Гипербелсенді бала әдістемесі



Гипербелсенді бала, ол кім?
Гипербелсенділіктің нақты себептері түрлі факторларға байланысты болуы мүмкін, соның ішінде генетикалық, биологиялық, экологиялық факторлар, және баланың даму кезеңіндегі факторлар. Кейде стресс, тамақтану және ұйқы режимі де әсер етуі мүмкін.
Гипербелсенді балаларға білім беру, психотерапия, дәрі-дәрмек қолдану, және ата-ана мен мұғалімдерге арналған кеңестер сияқты бірнеше әдіс арқылы көмек көрсетуге болады. Ата-аналардың, педагогтардың және психологтардың бірігуі гипербелсенді баланы жақсырақ түсінуге және дұрыс дамытуға мүмкіндік береді

Гипербелсенді баламен не істеуге болады?
Психокоррекциялық жұмыс
Психолог: С. Cәтбаева

Гипербелсенді балалармен психокоррекциялық жұмыс жүргізу бағдарламасы
1. Гипербелсенді баланы жан-жақты танып ашу
(өзінің гипербелсенді бала екендігін сезіндіру мақсатында) :
Әдістеме: “Мен белсенді баламын”
2. Мимика арқылы қарым-қатынасын түзету:
Әдістеме: “Ситуацияны көрсет!”
3. Жаман әдеттерін түзету:
Әдістемелер: “Жақсы жаман қасиеттер”, “Карусель”
Тапсырма: “Сөйлемді аяқта”
4. Адамгершілікке тәрбиелеу:
“Ауызша воллейбол” ойыны.
5. Жауапкершілікке үйрету:
Тренинг: “Мен саған сенемін!”
6. Өзін-өзі тәрбиелеу:
Тренинг: “Топтың көмегі”, “Ашулы шарлар”, “Ертегі терапия”
7. Гипербелсенді балалардың тәрбиешісімен жұмыс
8. Гипербелсенді баланың күн тәртібі

“Гипербелсенді бала” әдістемесі
Мақсаты: Өзінің «белсенді» бала екенін сезіндіру.
Тапсырма :
1) «Қиын» баланың мінезі -
2) «Қиын» баланың ортадағы іс-әрекеті -
3) «Қиын» баланың болашағы -
Оны жеке-жеке мән жайын ашып айту керек. Тапсырманы орындауға 2 минут уақыт беріледі, өз жұмысын қорғайды.

2. Мимика арқылы қарым-қатынасты түзету “Ситуацияны көрсет әдістемесі” Мақсаты: Гипербелсенді балалардың қарым-қатынасын түзету. Балаға берілген сұрақтарға сай әр түрлі көңіл-күйді көрсетеді. Ол мынадай ситуацияны көрсетуі керек: а) Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні. ә) Ренжіп тұрған адамның бет-әлпетін бейнеле. б) Жылаған адамның бет-жүзі. в) Ашулы адамның бет-әлпетін бейнеле. г) Таңданған кейіп көрсету. д) Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті. е) Қуанып тұрған адамның бет-әлпетін бейнеле. Адамның ары таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол еш уақытта жамандық ойламайды. Бұл ізгілікті қарым-қатынастың бірден-бір жолы.

3. Жақсы, жаман қасиеттер
Мақсаты: балалардың біріншіден өздерін, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойындағы жаман қасиеттерін жойып жақсы қасиеттерін асыру.
Айнадағы өзіңіздің бейнеңізге қарап ойланыңыз. Маған қарап тұрған кім? Ол қандай адам?
Бұл жаттығуды ұжым арқылы да жасауға болады. Ұжымда баланы тақта алдына шығарып, ұжымнан баланың алдымен жаман қасиеттерін, кейін жақсы қасиеттерін атап шығуларын өтінуі керек.
Баладан ұжымның айтқанына келісетінін немесе неліктен келіспейтінін сұрау қажет. Осы жағдайдан кейін қандай шешім қабылдайтынын міндетті түрде топ алдында сұрап алу қажет.

“Карусель” тренингі
Топ мүшелері “Карусель” принципі бойынша, яғни бір-біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады: ішкі шеңбер қозғалыссыз, ал сыртқы шеңбер қозғалмалы болады.
Ситуация мысалдары:
Автобус ішінде сізге қарама-қайшы адам аяғыңызды басып қалды. Сіздің аяқ киіміңіз су жаңа еді. Сіздің әрекетіңіз. . . . . .
Сізге қарсы тұрған тәрбиешіңіз. Мұғалім топта сіздің ғана сөйлеп отырғаныңызды байқайтын сияқты, тек сізге ғана дауыс көтереді. Ал сіз кешегі қызықты әңгімеңізді досыңыз сізден сұрап жатыр, сіздің әрекетіңіз. . . . . . .
Топ жетекшіңіз сіздің тәртібіңіздің нашарлануына байланысты міндетті түрде ата-анаңызды мектепке келуін ескертіп айтты. Ал сіз тек кеше ғана ата-анаңыздан үлкен сөгіс естідіңіз. Одан кейінгі сіздің әрекетіңіз. . . . . . . .
(Алдыңызда ата-ана немесе топ жетекшіңіз тұр. )
Сіздің алдыңызда өзіңіз жақсы танитын, бірақ едәуір ұзақ уақыт бойы көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге қуаныштысыз. . . . .
Сіздің қарсы алдыңызда кішкентай бала тұр. Ол әлденеден шошынған. Оған жақындап барыңыз және оны жұбатыңыз.
Сіздің алдыңызда таныс емес адам тұр. Онымен танысыңыз. . . . . .
Байланыс орнатуға 3-4 минут уақыт беріледі. Содан соң жүргізуші белгі береді және тренингке қатысушылар келесі қатысушыға жылжиды.

“Аяқталмаған сөйлем” әдістемесі
Мақсаты: балаларға мейірімділік пен қатыгездікті айыра білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Жетекші топ мүшелеріне арнап сұрақ даярлайды. Топқа аяқталмаған әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Топтың әрбір мүшесі ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтауы керек.
“Жақсы қасиет” деп . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ?
“Жаман қасиет” деп . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ?
Адамдардың бойындағы қасиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . ?
Ақылсыз болу деп . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ?
Ақылды болу үшін не істеу керек. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

4. “Ауызша воллейбол” ойыны
Мақсаты: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Допты бір-біріне берген кезде балалар адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы айтулары керек. Мысалы: шыншылдық, мейірімділік, адамгершілік, әділдік, кішіпейілділік, батылдық, ұстамдылық, жанашырлық.
Тақырыпты ауыстыруға болады.

5. “Мен саған сенемін” әдістемесі
Мақсаты: Сенімділік қасиетін күшейту.
Қатысушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынада сөзден бастап айтады.
Осы кезде әуен ойнап тұруы
Мысалы:
«Мен саған сенемін, өйткені сен . . . . . . »
«Сенің бойыңдағы мына қасиетің маған ұнайды.
Ол - . . . . »
«Маған ұнайтын мінезің ол - . . . . . . . . »

6. Өзін-өзі тәрбиелеу
“Топтың көмегі” әдістемесі
Мақсаты: Ұжым арқылы тәрбиелеу.
Әрбір қатысушы ортаға шығып 1 минут ішінде өзін топқа таныстырады. Ол сабақтан не алғысы келетінін, өзінің қиындықтарын қысқа және нақты айтып, топтан осы қиындықтарды жеңу үшін топтан көмек сұрауы қажет. Қалған балалар кезегімен шешу жолдарын қарасытырып ойларын айтады.

“Ашулы шарлар” тренингі
Мақсаты: Гипербелсенді балалардың агрессиядан шығу жолдары.
Шарты: 8-10 баланы ортаға шығарып, үрлеп оларды байлауын сұраңыздар.
Қатысушыларға түсіндіріңіздер! Шарлар адамның денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа - сезімін.
Қатысушылар аяқтарымен шарды жару керек.
Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар. Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
Бұлай қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді.
Енді қатысушыларға жаңа шар беріп үрлеуді ұсыныңыз. Оны байламай ұстап тұрыңыздар. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді шарды жайлап аузына жарты ауасын жіберіңіздер.
Шар кішірейеді, бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, оның зияны қандай?
Енді қатысушыларға шардағы ауаны толығымен шығаруды ұсыныңыздар. Бұл нені білдіреді? Ашудың қауіпсіз жолын табу - әр адамның өз қолында.

“Ертегі терапиясы”
1-жаттығу:
Мақсаты: Өзін-өзі тәрбиелеуді күшейту, өз ерік күшімен күрес.
Балалар орындықта аяқтарын созып, отырады. 10-ға дейін санағанда балалар қимылдамай қатып қалуға тиіс. Содан кейін жайлап барып балаларды қытықтаймыз. Балалар қатып қалған күйін сақтауы керек. Басқа қатардағы баламен салыстырмалы түрде жарысады. Қай қатар өз-өздерін ұстай біледі екен. Күліп немесе қимылдаған бала қайта ойынды жүргізетін болады.
2-Жаттығу
Мақсаты: Өзін-өзі ұстай білуге үйрету.
Қалам ұшымен белгілі әріпті ауада көрсетеміз. Сол әріпті анықтаған балалар шуламай, жай сыбырлап айтуы немесе белгілі бір жануарлардың дыбысын шығару арқылы айту керек. Қатты дыбыс шығарған адам ойыннан шығады. Қайта ойнағанда, балалардан біреуі жүргізуші болады.

7. Тәрбиесі қиын балалардың тәрбиешілерімен жұмыс.
Мақсаты: Эмоцияналды жағымды қатынас жасауға, кәсіби әрекетті орындауға ерекшелігінен танысу арқылы мүмкінділігін дұрыс пайдалана білуге, дағдылар арқылы қалыптастыру.
Тәрбиешілердің кәсіби бейімділігін жетілдіруге арналған жаттығулар:
“Қожайын”, “Тұсаукесер”, “Қозқиық”, “Сиқырлы орындық” жаттығулары.
2. “Әңгіме” әдістемесі
3. Тәрбиешілерге тәрбиесі қиын балаларға байланысты психологиялық кеңес беру.

Сиқырлы орындық
Шарты: Ортада жаттығуды орындауда назар аудартқан қатысушыны сиқырлы орындыққа отырғызу керек. Орындықтың сиқырлығы мынада: орындыққа отырған адамның еш кемшілігі жоқ. Тек мінезінде жағымды қасиеттері бар. Барлық топ мүшелеріне өздерінің білетін, осы адам туралы ойлайтын пікірлерін - барлық мейірімділігін айту ұсынылады. Егер жаттығу баяу, нашар жүрген жағдайда, жүргізушінің өзі белсенділік көрсету керек. Содан кейін, бәріне ризашылығын білдіріп, орындықтағы адам басқалар ойларын айтқан кезенде өзі не сезгені жайлы айтып беруді сұрау тапсырылады. Егер өз еркімен отырғысы келетіндер бар болса, жаттығуды жалғастыруға болады. Соңында ол адамға да қалай әсер еткені жайлы сұрау қажет.
Талқылау: Әр адамнан бұл жаттығу не үшін жүргізілгені сұралады.

Әңгіме құрастыру әдісі
Оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz