АБАЙ ЛИРИКАС


Slide 1

АБАЙ

ЛИРИКАСЫ

Жоба авторы:Кәусар Абдурахим

Жоба жетекшісі: Назира Қалдыбекова

Жаңақорған ауданы

№213 орта мектебі

Slide 2

МАЗМҰНЫ: АҢДАТПА 5-6 I. КIPICПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . 7-8 II. НЕГIЗГI БӨЛIМ 2. 1. Абайдың сөз саптау ерекшелігі . . . . . . . . . 9-10 2. 2. Абай лирикасындағы адамның көңіл күйін табиғатпен суреттеу ерекшелігі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10-11 2. 3. Табиғатты жырлаудағы Абайдың ақындық шеберлігі……. . . . . . . . . . 12-14 2. 4. Абай табиғат лирикасын жырлау стилі. . . . . . . . . . . . 15-20 III. ПPАКТИКАЛЫҚ БӨЛIМ 3. 1. Абайдың табиғат лирикасын оқытудағы әдістемелік ұсыныстар. . . . . . . . . . . . . . . . . . 21-23 IV. ҚOPЫТЫНДЫ 24 V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕP ТIЗIМI 25 ПІКІР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26 Ғылыми жұмысының зерттеу күнделігі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27-28

Slide 3

Аңдатпа

Мақсаты: Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдерін толықтай талдап, әдеби - теориялық тұрғыда олардың жазылу ерекшелігін анықтау.

Міндеті: Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдеріне талдау жасау арұылы оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

Гипотеза: Табиғат көріністерін, оған бөленген қазақ даласындағы тұрмыс - халді суреттеуге көптеген өлеңдер арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын табиғат көрінісін мұншалық шебер, терең һәм жан -жақты жырлаған ақын болған емес.

Зерттеу нысаны: Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдері.

Зерттеу әдістері: талдау, салыстыру, зерттеу, түсіндіру, баяндау

Зерттеудің жаңалығы: Ұлы ақынымыз Абайдың өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Осы деректерді зерттеу барысында ғылыми жобаның ойлау, зерттеу, білімді арттыруға тигізетін әсері іс жүзінде оқу процесіне деген ынтаны жоғарлатуға жол ашады. Жұмыс кезінде осы тақырып мектепте зерттеп шықтық.

Өзектілігі: Абайдың асыл мұралары қазір де өзекті, жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды құрал болып отыр. Ендеше, бүгінгі ұрпақ, біз үшін Абай - ұлы ұстаз, ал оның мұралары - Мәңгілік Елдің таусылмас асыл қазынасы. «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деп ақынның өзі айтып кеткендей, Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалында жырымен, нақыл сөздерімен бізбен бірге жасасып келеді.

Slide 4

І. КІРІСПЕ Абай өлеңдерінің бір алуаны -табиғат лирикасы. Табиғат адам баласының еңбек етіп өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршлік табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классикалық ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір әр жағдайда лайықты табиғатты әркім әр түрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл- күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулері белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін таратты. Қайткенімен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алады.

Slide 5

« Табиғат көріністерін, оған бөленген қазақ даласындағы тұрмыс - халді суреттеуге көптеген өлеңдер арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын табиғат көрінісін мұншалық шебер, терең hәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес». З. Қабдолов

« Бұл жылдарда уақыт, заман тудырған тақырыптар дүниеге келді. Әсіресе сол кездегі идеология ақындардың басын бұлтартпастай етіп, жаңа заманға лайық қамыт кигізгендей, тақырып ауқымы тарала бастады. Біріншіден, ақындардың төңкерісті жырлауы міндет болса, екіншіден, жаңа қоғам құрып жатқандықтан таптық аражікті айыру үшін де тап күресі тақырыбын сол тұстағы идеология алға қойды; кедейді жырлау, бай-манап, шынжыр балық, шұбар төстерді сынап - мінеп жазу, 9 байлықтан бас тартып, кедейлік дәстүрге шоқындыру қоғам талабына айналды. Осыған орай кәмпеске тақырыбы да жыр өзегіне айналуы тиіс еді. М. Базарбаев

Ақын шығармашылығы жайлы

Slide 6

Абайдың сөз саптау ерекшелігі

01

Абай заманы - қазақ халқының қайшылыққа толы күрделі кезеңі. Әділетсіздікті көріп өскен Абай медреседе, орыс мектебінде оқыды, бірақ әкесінің бұйрығымен оқуын аяқтай алмады. Ол өз бетімен білімін жетілдіріп, шығыс классиктерін оқып, алғашқы

өлеңдерін жазды. Халықтың жағдайын терең түсініп, әділетсіздік пен надандықты сынға алды. Жастарды ғылым-білімге шақырып, жарқын болашаққа сенді.

Абайдың табиғат лирикасы адам көңіл-күйін табиғатпен үйлесімді жеткізеді. Оның аудармалары түпнұсқа мазмұнын терең сақтап, қазақ поэзиясына жаңа саз әкелді. Қара сөздерінде білім мен еңбекке шақырып, әділетсіздікті сынға алды. Шығармашылығының мәні

- халықты ояту, теңдікті жырлау, қазақ әдебиетінің негізін қалау.

Абай табиғат тақырыбын терең әрі ерекше бейнелейді. Оның «Қыс»,

«Күз», «Жаз» сияқты өлеңдерінде қазақ даласының көркем пейзажы мен көшпелі өмір бейнеленеді. Абай табиғат арқылы адамның ішкі әлемін суреттеген.

Абайдың ақындығы оның табиғат пен қоғамды суреттеу шеберлігінде, терең ойларында көрінеді. Оның өлеңдерінде әр маусымның, қоғамдағы өзгерістердің көрініс табуы ерекше.

02

03

Slide 7

Абай табиғат лирикасын жырлау стилі

Абай табиғатты шынайы бейнелейді. “Желсіз түнде жарық ай” жаздың тыныш түнін сипаттайды: Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Күз” көңілсіздік пен табиғаттың солғын бейнесін береді:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.

Абай табиғатты жоғары деңгейде суреттеп, қазақ әдебиетінде алғаш рет оны жеке тақырып етіп алып, Батыс ақындарының үлгісін ұстанды.

«Қыс» өлеңінде қысты ақ сақалды шал ретінде бейнелеп, оның ел мен шаруашылыққа әсерін көрсетеді.

«Жаз» өлеңінде жазғы табиғат пен адамдардың өмірін суреттейді.

«Күз» өлеңінде күздің суық, көңілсіз бейнесі мен ауыл жағдайы баяндалады.

Slide 8

Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдерінің ерекшелігі

Әдеби -теориялық тұрғыдан негізгі ерекшеліктері

Абайдың табиғат лирикасы қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Ол табиғат пен адам өмірін терең суреттеп, философиялық ойларын жеткізеді. Абай табиғат құбылыстарын метафора, метонимия, теңеу сияқты троптармен бейнелеп, әрбір өлеңінде табиғат пен адамның байланысын көрсетеді. Мысалы, «Қыс» өлеңінде табиғат адам бейнесінде суреттеліп, жанды қимылдармен көрсетіледі. Абайдың өлеңдері көркем сөз, бейнелеу тәсілдерімен байытылып, терең мағыналарға ие.

өмір шындығы мен табиғатты қоса суреттеу ерекшеліктері Абай табиғат пен адам өмірін метафора, теңеу, шендестіру арқылы бейнелейді. «Қыс» өлеңінде

қыстың қаталдығы мен табиғаттың суреттелуі, ал

«Қансонарда» бүркіт пен түлкінің айқасы батырлар жекпе-жегімен салыстырылады. Күз өлеңінде күздің суық көрінісі мен кедей ауылдың тіршілігі көрсетіледі. Абай табиғат пен өмір шындығын терең әрі шебер суреттеген.

Slide 9

Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдерінің ерекшелігі

Абайдың табиғат лирикасында троптың 6 түрін кездестіруге болады:

1. Метонимия -алмастыру

2. Метофора -ауыстыру

3. Синекдоха -мегзеу

4. Аллегория -кейіпте

5. Теңеу

6. Эпитет -пернелеу

1. Метафора немесе ауыстыру грекше метафора көшіру суреттеліп отырған затты немесе құбылысты ақындай ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас затқа балап әсерін күшейту. Мысалы:

Дем алысы үскірік аяз бен қар

Кәрі құда қыс келіп әлек салды

2. Метонимия немесе алмастыру грекше «metenymid» қайтадан атау -өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдан. у Мысалы:

Ауыл ұйқыда,

Теңіз буырқанды

3. Синекдоха немесе мегзеу грекше «synekdoshe» -арақатынасын ашу бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше қолдану. Мысалы:

Шекпен киген қойшы,

Мұртты жігіт

Slide 10

Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдерінің ерекшелігі

4. Аллегория грекше «allegoria»кейіптеп айту. Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстыра суреттеген. Мысалы:

Ақ киімді, денелі ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

5. Теңеу суреттеліп отырған затты не құбылысты өзге нәрселерге теңеп, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы суреттеу. Мысалы:

Бұлттай қасын жауып екі көзі

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып

6. Эпитет немесе пернелеу - өлеңде сын есімнің сұрағына жауап беріп, анықтауыштық қызметатқарады. Мысалы:

Ақ киімді, сұр бұлт көрініс, құбылыстардың бейнелері жарқын. Көгорай шалғыны мен бәйшешегі толысқан жайлау әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігі түгелдей суретке түседі.

Жаздыгүні шілде болғанда

Көкорай шалғын бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда


Ұқсас жұмыстар
М.Әуезов Абай жолы романы
Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары
“Абай – дана, Абай – дара қазақта”. Ақпараттық жоба
Мәнерлеп оқу қабілетін дамыту
Абай Құнанбайұлы саяси көзқарастары
Абай Құнанбаев 1845-1904
Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы арнайы мектеп-гимназия интернаты
Кеңгірбай қай шығарма кейіпкері
Абай Құнанбаев (1845-1904) жайлы
Мұхтар Әуезов (1897-1961)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz