Иіс талдағыштары


Презентация қосу
«Морфофизиология» кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Иіс сезу және дәм сезу анализаторлары,
өзара байланысы
Орындаған: Қамбар Қ.
Тобы: ВМ-СҚқ 02-24
Қабылдаған:
Шымкент - 2024
Жоспары:
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
• Иіс сезу анализаторы
• Дәм сезу анализаторы
• Өзара байланысы
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Талдағыштар дегеніміз сыртқы және ішкі ортадағы әсердің
ақпаратын өңдеуге қатысатын және алынған ақпарат
бойынша елестетуге сезіну , қабылдау қатысатын ми
рецепторлары мен нейрондардың жиынтығы.
Талдағыштың мәні:
• Организмді сыртқы және ішкі ортадағы болып жатқан
өзгерістер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
• Күнделікті ақпараттың таралуы кезінде таламустың
ядросы мен торлы құрылымға әрекет отырып, ОЖЖ
белсенділігіне қатысады.
• Дәм сезу рецепторлары шетте орналасқан
(экстерорецепторлар) хеморецепторлар болып
табылады.
Сыртқы ортамен байланысу түрінен:
Контакттық: дәм сезу
Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне
грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш
бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын
күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және
ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен
байланыстырып түрған рефлекторлық доғаның сезімтал
бөлігі.
Талдағыштар үш бөлімнен тұрады:
1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар);
2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім;
3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми
жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал
орталық бөлім.
Талдағыштар бөлімдері:
1. Шеткі (рецепторлық ) бөлімі - түрлі тітіркендіргіштерді
қабылдау.
2. Аралық, өткізгіш бөлімі (афференттік талшықтар,
нейрондар, қыртысасты орталықтары) - ақпараттарды
рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізу
3. Орталық бөлімі (ми қыртысының бөлімдері) -афференттік
сигналдарды талдап құрастыру
Сыртқы ортамен байланысу түрінен:
1. Дистанттық: көру, есту, иіс сезу;
2. Контакттық: дәм сезу, жанасу.
Құрылыстарының ерекшеліктеріне
байланысты:
1. Біріншілей сезетін (ӘП
генерациясы 1-ші нейронда) – иіс,
жанасу, проприорецепторлар;
2. Екіншілей сезетін (рецепторлық
жасуша арқылы ӘП генерациясы
1-ші нейронда) – көру, есту, дәм
сезу рецепторлары, вестибулярлық
аппарат.
Иіс талдағыштары:
Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары жоғарғы
мұрын кеңсірігінде орналасқан.Олардың ауданы
шамамен 5-8 см2. Иіс беткей тінінің қалыңдағы
100-150мкм,олардың тірек жасушаларының
арасында диаметрі 5-6мкм иіс қабылдағыштарына
жалғасады. Адамда иіс сезу талдағыштарының
жалпы саны 10-20млн жетеді. Әрбір қабылдағыш
ұзындығы 10мкм 6-12 жіңішке кірпікшелері шығып
тұратын,иіс буылтығымен аяқталады
Иіс сезу талдағыш, оның бөлімдері:
1. Шеткі бөлімі - иіс сезім жүйесінің рецепторлары
мұрынның жоғарғы кеуілдерінде орналасады – иіс
эпителийі.
Иіс рецепторлары – биполярлық жасушалар:
- Жоғарғы жағынан иіс буылтығымен кірпікшелері
шығып тұрады;
- Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін суықтыққа
малынып тұрады;
- Рецептор жасушалары негізінен миелинсіз аксондар
шығады. Рецепторлық аксон талшықтары иіс жүйкесін
құрады.
2. Өткізгіш бөлімі:
Иіс жүйке талшықтары торлы сүйекті тесіп өтіп алдыңғы
мидың иіс пиязшасына жетеді (2 нейрон) иіс трактысымен
(traktus olfactorius) өтіп иіс сезу орталығына жетеді.
Иіс сезу жолы бірнеше будадан тұрады және алдыңғы мидың
әртүрлі бөлімдеріне бағытталады: препириформды қыртысқа,
алдыңғы иіс сезу ядросына, периамигдалярлық қыртысқа,
миндальды кешеннің кейбір ядроларына, лимбия жүйесіне,
гипоталамустың вегетативті ядроларына, ретикулярлы
құрылымға.
3. Иіс сезу талдағышының орталық бөлімі – самай
бөлімінің ішкі беті – гиппокамп.
Хош иісті заттар бөлшектері кеңсіріктің кілегейлі
қабықшасында орналасқан маманданғын
белоктармен әрекеттеседі.Соның салдарынан
қабылдағыштық потенциал туады,оны
алмастыратын қозу серпіністері иіс жүйке
талшықтары арқылы иіс буылтығына өтеді.Бұл иіс
талағышының бастапқы орталығы болып саналады.
1- миға баратын иіс сезу
жүйкесі
2 -иіс сезу баданасы
3-иіс сезу жүйке
талшықтары
4 - мұрын қуысы
5 - мұрын қалқандары
Иіс қабылдағыштары:
Иіс қабылдарғыштарының бетінен тіркелетін электр
көрсеткішін электрольфактограмма деп атайды. Ол
иісті зат аз уақыт әсер еткен жағдайда пайда
болып,бірнеше секундтқа созылатын,шайқалу
тербелісі 10мВ монофазалық теріс толқыннан
тұрады. Кейде баяу толқындардың үстіне көптеген
қабылдағыштардан шығатын синхронды серпініс
шоқтары қабаттасады. Жеке қабылдағыштардың
серпініс жиілігі тітіркендіргіштің сапасына және
қырқына сәйкес өзгереді.
Дәм сезу механизмі:
Дәм сезу процесі сілекейде еріген химиялық заттардың дәм саңылау
арқылы дәм торшаларының микротүтіктеріне әсер етуінен басталады.
Одан әрі күрделі биохимиялық және биоэлектрлік процестер жүреді де,
дәм торшаларының рецепторлары қозады, Пайда болған импульстар дәм
рецепторларынан үш тармақ, тіл-көмекей, кезеген және бет жүйке
нервтері арқылы сопақша мидағы алғашқы дәм орталығына беріледі. Ол
жерде екінші нейрон аксондары өзара қилысқаннан кейін таламустың
доға тәрізді ядроларына, одан әрі үлкен жарты шар қыртысына беріледі.
Дәм сезу анализаторының жоғарғы бөлімі соматосенсорлық қыртыстың
төменгі бөлігінде орналасады. Соңғы кезге дейін дәмнің төрт түрі- ащы,
тұзды, қышқыл және тәтгі болады деп санаған. Кейінгі жылдары дәмнің
бесінші түрі- су дәмі қосылды. Оған негіз — тіл рецепторлары, кәдімгі
ауыз су дәмін сезінгенде, қозу импульстары орталыққа арнаулы нерв
талшықтары арқылы хабарланады. Қышқыл дәмді сутегінің — иондары,
түзды дәмді -кейбір тұздар, ал ащы мен тәтті дәмді- әртүрлі құрылымды
заттар тудырады. Бір дәм жуашығы тек ащы дәмді, екіншісі -тұзды дәмді,
үшіншісі- қышқылды, төртіншісі -тәттіні қабылдауға бейімделген.
Дәм сезу:
Дәм сезудің мидағы реттелуі
Дәм баданасынан 2-4 сезгіштік
жүйке талшықтары
шығып,тіл, жұтқыншақ және
кезеген жүйкенің
құрамында сопақша мидың
жалқы будасына
келеді.Бұлардан шыққан екінші
нейрондар ішкі ілмектің
құрамында таламусқа
жетеді.Одан ми қыртысының дәм
сезетін аймағына келетін,үшінші
нейрон басталады.
Дәм қабылдағыштары:
• Дәм қабылдағыштары дәм сезу баданасы тілдің түпкі
жағына, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқыншақтың
шырышты қабықшасында орналасқан. Әсіресе тілдің
ұшында, екі бүйірінде және түпкі жағында көп
кездеседі
• Адамда дәм сезу баданасы = 10 мың
• Қабылдағыш пен тірек жасушалары = 8-12
• Ұзындығы мен ені = 70 мкм
• Дәм сезу баданасының пішіні = сауытша тәрізді,
төбесінде тесігі болады
Өзара байланысы:
Иіс сезу мен дәм сезу анализаторлары өзара тығыз байланысты, өйткені
екеуі де химиялық тітіркендіргіштерге жауап береді және бір-бірін
толықтырады. Бұл байланыс тамақтың дәмін сезіну кезінде ерекше
маңызды рөл атқарады
Физиологиялық байланысы: Тамақ шайнау немесе жұту кезінде ұшқыш
заттар мұрын қуысына өтіп, иіс сезу рецепторларын ынталандырады.
Сондықтан дәм сезу мен иіс сезу бірігіп, тамақтың толық дәмін (ароматын)
қалыптастырады.Егер мұрын бітеліп қалса (мысалы, суық тию кезінде), иіс
сезу қабілеті төмендеп, тамақтың дәмі де әлсірейді.
Тәжірибелік байланысы: Таза дәм сезу негізгі бес дәмді ғана ажыратады:
тәтті, қышқыл, ащы, тұзды, және умами.Ал иіс сезу арқылы біз тағамның
күрделі ерекшеліктерін (мысалы, жемістің хош иісі немесе дәмдеуіштердің
хош иісі) танимыз.
Мидың рөлі: Иіс және дәм сезу анализаторларының сигналдары ми
қабығының ерекше аймақтарында өңделеді. Олар бірігіп, жалпы сенсорлық
тәжірибені (тамақтың хош иісі мен дәмін) қалыптастырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
• Организмнің өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста ғана тіршілік
ете алады.И.М Сеченовтың айтуы бойынша “организмнің қоршаған
ортасыз тіршілігі болмайды”.Қазіргі кезде бұл пікірлер толық
ашылып және жаңа жетістіктермен дәлелденіп жатыр.
• Талдағыштардың әлемді танып білуде маңызы зор.Талдағыш
дегеніміз – мидың сезіну ағзасы. Өйткені әрбір психикалық іс әрекет
санада сезім арқылы қабылдау негізінде туады.
• Иіс талдағышының сезімталдығы өте зор. Адам бірнеше мың әр түрлі
заттардың иісін ажырата алады.
• Иіс талдағышының ерекшелігі оның сезгіш талшықтары
алмаспайды,яғни мидың қарсы сыңарына ауыспайды.
• Иіс сезу мен дәм сезу бірігіп, адамға тамақтың сапасын және
әртүрлілігін анықтауға көмектеседі. Бұл өзара байланыс адамдардың
тағамнан ләззат алуында және оны қауіпсіз тұтынуында маңызды рөл
атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер
• 1.Х.Қ Сәтбаева, А.А Өтепбергенов, Ж.Б
Нілдібаева ,оқулық,Адам физиологиясы ,Алматы- 2007
• 2.Бабский Е.Б ,Бабская Н.Е Адам
физиологиясы ,Оқулық 1-2-3 том –Эверо ,2015
• 3.Қалыпты физиология оқулық ГЭОТАР – Медия,2015
• 4.Қасымбеков В.Қ Физияологиялық зерттеу әдістері
оқу-әдістемелік құрал ,Алматы-2016
• 5.Қалыпты физиология оқулық Л.З Тель ,2015
• 6.Косицкий Г.И Физиология 1-2-3 том, Эверо,2014
• 7.Физиология человека: учебник Л.З Тель –
Алматы:Эверо,2012
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz