Тіласты нерві




Презентация қосу
«Морфофизиология» кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Қосымша (ХІ жұп), тіл асты нервтері (ХІІ жұп).

Орындаған : Ғазиз Аружан
Топ: ВМ-СҚБ-02-23
Қабылдаған:Бақтияр Г.М.
Шымкент 2024
Жоспар
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
• Қосымша нерв.
• Тіласты нерві.
3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиет.
Кіріспе

Бас сүйек нервтері (лат. nervi craniales) – бұл
мидың әртүрлі бөліктерінен шығып, басты,
мойынды, кеудені және іш қуысының белгілі
бір аймақтарын иннервациялайтын 12 жұп
нервтен тұратын жүйке жүйесінің бөлігі. Олар
мидың төменгі беткейінен басталып, арнайы
тесіктер мен каналдар арқылы шығып, әртүрлі
ағзаларға және ұлпаларға жетеді.
Қосымша нерв, n. accessorius
Қосымша нерв, n. accessorius (XI жұп) қимыл.
Қосымша нервтің ядролары, nuclei nervi accessorii,
екі жерде орналасады. Қосымша нервтің церебралді
ядросы, nucleus cerebralis nervi accessorii,
ромбтәрізді шұңқырдан төмен сопакша мида
орналасады. Осы ядродан шығатын талшыктар
қосымша нервтің церебралді бөлігін түзеді, ол ми
негізіне олива артындағы сопакша ми жүлгесінен
көрінеді. Қосымша нервтің екінші ядросы,
жұлындық ядро, nucleus spinalis nervi accessorii,
жоғарғы бес-алты мойын сегменттері деңгейіндегі
жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде жатады.
Сопакша мидан шығатын бассүйектік түбіршіктері,
radices сrапiаles, төрт-бес мөлшерінде қосымша
нервтің жоғарғы немесе церебралді түбіршігін
құрайды.
Жұлынның алдыңғы және артқы түбір-
шіктерінің арасындағы бүйір
өзекшелерден шығатын жұлындык
түбіршіктер, radices spinales, бірігіп,
косымша нервтің жұлындық
түбіршігін түзеді, ол жоғары көтеріліп
үлкен шүйде тесігі арқылы бассүйек
куысына кіреді.
Осы тұста талшықтардың екі тобы
байланысып, косымша нервтің жалпы
сабауын түзеді, ол бассүйек куысынан
(IX және X жүп нервтермен бірге)
мойындық тесік арқылы шығып, екі
тармакка бөлінеді.
1) Ішкі тармақ, ramus internus (n. accessorius
vagi), кезбе нервтің кұрамына кіреді, бұл
тармақтың көбі церебралді бөлік
талшыктары.
2) Сырткы тармак, ramus externus (n.
accessorius spinalis), төмен жүріп, төменгі
жақсүйек бүрышы тұсында, төс бүғана
емізіктәрізді бүлшыкет астында артка иіледі;
осы жерде нерв бүлшықетке тармак беріп,
оның қалындығында мойын өрімінің
тармактарымен байланысады. Кейін нерв
аталмыш бұлшықеттің сырткы жиегі астынан
сыртқы мойын үшбүрышы аймағына шығып,
трапециятәрізді бұлшыкеттін алдынғы
жиегіне кіріп, бүлшықетті нервтендіреді.
Тіласты нерві, n.hypoglossus

Тіласты нерві, n.hypoglossus (XII жұп) кимыл. Тіласты нервтің
ядролары, nuclei nervi һуpoglossi, сопақша мидың дорсалді
бөлігінің ортаңғы бөлімінде жатады. Ромбтәрізді шұңқыр
жағынан trigonum n.hypoglossi аймағында проекцияланады.
Тіласты нерв ми затынан 10-15 түбіршіктерімен сопақша мидың
оливасы мен пирамидасының арасындағы жүлгеден шығады.
Түбіршіктер жалпы сабауға бірігіп, бассүйек куысынан canalis n.
hypoglossi арқылы шығып, кезбе нерв пен ішкі мойындырық
вена арасымен төмен жүреді.Ол тіл бұлшықеттеріне кіріп,
оларды нервтендіреді.
Тіласты нерв өз жолында бірнеше қатар тармақтар береді, олар
солардың көмегімен басқа нервтермен байланысады.
Байланыстар:
а) Симпатикалык сабаудың жоғарғымойын түйінімен
байланыстыратын дәнекер тармак;
б) Кезбе нервтің жоғары түйінімен байланыстыратын дәнекер
тармак;
в) Бірінші мойын ілмегімен байланыстыратын дәнекер тармак;
г) Екінші мойын ілмегімен байланыстыратын дәнекер тармак;
д) Кезбе нервтің тіл тармағымен байланыстыратын дәнекер
тармак;
е) Үшкіл нервтің тіл нервімен байланыстыратын дәнекер
тармақ:
Тармақтар:

Тармақтар:
Менингиалдық тармактар, n. mеningei,
тіласты нервтен canalis n. hypoglossi
аймағында тармақталып, шүйде
қойнауының кабырғасына барады.
Мойын ілмегінің жоғарғы түбіршегі, radix
superior ansae cervicalis, кұрамында тіласты
нервтің және бірінші мойын ілмегінің
талшыктары бар.
Төмендеген тармағы ішкі
мойындырык венаның алдыңғы
бетімен төмен түсіп, мойын ілмегін,
ansa cervicalis, түзетін бірінші, екінші
және үшінші мойын нервтерінің
тармақтарында жатады
Тілдік тармақтар, rr.linquales, тіласты
нервтің соңғы тармақтары, тілдің
төменгі бетіне барып, тілдің меншікті
және каңқалық бұлшықеттерін
(mm.longitudinales, superior et inferior,
m.verticalis linguae, m.transversus
linguae, m.hyoglossus, m.genioglossus,
m.styloglossus) нервтендіреді.
Қорытынды

Қорыта келгенде, бас сүйек нервтері – адамның жүйке жүйесінің
маңызды бөлігі болып табылады. Олар мидың әртүрлі
бөліктерінен шығып, бет, мойын, кеуде және іш қуысының
ағзаларын иннервациялайды. Әрбір нервтің өзіне тән қызметі
бар, соның арқасында адам көру, есту, иіс сезу, дәм сезу сияқты
сезімдерді қабылдайды, бет бұлшықеттерін қозғалтады, сондай-
ақ тыныс алу, жүрек соғу және ас қорыту сияқты ішкі
процестерді бақылайды. Осы нервтерге байланысты бұзылыстар
дененің көптеген функцияларына әсер етіп, күрделі ауруларға
алып келуі мүмкін. Сондықтан бас сүйек нервтерінің
құрылымын, қызметін және патологияларын терең түсіну
дәрігерлер мен медиктер үшін өте маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ү.Ж. Жұмабаев; Ә.Б. Әубәкіров, Т.М. Досаев, Т.С. Қосманбетов, М.3.
Шайдаров
«Адам анатомиясы. Атлас»; 4-том; 188-199 беттер
https://meduniver.com/Medical/Anatom/466.html

Ұқсас жұмыстар
VII бет нерві
Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы Жоғарғы көмей нерв нейропатиясы Тіласты нерві нейропатиясы
Nervus trigeminus тройничный нерв, смешанный
Төменгі жақ - бассүйек сүйектерінің ішіндегі жалғыз қозғалмалы, жұпсыз сүйек
ҮШКІЛ ЖҮЙКЕ АДАМНЫҢ ЖАҒЫН
Үшкіл және бет нервтері
Мойын бұлшықеттері
Ромб тәрізді шұңқыр
Үшкіл нерв
Төменгі жақ сүйегі патологиясының МРТ диагностикасы
Пәндер