Вегетативі нерв жүйесі


Slide 1

<<Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы>> АҚ

АО <<Южно-Казахстанская медицинская академия>>

«Морфофизиология» кафедрасы

Презентация

Тақырып: “Вегетативі нерв жүйесі”

Шымкент 2024ж.

Орындаған: Маратұлы Н.

Тобы: ЖМҚ(Б) -03-23

Қабылдаған: Джубанишбаева Г. Н

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Вегетативті нерв жүйесінің құрылысы мен бөлімдері.

Вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі.

Симпатикалық сабау, оның түйіндері.

Іш қуысының және жамбастың вегетативтік өрімдері.

Вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Нерв жүйесі (Systema nervosum) - анатомиялық-қызметтік ерекшеліктеріне байланысты Сомалық (Анималдық), Вегетативтік (Автономдық) болып бөлінеді.

Вегетативтік (автономды) нерв жүйесі, systema nervosum autonomicum, жүректі, кан және лимфа тамырларды, ағзаларды және кұрамында бірыңғай-салалы жасушалары мен безді эпителийі бар кейбір ағзаларды нервтендіретін нерв жүйесінің бөлігі. Systema nervosum autonomicum барлық ішкі ағзалар жүмысына жауапты, алмасу, адам денесіндегі барлық ағзалар мен тіндердің трофикалык процестерін реттейді, организмнің ішкі ортасының түрақтылығын қолдайды.

Вегетативтік нерв жүйесінің қызметі біздің санамызға бағынбайды. Ол жүлынға, мишықка, гипоталамусқа тәуелді.

Slide 4

Вегетативті (автономды) нерв жүйесі орталық және перифериялық бөлімдерге болінеді. Орталык боліміне:

ми бағанасында орналасатын III, VII, IX, X жүп ми нервтерінің парасимпатикалық ядролары;

жүлынның VIII мойын, барлық кеуде және екі жоғарғы бел сегменттерінің (CVIII, ТҺ-ТҺ2) бүйір аралық бағанасында орналасатын вегетативтік (симпатикалық) ядро;

жүлынның үш сегізкөз сегменттерінің сүр затында орналасатын сегізкөз парасимпатикалық ядролары, nuclei parasympathici sacralis (SII-SIV) жатады

Вегетативтік нерв жүйесінің перифериялык боліміне:

жұлын мен мидан шығатын вегетативтік (автономды) нервтер, тармақтар және нерв талшықтары {nn, rr et neurofibroe autonomici (visceralis) ;

вегетативтік (автономды, висцералді) өрімдер, plexus autonomic (visceralis) ;

вегетативті (автономды, висцералді) өрімдер түйіндері, ganglia plexum autonomicum (visceraliит) ;

симпатикалық сабау жэне оның түйіндері, түйінаралық, дәнекер тармақтары, симпатикалық нервтері, truncus symphaticus (оң, сол) ;

вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық болігі - соңғы түйіндері, ganglia terminalia, жатады

Вегетативтік нерв жүйесі орталық болімі ядроларының нейрондары орталык нерв жүйесінен (жүлын, ми) нервтендірілетін ағза жолындағы бірінші эфферентті нейрондар болып саналады. Осы нейрондар өсінділерінен түзілген нерв талшықтары түйіналды (преганглионарлық) талшыктар атауын алады, олар вегетативтік нерв жүйесі перифериялық бөлігінің түйіндеріне дейін жүріп, осы түйіндер жасушасында синапстармен аяқталады. Вегетативтік нерв жүйесінің перифириялык бөлімінің түйіндері күрамында нервтендіретін ағза жолындағы екінші эфферентті (эффекторлы) нейрондар денесі бар. Эфферентті жолдың екінші нейрондарының өсінділері вегетативтік түйіндерден нерв импульсін жүмыс ағзасына (бірыңғай-салалы мускулатураға, бездерге, тіндерге) апарып, түйінарты, постганглионарлык нерв талшығы атауын алады. Олар миелин кабығының болмауына байланысты сүр түстес.

Slide 5

Негізгі бөлім

Вегетативтік нерв жүйесі вегетативтік ядролары мен түйіндерінің топографиясына, эфферентті жолдың бірінші және екінші нейрондарының үзындығы айырмашылығына, қызмет ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке: симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігіне (pars sympathica) :

Truncus sympaticus-Симпатикалық сабау

Ganglion cervicothoracicum (stellatum) -Мойын-кеуде түйіні

Ganglion cervicale medium-Ортаңғы мойын түйіні

Ganglion cervicale sup-Жоғарғы мойын түйіні

A. carotis interna-Ішкі ұйқы артериясы

Plexus coelicus-Құрсақтық өрім

Plexus mesentericus sup-Жоғарғы шажыркай өрімі

Plexus mesentericus inf-Төменгі шажыркай өрімі

Slide 6

Симпатикалық сабау -truncus sympathicus, - омыртка бағанының бүйірінде орналасатын жүп құрылым. Ол өзара түйінаралық тармақтармен (rr. interganglionares) байланысатын 20-25 түйіннен түрады. Симпатикалык сабау түйіндері, ganglia trunci sympathici, ұршықтәрізді, сопақ және көпбүрыш пішінді. Симпатикалык сабау омыртка бағанасының алдыңғы бүйір бетінде орналасқан. Симпатикалык сабауға тек ақ дәнекер тармактар кіреді. Симпатикалык сабаудан сүр дәнекер тармактар мен ішкі ағзаларға баратын нервтер шығады. Жүлын нервтерінен тармақталатын түйіналды нерв талшықтарының будасы және жақын орналасқан симпатикалык сабаудың түйініне кіретін буда ақ дәнекер тармақ, г. соmmunіcans albus, атауын алады.

Ақ дәнекер тармақтар тек VIII мойын, барлык кеуде және екі жоғаргы бел, жүлын нервтерінде бар және симпатикалык сабаудың барлык кеуде (мойын-кеуде қоса) жэне жоғарғы екі бел түйіндеріне барады. Ак дәнекер тармактар симпатикалык сабаудың мойын, төменгі бел, сегізкөз жэне кұйымшақ түйіндеріне бармайды. Аталмыш түйіндерге преганглионарлық талшыктар симпатикалық сабаудың түйінаралық тармактарымен барады, өз жолында сәйкес кеуде және бел түйіндері арқылы үзілмей жүреді. Симпатикалык сабау түйіндерінің барлық деңгейінде сүр дәнекер тармақтар, rami comunicantes grisei, шығып көршілес жұлын нервтеріне бағытталады. Сүр дәнекер тармактар қүрамында симпатикалык сабаудың түйіндерінде жататын жасушалар өсінділері - постганглионарлық нерв талшыктары бар.

Симпатикалык сабауды топографиясы бойынша 4 бөлімді: мойын, кеуде, бел, сегізкөз ажыратады

Slide 7

Симпатикалык сабаудың іштік бөлігі, pars abdominalis trunci sympathici өрімі

Құрсактық өрім, plexus celiacus, құрамында превертебралді қүрсақтық түйін, ganglion сеliacum, немесе жартылай айтәрізді түйіндері, ganglia semilunaria (BNA) бар вегетативтік өрімдердің ең ірі өрімі. Қүрсактық өрім, кұрсақтык сабау негізінің жан-жағында орналасатын тақ күрылым, ол латералді бүйрекүсті бездеріне дейін таралады. Өрім өзінің жоғарғы бөлігімен кеуделік қолқа өрімімен, төменгі бөлігімен жоғарғы шажырқай өрімімен байланыскан.

Құрсақтык өрімге келесі тармақтарын береді:

а) Үлкен ағзалық нерв, n. splanchnicus major.

б) Кіші агзалык нерв, n. splanchnicus minor.

в) Кезбе нерв, n. vagus,

г) Симпатикалык сабаудың (оң және сол) бел түйіндері, ganglia lumbalia trunci sympathici.

д) Кеуде қолка өрімі, plexus aorticus thoracicus.

е) Көкет нерві, n. phrenicus

Slide 8

Екінші реттік өрімдер жұп және тақ болып бөлінеді: Жұп өрімдер:

Көкектік өрім (төменгі), plexus phrenicus (inferior), a. phrenica inferior жолында жатады; оның тармактары кұрсак куысына тесіп өтетін көкеттік, нервтің кұрсактык тармактарымен байланысады,

Бүйрекүсті орімі, plexus suprarenalis; осы орімнің тармактары кұрсақтық өрімнің коршілес жатқан түйіндерімен жүріп, бүйрекүсті артерияның тармактарымен косарлана жүреді. Өрімге кейбір тармақтар бауырлық өрімнен жэне кіші ағзалық нервтен келеді.

Бүйрек орімі, plexus renalis оның қалыптасуына кұрсактык өрімнің тармактарымен бірге іштік қолқаның тармактары, сонымен катар кіші агзалык нервтің болігі жэне ең кіші агзалык нерв қатысады

Атабез өрімі, plexus testicularis, іштік колканың жэне бүйрек орімінің тармактарымен түзіледі;

Slide 9

Тақ өрімдер:

Бауыр өрімі, plexus hepaticus, кұрсақтық өрімнен тармақталатын сабаушалармен түзіледі.

Көкбауыр өрімі, plexus lienalis; оның түзілуіне күрсақтық өрім жэне кезбе нервтердің жалпы арткы сабау тармақтары қатысады.

Жоғарғы асқазан өрімі, plexus gastricus superior, оның түзілуіне кұрсақтык өрім жэне кезбе нервтердің жалпы сабаулары тармактары қатысады.

Төменгі асказан өрімі, plexus gastricus inferior, оның кұрамына қүрсақтық жэне жоғарғы шажырқай өрімдерінің нервтері кіреді, ол асказан-он екі елі ішек артериясы мен оның тармақтарымен қосарлана жүреді.

¥йкыбез өрімі, plexus pancreaticus; оның кұрамына қүрсактық, бауыр, жоғарғы шажырқай жэне көкбауыр өрімдерінің тармактары жэне сол бүйрек өрімінің тармактары кіреді.

Slide 10

Парасимпатикалық нерв жүйесінде симпатикалык нерв жүйесі сияқты орталық, милык бөлігін және перифериялык бөлігін ажыратады. Орталық бөлік ми мен жүлынның әртүрлі бөлімінде жататын жасушалар жйынтығын көрсетеді. Орталык бөлік бассүйектік бөлікке pars cranialis (немесе милық бөлік pars encephiolica), және сегізкөз бөлігіне, pars sacralis бөлінеді.


Ұқсас жұмыстар
Нерв ұлпасының құрылысы мен маңызы
Нерв жүйесінің қызметтері
НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Орталық нерв жүйесі
ШЕТКІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ СОМАТИКАЛЫҚ БӨЛІГІ
Балалар бас миының анатомиясы туралы
Орталық жүйке жүйесі. Нерв жүйесінің құрылысы
Балалар бас миының анатомиясы
Нейрондардың ядросы
Нерв жүйе ағзаларының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz