slide 11

Бейімделу кезеңдері. Ағзаның бұлшық ет қызметіне бейімделуінің үш кезеңі бар.

Бірінші кезең - жедел бейімделу жұмыс бастала салысымен қалыптасады. Қимыл жауабы күші, уақыты бойынша жеткіліксіз болады, үйлесімділігі нақты болмайды. Жаттықпаған адамның жүгіруін мысал етуге болады. Қимылдардың жүйкелік-гуморалді реттелуі мен қызмет етуші мүшелердің механизмдері жетілмеген болады. Стресс реакция және вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің реакциясы басым айқындалады. Гипофиз гормондарының әсерінен нуклеин қышқылдары мен белоктар түзілуіне ықпал ететін андрогенді және бүйрекүсті безі гормондары көптеп бөлінеді.

Екінші - жеделден ұзақ бейімделуге өтуді қамтамасыз етеін өтпелі кезең. Бұл кезеңде ОЖЖ-де шартты қимыл реакцияларының жинағы қалыптасады, олар қызмет бағдарларын өзара және вегетативті қамтамасыз ету жүйелерімен байланысын жетілдіреді.

Үшінші - ұзақ бейімделу кезеңі. Бұл кезеңде ұлпалардың бейімделу гормондарына сезімталдығы артады да, мұндай гормондардың бөлінуі азаяды. Қаңқа бұлшық еттерінде күшке жаттығу кезінде бұлшық еттердің миофибриллярлы және төзімділікке жаттығу кезінде саркоплазмалық гипертрофиясы дамиды. Сыртқы тыныс алу мен қан айналым жүйелерінің қызметі артады.

Бұл кезеңде жалпы және арнайы жұмысқабылеттілік артады, ағзаның қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне сезімталдығы төмендейді, Осыған орай, бейімделудің тоғысу жолы айқындалады, оның мәні - бір факторға бейімлделу кезінде біруақытта қоршаған ортаның басқа факторларына да (гипоксия, суық, жылы) бейімделу жүреді, яғни бейімделу механизмі мен оның құрылымы бір.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АЙНЫМАЛЫ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРЫ
Кәсіпорынның материалдық қорлары
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы
Кәсіпорын. Кәсіпорынның өндірістік қорлары
Кәсіпорын және оның өндірістік қорлары
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары туралы
Кәсіпорынның өндірістік қорлары және амортизациясы
Гормондар биохимиясы. Гормондар және адаптациялық процестер
Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіншіліктердің өзгеруі
ОВЕН БЛК - БАҒДАРЛАМАЛАНАТЫН ЛОГИКАЛЫҚ КОНТРОЛЛЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz