Оқушылардың танымдық саласы


Slide 1

Оқушылардың танымдық саласы. Диагностика жүргізу.

Оқушылардың танымдық дамуын бағалау және олардың білім алуына көмектесу үшін жүргізілетін маңызды процесс.

Орындаған: Сейдкасимова Айгерим

Қабылдаған:

Slide 2

Танымдық Процестер

Ойлау

Проблемаларды шешу, қорытынды жасау, логикалық байланысты түсіну қабілеттері

Есте Сақтау

Ақпаратты есте сақтау, сақтау және қажет болғанда қайтару қабілеті.

Зейін

Нақты ақпаратқа шоғырлану және басқа ықпалдарды елемеу қабілеті.

Қабылдау

Ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдау, талдау және түсіну.

Қиял

Жаңа бейнелер мен идеяларды құру қабілеті

Тіл және сөйлеу

Ойды дұрыс және түсінікті жеткізу, жаңа ақпаратты меңгеру

Slide 3

Танымдық саланы диагностикалаудың маңызы

Оқушылардың танымдық саласын диагностикалау

олардың зияткерлік қабілеттерін түсінуге, оқу

процесінде қандай қолдауды қажет ететінін

анықтауға және олардың даму деңгейін бағалауға

мүмкіндік береді. Диагностика арқылы мұғалімдер

оқушылардың оқу материалын қалай

қабылдайтынын, есте сақтайтынын,

ойлана алатынын және жаңа ақпаратты игеретінін

анықтайды.

Slide 4

Ойлау диагностикасы

Ойлауды диагностикалау үшін түрлі тапсырмалар мен тесттер қолданылады:

Логикалық тапсырмалар: Оқушыларға әртүрлі логикалық сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады, мысалы, аналогияларды табу, себеп-салдар байланыстарын анықтау.

Мәселелерді шешу тапсырмалары: Оқушыларға белгілі бір мәселені шешуге арналған тапсырмалар беріледі, олардың шешу жолдарын табу қабілеті бағаланады.

Slide 5

Аналогиялық тапсырмалар

Қоян капуста жейді

А) Сиыр сүт береді

Б) Тиін жаңғақпен қоректенеді

В) Қойдан жүн алады

Г) Тауық жұмыртқа туады

Піл:құмырсқа

А) тасбақа:түйе

Б) кит:тышқан

В) ешкі:қой

Г) ара:шыбын

Slide 6

Аналогиялық тапсырмалар

Ботаника:Биология

А) Тарих:Кітап

Б) Алгебра:Геометрия

В) Хирургия:Медицина

Г) Физика:Механика

Метр:сантиметр

А) Үй:Этаж

Б) Пойыз:Вагон

В) Минут:Секунд

Г) Апта:Ай

Slide 7

Аналогиялық тапсырмалар

Ірімшік:Балқытылған

А) Айран:Сұйық

Б) Қаймақ:Майлы

В) Сүзбе:Бағын

Г) Сүт:Піскен

Шам: Жарықтандыру

А) Сіріңке:Шағу

Б) Күн:Көтерілу

В) Шырақ:Жану

Г) Пеш:Жылыту

Slide 8

2. Есте сақтау диагностикасы

Сөздік тесттер

Сөздік тесттер: Оқушыларға белгілі бір уақыт аралығында есте сақтау үшін сөздер тізімі беріледі. Содан кейін олардан осы сөздерді қайта айтып беруі сұралады

Пиктограммалар

Сөздік тесттер: Оқушыларға есте сақтау үшін суреттер жиынтығы ұсынылады. Олар белгілі бір уақыттан кейін осы суреттерді қайта салу немесе сипаттау арқылы өздерінің есте сақтау қабілетін көрсетеді

Санды есте сақтау

: Оқушыларға белгілі бір уақыт аралығында әр түрлі сандар тізбегі беріледі. Содан кейін олардан осы сөздерді қайта айтып беруі сұралады

Slide 9

3. Зейін диагностикасы

Зейінді анықтауға арналған әдістер:

Коррекциялық тесттер: Оқушыларға арнайы мәтін немесе сандар жиынтығы беріледі, олардан белгілі бір әріптерді немесе сандарды табу сұралады.

Шульте кестелері: Бұл әдіс бойынша оқушылар берілген кестеден ретімен сандарды табуы керек. Бұл зейіннің тұрақтылығын бағалауға көмектеседі.

Қабылдау процесін бағалау әдістері:

Гештальт-психология әдістері: Оқушыларға түрлі фигуралар немесе объектілер көрсетіледі, олардан фигуралардың бөліктерін біртұтас түрде қабылдау сұралады.

Таңдамалы қабылдау тесттері: Оқушыларға бір уақытта бірнеше ақпарат көзін көрсетіп, олардың біреуін таңдап алуы сұралады. Бұл тапсырма зейіннің таңдамалығын және қабылдау қабілетін тексеруге мүмкіндік береді

4. Қабылдау диагностикасы

Slide 10

5. Қиял диагностикасы

Қиялды бағалауға арналған әдістер:

Шығармашылық тапсырмалар: Оқушыларға белгілі бір тақырыпқа сәйкес әңгіме жазу немесе сурет салу тапсырмалары беріледі. Бұл тапсырмалар олардың шығармашылық ойлау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

6. Тіл және сөйлеуді диагностикалау

Тіл және сөйлеу диагностикасы үшін:

Тесттер және мәтіндермен жұмыс: Оқушыларға мәтіндерді оқып, оларды қысқаша мазмұндау немесе талдау ұсынылады. Олардың сөйлеу мәдениеті, сөздік қоры және ойды жеткізу қабілеті бағаланады.

Slide 11

4. Диагностика нәтижелерін талдау

Танымдық процестерді диагностикалаудан алынған мәліметтер оқушылардың оқу процесіндегі қиындықтарын анықтап, оларға жеке көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Диагностикалау нәтижелері бойынша мұғалімдер оқыту бағдарламасын түзетіп, жеке оқу жоспарларын жасай алады.

Даму ерекшеліктерін анықтау: Диагностика оқушылардың қандай танымдық процестері әлсіз дамығанын анықтауға көмектеседі. Мысалы, есте сақтау проблемалары бар оқушыларға арнайы әдістер арқылы есте сақтау қабілетін дамыту жаттығулары ұсынылады.

Мақсатты қолдау: Диагностика арқылы оқушыларға қажет қолдау деңгейі анықталады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт немесе жеке тапсырмалар беру қажеттілігі туындауы мүмкін.

Slide 12

Қорытынды: Танымдық Дамуды Ілгерілету Жолдары

Оқушылардың танымдық дамуына ықпал ететін жағдайларды жасау, олардың қызығушылығын ояту, қолдау көрсету.

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Оқытудың тәжірибелік әдістері
Дидактика - педагогикалық маңызды саласы
Педагогика ғылымының әдіснамасы
Биология сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Оқыту процесінің мәні
Оқытудың дидактикалық теориялары
Интеграциялау принципі
Дарынды шығармашылық деңгейге жету
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНЫПТАНТЫС ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕРІ
Тұлғаның функционалды сауаттылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz