Дене тәрбиесі сабағына қажетті құрал жабдықтар




Презентация қосу
Дене тәрбиесі
сабағына қажетті
құрал жабдықтар
Дене тәрбиесінің құралдары деп - дене
жаттығуларын айтамыз. Адамның денені
қимылдатуы, қозғалуы нәтижесінде денені
дамытуға бағытталған әрекетін дене
жаттығулары дейміз. Қимылдау барысында
дененің бастапқы қалпы өзгереді. Қимыл
адамның еркімен кедергісіз сапалы жасалуы
керек. Кейбір дене қимылдары, сол қимыл
әрекеттерінің элементтері болып келеді.
Мысалы, секіруді орындау үшін аяқтың,
қолдың, мықының қимылы қажет. Бірақ, барлық
қимылдар дене жаттығулары болып
есептелмейді. Тек белгілі бір мақсатты
көздейтін педагогикалық, физиологиялық
заңдылықтар негізіндегі қимылдар ғана дене
жаттығулары болып есептеледі.
Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге)
бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Жарыстық
спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша жоғары спорттық
нәтижелерге жетуге бағытталған.
Дене жаттығуларының жіктелуі: 1.Гимнастикалық жаттығулар - жалпы
дене бітімінің икемділігін, қимылдардың серіппелі, ықшамды, әдемілігін
дамытуға бағытталған. 2.Ойын бағытындағы жаттығулар - қарапайым
жүгіру, секіру, лақтыру, қағып алу, тартылу, өрмелеу, тасымалдау
сияқты қимылдарды қамтиды. 3.Спорттық бағыттағы жаттығулар -
арнайы стандартты техника негізінде орындалатын, белгілі
межеленген көрсеткіштерге жету мақсатына бағытталған.
Дене жаттығулары бұлшық еттерге әсер ету ерекшеліктеріне қарай бірнеше
топтқа жіктеледі. Олар төзімділікті, күшті, икемділікті, қимыл дағдылары
мен дене қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Дене жаттығуларының бұл
жіктелуіне жататын жаттығулар белгілі-бір педагогикалық мақсатты
шешеді. Мысалы: Бұлшық ет шаршауын, қажуын басатын, қимыл
дағдыларын қалыптастыратын, жетілдіретін, мойын, қол, аяқ, мықын, бас,
буын бұлшық еттерін дамытатын, затпен, затсыз бір орында тұрып, отырып,
жүріп бара жатып, жұптасып, шеңберде жасайтын жаттығулар жатады. Әр
түрлі жеке спорт түрлерінің арнайы жаттығулары белгілі бір мақсатты
көздейді. Аталған педагогикалық жіктеуден тыс биомеханикалық тұрғыдан
динамикалық (велосипед), статикалық (гимнастика), цикликалық (жеңіл
атлетика), ацикликалық (әр түрлі қимыл), құрамалы болып, физиологиялық
тұрғыдан шекті, тым шекті, үлкен, бір қалыпты қарқын мен күшпен
орындалатын жаттығулар бағытында жіктеледі. Бұл жаттығулардан басқа
дене тәрбиесінде табиғи күш құралдары арқылы - ауаны, күн сәулесін, суды
т.б. пайдалану арқылы ағзаны шынықтыруға болады. Ауаның
температурасы, жауын, жел, күннің ыстықтығы, су, адам денесіне
физиологифлық, биохимиялық, психикалық өзгерістер әкеледі. Осы
факторлардың әсеріне сай дене жаттығуларының орындалу техникасы мен
тактикасына да өзгерістер енгізіп отыруға тура келеді. .

Ұқсас жұмыстар
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНЕ ДӘРІГЕРЛІК
Дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптар
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БОЙЫНША АЛУ
Ерте және мектеп жасына дейінгі, балалар дене тәрбиесінің негіздері
Көркем гимнастика
Қимыл – қозғалыс ойындарының теориялық негіздері
ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Білім берудің негізгі мақсаты ретінде жан - жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптасыру
Дене шынықтыру - балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүелі түрде үйретудің негізгі формасы
Роликті конькимен сырғанау
Пәндер