Педагогика ғылымының тарихы


Slide 1

Педагогика ғылымының тарихы

Slide 2

Жоспар:

1. Ерте дәуірдегі педагогикалық ой-пікірлердің дамуы

2. Орта ғасырдағы тәрбие мен оқыту мәселелері. Гуманист педагогтардың педагогикаға қосқан тың үлесі

3. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда шетел мектебі мен педагогикасының дамуы

4. Орыстың революцияшыл-демократ педагогтары және кеңестік педагогика

Қазақстанда XIX-XX ғасырда педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасып, дамуы

Slide 3

Ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде дамыды, философияның элементтері ретінде қарастырылды.

Ерте дәуірдегі педагогика

Саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырды

Ежелгі дәуірдің ұлы ойшылдары

Сократ (469-399 б, э. д. жж), Платон (427-347 б. э. жж. ), Аристотель (384-322 б. э. д. жж), Демокрит (б. э. д. 270 ж. шамасында өмір сүрген)

Қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және өндірісті дамыту талабынан туған.

Slide 4

Сократ оқу және тәрбиелеуде оқытудың сұрақ-жауап әдісін жасады.

Платон - Сократтың шәкірті. «Мемлекет туралы» трактаты бар. М. д. тәрбиеде ойынның рөлін бағалады. Құлдардың балаларына білім беруге қарсы болды.

Аристотель этикалық тәрбиеге аса жоғары мән берді. Тәрбие - дене, адамгершілік және ақыл-ойдың бірлігі деді. Отбасы тәрбиесін өте жоғары бағалады.

Демокрит - ақыл-ойды сезімнен жоғары қойды. Этиканы өз алдына жеке ғылым саласы деп тұңғыш танып, мінез-құлықтың педагогикалық-психологиялық негізін салды.

Slide 5

Орта ғасырдағы педагогикалық ойлар

Өкілдері:

философ Августин (б. э. д. 354-430 жж),

дінтанушы

Фома Аквинский

Шіркеу қоғамның рухани өміріне үстемдік жасап, тәрбиені діни бағытқа салды.

Slide 6

Қайта өрлеу дәуіріндегі

(ХІV-ХVІ ғғ) педагогика.

Гуманистік бағытта болды. «Мен - адаммын, сондықтан маған адамгершілік бөтен емес» деп ұрандатты.

Өкілдері: Ф. Рабле, М. Монтень, Т. Мор, Т. Кампанелла, В. Ратке

Дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика, астрономия, механика, жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті, баланы бағалауды жақтады. оқуды еңбекпен байланыстыру қажеттігін айтты.

В. Ратке Еуропада бірінші болып балаларға арнап оқулықтар және мұғалімдер үшін оқу-әдістемелік құралдар жазды.

Педагогикада тұңғыш рет «Дидактика» ұғымын енгізді.

Педагогика өз алдына жеке ғылым болып бөлініп шықты.

Slide 7

Чех халқыны ұлы педагогы -

Ян Амос Коменский

(1592-1670)

«Ұлы дидактика» (1657ж),

“Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” (1631),

“Аналар мектебі”

Ол прогресшіл бағытта болды. Барлық балаларды жаппай оқытуды қолдады. Отбасы тәрбиесін жоғары қойды.

«Мектеп - адамгершілік шеберханасы болуға тиіс» деген көзқарасты ұсынды. “Білімділер нағыз адам . . . ” деп есептеді.

Тұңғыш рет сыныптық-сабақ жүйесінің негізін талдап жасады.

Slide 8

ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда шетел

мектебі мен педагогикасының дамуы.

Джон Локк

(1632-1704)

«Тәрбие туралы ойлар» (таза тақта), «Ақылды тәрбиелеу»

Францияда К. А. Гельвеций «Адам».

Д. Дидро

Жан-Жак Руссо (1712-1778) «Эмиль немесе тәрбие туралы» романы, «еркін тәрбие» теориясы

«Прогресшіл» көзқараста болды. Адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді.

Неміс педагогы А. Дистервег тәрбиені табиғатпен байланыстырды. И. Ф. Гербарт тәрбие мақсаты тәртіп деді.

Швейцарияның педагог-демократы И. Г. Пестолоцци «Лингард и Гертруда»

Slide 9

Орыстың революцияшыл-демократ педагогтары және кеңестік педагогикасы

Революциялық-демократияшыл ойдың негізін салушылар:

А. Н. Радищев, В. Г. Белинский А. Н. Герцен; Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов - орыстың рухани көсемдері болды

Демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар:

Н. И. Пирогов, К. Д. Ушинский,

Л. Н. Толстой сословиелік мектепті қатты сынға алып, халық тәрбиесін түбірімен өзгертуге шақырды.

Кеңес педагогикасы жаңа қоғам адамын тәрбиелеу идеяларын жасай бастады.

Н. К. Крупская (сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, пионер қозғалысы, “Халық ағарту ісі және демократия”) ;

А. С. Макаренко (ұжым туралы ілім, «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер» және т. б. ) ;

А. С. Сухомлинский «Балаға жүрек жылуы», “Ұлыма хат” т. б. ) .

Slide 10

Ш. Ш. Уәлиханов (1835-1865)

Қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, халқының мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады.

«Тек ақиқат білім ғана

адамға күдік туғызбайды,

ол өмірді бағалауға,

тұрмыс құруға үйретеді»

Slide 11

Ы. Алтынсарин (1841-1889)

Демократиялық-

ағартушылық

бағытта болды

Мектеп ашты, оқуқұралдарын

жазды, қазақ

балаларын

оқуға тартты

Торғайда - қолөнер,

Қостанайда - ауылшаруашылығы

училищелері,

Ырғызда қазақ қыздарына

арнап мектеп-интернат

ашуға ықпал етті.

Тәлімгер-ұстаздар дайындап, оларға ғылыми-әдістемелік басшылық жасады.

Қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты

Slide 12

А. Құнанбайұлы (1845-1904)

Поэтикалық шығармалары

мен «Ғақлия» сөздері

педагогикалық

ой-пікірлерге

толы.

жастарды халқының

әдеп-ғұрпы, салт-санасы,

дәстүрінен тәлім-тәрбие

алуға шақыруы

дүниежүзілік педагогика

классиктерінің

ой-пікірлерімен үндеседі.

Еңбектерінде табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы, адам жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы айтылады.

Slide 13

А. Байтұрсынұлы (1873-1937)

Ауыл мектебінде,

семинарияларда

бала оқытты.

1912 жылы тұңғыш оқу құралы «Әліппені» жазды.

1912 жылы араб графикасын қазақ тіліне икемдеп, төте жазуды ұсынды.

Ол ұсынған жаңа әліпби

1913 жылдардан бастап мұсылман медреселері

мен орыс-қазақ мектептерінде

қолданыла бастады.

Балалардың қазақша сауат ашуын, оқудың ана тілінде жүргізілуін

талап етті.

Slide 14

М. Дулатов (1885-1935)

Ы. Алтынсариннің

ұстаздық идеяларын

әрі қарай дамытты.

А. Байтұрсынов

сияқты оқу-тәрбие

мәселелеріне

ғылыми тұрғыдан қарады.

шәкірттердің жаңа

бағдарламалар

арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға

сәйкес сабақ жүргізуіне

ерекше мән берді.

«Есеп құралы» (1921)

қазіргі кездегі математикадан

оқу кітаптарын құрастырушылар

үшін теңдесі жоқ үлгі болды.

Slide 15

Н. Құлжанова (1887-1934)

Мектепке дейінгі тәрбие

мәселесінің негізін қалауға

қатысқан педагог.

«Мектепке дейінгі

балаларды тәрбиелеу»

(1924)

атты педагогикалық

жинақ-нұсқау кітабы бар.

Slide 16

Р. Г. Лемберг (1888-1975)

Педагог, ғалым,

Қазақстан ғылымына

еңбек сіңірген

қайраткер, профессор.

«Сабақ құрылысының мәселелері» (1941),

«Сабақта оқушылардың білімі мен іскерлігін жетілдіру» (1942) т. б. ірі еңбектері жарияланды.


Ұқсас жұмыстар
Педагогика - тәрбие және оқыту туралы ғылым
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Педагогиканың шығу тарихы
Педагогика ғылымының салалары, басқа ғылым салаларымен байланысы
Педагогика ғылымының салалары
Теория негізі
Педагогика ғылымы
Педагогикалық теория
Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz