Гипербелсенді балалар: белгілері, себептері және коррекциялық шаралар


Slide 1

Гипербелсенді бала

Slide 2

Гипербелсенді бала Өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көне бермейтін, басқа балалардан мінез-құлқы мен қимылы өзгеше бала. «Гипер» сөзі «шамадан тыс жоғары деңгейде» дегенді білдіреді.

Slide 3

Балалардың аса белсенді болу құбылысына психолог және психотерапевт мамандар Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы (Синдром дефицита внимания и гиперактивности, «СДВГ») деген атау қойды. Бірақ «СДВГ» диагнозы қойылған балалар көбіне-көп үздік оқушы, IQ деңгейі де жоғары болып келеді. Және тағы бір ескерерлігі мұндай балаларға қызыл түсті киім кигізуге болмайды, бұл онсызда ұшып-қонып, байыз таппай жүрген баланы одан әрмен шабыттандырып, шаршауын туындатады.

Slide 4

ұйқысы тұрақсыз

үнемі барлығын ұмытып жүреді.

балаға қарап сөйлегенде, бала тыңдамайды

тек өзінің қалауымен жүреді

үлкендер

мен жағаласып, кішілерін жылатады

энергия

сының көптігінен бір орында тұрмайды

қызығу

шылығы жылдам өзгереді

бастаған істі соңына дейін аяқтамай

ды

Гипербелсенді балаға тән мінез-құлық

Басы жиі ауырады

Slide 5

Кез-келген баланың өмірінде ашуланатын уақыттары болады.

Мәселен, ұйықтайтын уақытта төсекте байбалам салады, дүкенде еркелеп, айтқанды тыңдамайды. Бұл баланың зеріккендігін білдіруі мүмкін, бірақ тек гипербелсенділіктің белгісі емес.

Мұндай қылықтарды кез-келген бала істейді, мейлі күнде істемесе де, бұл барлық баланың істейтін бұзықтықтары.

Себебі ол - бала. Оны алдап, ойынға айналдырып, болмаған жағдайда ұрсып болса да көндіруге болады.

Ал гипербелсенді бала мүлдем басқа болады.

Slide 6

Гипербелсенді бала кез-келген жағдайда, кез-келген жерде қылықтарын өзгертпейді: жүгіреді, мақсатсыз қимылдар, бір орында ұзақ тұра алмайды, қызықты деген ойыншықтармен алданып, ойнай бермейді. Бұл балаға ешқандай айла-шаралары әсер етпейді, мейлі ол алдау, тыныш отыруын сұрау, ұрсу әрекеті болсын. Тіпті гипербелсенді баланы ұрып та көндіру мүмкін емес. Ондай балалар тоқтай алмайды. Оның басты себебі баланың өзін-өзі ұстау механизмінің дұрыс жұмыс істемеуінде. Мәселен, ерке, белсенді немесе тәртіпсіз балаларды ең болмағанда ұрсып-ұрып тынышталдыруға болады. Ал гипербелсенді балаларды ұрудың пайдасы жоқ, одан ештеңе өзгермейді, оларды алдымен емдеу керек. Гипербелсенділік 4 жастан бастап біліне бастайды. Әдетте ұл балаларда жиі кездеседі. Қыз балаларының миының құрылысы өзгешелеу болып келгендіктен, олар қиындықтарға анағұлым төзімді болып келеді екен.

Slide 7

Әлеуметтік-психологиялық (дұрыс тәрбиелемеуден, ата-анасының маскүнемдігі, жанұяның ұрыс керістігі)

Тұқым қуалаушылық

Биологиялық (кесар тілігі арқылы дүниеге келген балаларда көп байқалады немесе босану кезінде қиындықтар болып, созылмалы, ұзақ босанулардан) болады.

Гипербелсенді баланың пайда болу себептері

Slide 8

Әртүрлі үйірмелерге (сурет салу, спорт түрлеріне) берген дұрыс. Сурет салу өнері мен мүсін жасату, спорттық жаттығуларға ден салу олардың бойындағы орасан зор күш-қуатты шығарып тұруға көмектеседі. Оның бойындағы мол күш-қуат қоры 13-15 жасқа дейін сейілмейді, сол аралықта ата-анасы баланы жақсыға бағыттаса жақсы азамат болып есейеді де, құлықсыз қараған жағдайда өмір жолы қиын адамдардың қатарын толтырады. Гипербелсенді бала алғыр және қиялы ұшқыр боп жетіледі. Оған қаншалықты олай етпе, жүгірме, тұрма деген сайын ерегіседі. Сондықтанда олардың ойын басқа жақа ауыстырған жөн. Қимыл қозғалысты ойындар мен спорттық ойндар ойнату керек. Бірақ оған ойынның шартын түсіндіру керек, өйткені ол тәртіпке бағынуы үшін.

Баладағы артық күш-қуатты, энергияны азайту үшін не істеу керек?


Ұқсас жұмыстар
Гипербелсенді балалар: психокоррекциялық бағдарлама, тәрбие әдістері және күн тәртібі
Олигофрения: пайда болу себептері, клиникалық түрлері және педагогикалық-емдік шаралар
Озон қабатының жұқаруы: себептері, әсері және халықаралық шаралар
Астения: себептері, клиникалық белгілері және емдеу тәсілдері
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар: түрлері, себептері және клиникалық ерекшеліктері
Қазақстандағы ана мен бала денсаулығы: жағдайы, себептері және мемлекеттік шаралар
Сөйлеу тілінің бұзылуы: белгілері, себептері және түрлері
Анафилаксияның себептері, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу шаралары
Педикулез: себептері, белгілері, емдеу және алдын алу
Күйзеліс: шығу себептері, түрлері және клиникалық белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz