Эритроциттер лейкоциттерге жасушалар


Slide 1

Тақырыбы:Қан және лимфа

Орындаған: Досыбаева Айдана

Группа: ВМ-СҚА-02-23/А2

Қабылдаған:Тоймбетова Қ. А

ONTUSTIK KAZAKHSTAN MEDISINA AKADEMIASY

SOUTH KAZAKHSTAN MEDICAL ACADEMY

Шымкент 2024

ППатологиялық анатомия және гистология кафедрасы

Slide 2

ЖОСПАР

Slide 3

Қан (грекше haemo; латынша sanquis-қан) -сұйық дәнекер ұлпа, қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтерін атқарады. Ол қан тамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін де атқарады. Ағзадағы биологиялық әркетшіл заттардың гуморольдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан пішіндік элементтер мен плазмадан тұрады.

ҚАН

Қанның ұлпа ретіндегі морфофункцияналдық сипаттамасы

Ағзаның ішкі ортасы деп-ағзадағы сұйықтықтардың жиынтығын айтады.

Ағзаның ішкі ортасы үш заттан тұрады:Қан, лимфа, ұлпа.

Slide 4

Қанның пішіндік элементтері:

Эритроциттер:

адам мен сүтқоректілер ағзасында даму процесі өтіп, ядролары мен органеллалары жойылған, жоғары дифференциацияланған, бөлінбейтін постжасушалық құрылым. Бұлар қанның негізгі жасушалары оны Левенгук 1673 жылы ашқан. Эритроциттердің негізгі қызметі тыныс алуға қатысып, оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. Эритроцит 66% судан, 33% гемоглобин белогынан және басқа белоктардан, ферменттерден, липидтерден тұрады. Эритроциттер лейкоциттерге қарағанда 500-1000 есе көп. Эритроциттердің түрі, мөлшері әртүрлі.

Лейкоциттер: лейкоциттердің саны эритроциттерге қарағанда аз. Ересек адамның 1мм куб қанында 6-8 мың лейкоциттер болса, жаңа туған нәрестеде екі есе көп болады. Лейкоциттердің саны бір тәуліктің өзінде де өзгеріп отырады. Лейкоциттердің эритроциттерден айырмасы оларда гемоглобин болмайды және бұлар ядролы жасушалар. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көкбауырда пайда болады.

Тромбоциттер:немесе қан пластинкалары тұтас жасушалар емес, мембранамен қапталған цитоплазманың бөлігі. Бірақ, қант пластинкалары тұтас жасушалар болмаса да тромбоциттер деп аталады. Тромбоциттер-пішіні домалақ немесе сопақша келген кішкене жасушалар, ядролары жоқ. Тромбоциттер сүйек кемігінде мегакариобластан түзіледі. Мегакариобластан мегакариоцит пайда болады, ол сүйек кемігіндегі ең ірі жасуша, цитоплазмасының көлемі үлкен. Дамып жетілу барысында мегакариоциттің цитоплазмасын бірнеше бөлікке бөлетін мембраналар пайда болып, цитоплазма кішкентай фрагменттерге бөлінеді.

Slide 5

Columns Style

Эритроциттердің құрылысы:

Эритроциттердің түрі, мөлшері әртүрлі. Сау адамның қанында 80-90% екі бүйірі қысыңқы дискоциттер кездеседі. Одан басқа түрлері:жалпақ-планоциттер, ескірген-эхиноциттер(плазмалеммасында үшкір өсінділері бар 6%), шартәрізді-сфероциттер, күмбез тәрізді-стоматоциттер(1-3%) де кездеседі. Эритроциттердің ең жас түрлері ретикулоциттер, оларды арнайы бояулармен бояғанда цитоплазмасындағы рибосомалар мен эндоплазмалық торлар көрініп, эритроциттерге тор пішіндес түр береді.

Ескірген эритроциттердің плазмолеммасы ішіне қарай жымқырылып немесе сыртына қарай иіліп үшкір ұштар түзейді, олар инвагинацияға ұшыраған және гемолиз жолымен гемоглобиндері жойылып, қанда тек ғана қабықтары қалып қояды, ондай түрлерін-микросфероциттер деп атайды. Эритроциттердің мөлшері қалыпты жағдайда құбылмалы 76% эритроциттердің d=7, 5мкм бұлар- нормациттер, 12, 5% d<7, 5 бұлар-микроциттер, 12, 5%d>7, 5, бұламакроциттер. Эритроциттер мөлшерінің өзгеруі анизоцитоз ауруларында кездеседі.

Slide 6

Лейкоциттердің құрылысы:

Қанның ақ түйіршіктері-лейкоциттер ядросы бар және белсенді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Өткен ғасырдың 80 жылдарында Эрлих лейкоциттерді екі топқа бөлген. Гранулоциттер немесе дәнді лейкоциттер және агранулоциттер немесе дәнсіз лейкоциттер деп.

Гранулоциттердің негізгі белгілері:

Агранулоциттердің белгілері:

Цитоплазмасында гранулалар болады

Ядролары сегменттелген

Гранулоциттердің митоздық жолмен көбейетін қабілеті болмайды және бір түрі екінші түріне ауыспайды.

Цитоплазмасында гранулалар болмайды

Ядролары сегменттерге бөлінбеген

Агранулоциттердің кейбіреулері бөлінеді және бір түрі екінші түріне айнала алады.

Slide 7

Гранулоциттердің үш типі:Ерекше гранулалары қышқыл бояғыштармен боялатын жасушаларды ацидофилді дәнді лейкоциттер дейді немесе әдетте, қышқыл бояғышқа жататын эозинмен боялатын болғандықтан, эозинофильді дәнді лейкоциттер, немесе эозинофилдер деп атайды. Гранулалары негізгі бояғыштармен қанық боялатын лейкоциттерді базофилдік дәнді лейкоциттер немесе базофилдер дейді. Гранулалары не ацидофилдікке, не базофилдікке жатпайтын лейкоциттерді нейтрофилді дәнді лейкоциттер немесе нейтрофилдер дейді.

Эозинофилдер

Лейкоциттердің 1-4% құрайды. 1 мм куб қанда 120-дан 350-ге дейін эозинофилдер болады. Пішіндері домалақ, ядросы сегменттелген екі ірі бөліктен тұрады, олар бір бірімен жіпше арқылы байланысқан.

Нейтрофилдер

Лейкоциттердің 50-70% құрайды. 1 мм куб қанда 3000-нан 6000-ға дейін нейтрофилдер болады. Адамның бес литр қанында 15-тен 30-миллионға дейін нейтрофилдер бар. Сүйек кемігінде миелобластан дамиды, пішіні дөңгелек, ядросы бөліктерге бөлінген.

Лейкоциттердің шамамен 0-1% құрайды, сүйек кемігінде миелобластан дамып жетіледі, пішіні домалақ. Жасушаның жартысын екі бөліктен тұратын ядро алып тұрады. Гранулалары сілтілі реакция беретін бояулармен pH>7 боялатын болғандықтан базофил деп аталған.

Базофилдер

Slide 8

Агранулоциттерге сипаттама:

Slide 9

Тромбоциттер :

Тромбоциттер қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы.

Қан тамырлары қабырғасының бүтіндігін қамтамасыз етеді және зақымдалған кезде қалпына келтіруге қатысады.

Тромбоциттер тромба түзіп, қанның ағуын тоқтатады.

Жалпы тромбоциттердің 5 түрлі популяциясын ажыратады:

Жас түрі-1-5%

Пісіп жетілген түрі-88%

Есейген түрі-4%

Дегенеративті-2%

Ең ірі түрі-2%(дм=4-6мкм)

Slide 10

Қан плазмасы

Қан плазмасындағы нәруыздар

Глобулиндер

(бактериялардан қорғайды)

Албуминдер ( су мөлшерін реттейді)

Фибриноген (қанды ұюына қатысады)

Гемоглобин -қанның қызыл түсті пигменті. Грекше “haima, haimatos” - қан, латынша “globus” - шар. Адамның 100 мл қанында шамамен 15-16 г гемоглобин бар. Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды.


Ұқсас жұмыстар
Зәрдегі эритроциттер
Қан ұюы
ҚАН ЖАСУШАЛАРЫ. ҚАН ПЛАЗМАСЫ
Жануарлар қанының лейкоциттер және эритроциттер санын анықтау
Организмнің ішкі ортасы. Қан. Лимфа
Қан және лимфа. ЭМБРИОНАЛЬДЫҚ ҚАН ЖАСАУ.ҚАННЫҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ГИСТОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ
Гемоцитопоэз - қан жасушаларының түзілу процесі
Эмбрионның сары қабы
Базофильді лейкоциттер
Қаннын құрамы мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz