Адалдық пен жауапкершіліктің мәні және қоғамдағы рөлі


Slide 1

Ә

Әділдік және жауапкершілік

Slide 2

Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу - өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.

Әл-Фараби

Slide 3

Адалдық - адам бойындағы асыл қасиет

тердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шын -

шылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т. б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.

Slide 4

Ары таза адал адам мінді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімен арттыра түседі.

Адалдық - әр адамның өзін де,

өзгені де сыйлауын көрсетеді.

Slide 5

Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.

Адал болу тек қана өтірік айтпау емес, шындыққа ешбір қалтықсыз сену.

Slide 6

Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.

Адал адамға сенім артуға болады,

оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды. Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.

Slide 7

Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұятты, алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.

Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білуі т. с. с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.

Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.

Slide 8

Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?

Өзіңе -өзің адал болу деген не? Өзін-өзі алдау деген не?

Адал болуға ұмтылу неге керек?

Адал достарыңды ата?

«Ойланайық, пікірлесейік»

Slide 9

Адам қасиеттері туралы

Ашу-дұшпан. ақыл-дос,

Ақылыңа ақыл қос.

Жігітке жеті өнерде аз.

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,

Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

Көп жасаған білмейді,

Көп көрген біледі.

Өнерлі баланың он саусағы тең,

Өнерсіз баланың бір саусағы кем.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік: мәні, тарихи-мәдени қалыптасуы және қоғамдағы рөлі
Академиялық адалдық: мәні, қағидалары және бұзылуының салдары
Құқықбұзушылық пен заңды жауапкершіліктің теориясы, белгілері және түрлері
Адалдық: ар-ұжданның мәні, қоғамдық маңызы және мінезді анықтау тесті
Мәдениет пен өркениет: түсінігі, тарихы және қоғамдағы рөлі
Педагогикалық кәсіп және оның қоғамдағы рөлі
Достық пен адалдық: сынып сағаты үшін сабақ жоспары
Дағдарысқа қарсы менеджмент жүйесіндегі корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің рөлі және стратегиялық тәсілдері
Мәдениеттің шығу тегі, ішкі мәні және қоғамдағы қызметтері
Ғылым философиясының мазмұны, генезисі және қоғамдағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz