ШЫҒАРМАНЫҢ МАҢЫЗЫ



Мусина Анар Ермековна
Қарағанды қаласы
Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оралхан Бөкейдің "Атау кере« повесі
Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы **«Атау кере»** романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады.

Шығарманың негізгі идеялары
АДАМЗАТТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
«Атау-кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Повесть оқиғасының басында Еріктің реалистік сипаты басым болса, шешімінде мифтік сипаты байқалады.
ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ
Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы бетіндегі жұмбақ қыз - символ. Ерікті мифтік бейне ретінде қараудың өзі оның құбылуына байланысты.
РУХАНИ ӘЛСІРЕУ
Повестегі Шал образында романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда бет алған адамның рухани әлсіреуінен шығудың шығар жолын, амалын табуға тырысады.
ТАБИҒАТТЫҢ АҚЫЛДЫЛЫҒЫ
Шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «. . . Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат - мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап - арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза».

Шығармадағы негізгі тартыс
Жеңіліс пен жеңіс
Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады.
Уақыт пен кеңістік
О. Бөкей шығармаларында уақыт пен кеңістік композициясы үлкен орын алады. Жазушы шығармаларындағы жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз өз кезеңдеріне сай айшықты бедерленіп отыруымен қатар уақыттың да өлшемі болып суреттеледі.
XX ғасыр дерті
Романды уақыт тұрғысынан бағамдасақ мұнда жазушы XX ғасыр дертін, кеңестік жүйедегі сананалы адамдарды сан мәрте сансыратқан қасаңдықтар тұсын көрсетеді. Жазушы кейіпкер баяндауы арқылы 1930 жылдардағы ашаршылық тұсындағы қым-қуат тірлікке уақыт тұрғысынан тоқталады.

Уақыт пен кеңістік категориялары
1
Діни уақыт атаулары
Сондай-ақ жазушы шығармасында діни уақыт атаулары да жиі қолданылады. Романда іс-әрекеттің жүзеге асуын кеңістіктегі уақытпен тікелей байланысады. Мұны жазушы былай береді: "Тоғай арасындағы суыртпақ жол ауылдың шетіне алып шықты. Бұл кезде күн **екіндіге** таяп, бағанағы ыстықтың беті қайта бастаған. Еріктің былтырдан бері ауылға келгені осы. Өзгермеген".
2
Уақыт пен іс-әрекеттің байланысы
"Күн **сәске** болғанда, ақ тер, қара тер болып, быршып терлеп, бет ауызын жыламышы су басқан Таған балтаны лақтырып жіберді де: "шөлдедім"-деп, аю талағандай қорқынышты үнмен айғайды салды дерсің". Жазушы шығармада адамның іс-әрекетінің жүзеге асуы барысы мен оған себеп етуші кеңістікті уақытпен байланыстырып, тәуелді етеді.
3
Уақыт пен табиғаттың байланысы
Романның оқиға желісі, кейіпкерлердің әрекеті толықтай кеңістік пен уақыт категориясына бағытталған. Шығармада: " **Тал түс шалқар түске** ойысып, екі тәуліктен бері төбеден төңкеріле қараған күнні шуағына масайраған тау табиғаты таңғажайып қуанышпен жарқырай жайнап, қуана құлпырып тұр еді".
4
Уақыт пен кейіпкерлердің әрекеті
" **Таң алагеуім тартқанда** ғана көзі ілінген Айнаның түсіне мұнар түнеп, бұлт көшкен таудың басында құйрығын шаншып, құлдыраңдаған ақбөрте құлын кірді. . . " " **Тамылжып тамыз айы** туған күннен бастап, таудың бұрымы іспетті қырдан ойға құлап түскен бұралаң жолға қарап ұзақты күн телміру-Бекзаттың екі-үш жылдан ауруға айналған айнымас дерті еді.

Автордың субъективті көзқарасы
Оралхан Бөкей уақыт категориясын оқиғаның дамуымен, шиеленісуімен қатар байланыстырады. Кейіпкердің түсі мен ішкі монологын да уақыт пен кеңістікке бағыттайды. Шығармадағы басты мәселе рухани жалғыздықтың кеңістікке әсерін, кеңістіктің жалғыздыққа әсерін керемет астармен шиеленістіреді. Жазушы шығарманы жазу барысында өзінің субъективті қөзқарасын міндетті түрде басшылыққа алды.
Жазушының субъективті көзқарасы оның ішкі - **"** **мені** **"**. Автордың субъективті көзқарасын кейіпкерлердің философиялық тұжырымдарынан көруге болады.
Романның басты үш кейіпкері Таған, Ерік, Айна - замандастар. Ерік пен Айна ерлі-зайыпты. Алайда, олардың үшеуі - шығармадағы үш негізгі арнаны құрайды, үшеуі - үш әлем, үш категория. Осы үш категорияның философиялық көзқарасына қосалқы әсер ететін төртінші кейіпкердің де өзіндік пәлсапасы бар. Ол шығармада - Нюра Фадеевна.
Автордың өзіндік толғаныстары шығармада жиі ұшырасады. Шығармадағы "Жер жер болып жаралған күнді ешкім білмек емес, демек, адамзат тіпті өзінің қашан және қалай жаратылғанын тек топшылап айтқаны болмаса, анық-қанығына жете алмады. Бірақ адамзаттың, ұлы да ұятты қасиеті жалғыз бұл ғана емес, емес. . . Атыңнан айналайын АДАМНЫҢ ең сұмдық қатесі сол-ол, асығыс аттағаны соншама, қайда бара жатқанын және жер бетінен қашан жойылып кетерін білмеуі еді. . . "

Кейіпкерлердің портреті
Таған
Кешегі от ауызды, орақ тілді, жалындап тұрған жас аспирант. Үлкен білімнің жолына түсіп, әлі көп ешкім бара қоймаған тың, батыл тақырыптарда ғылыми еңбек жазып жүрген жас ғалым.
Ерік
Өзінен озғандарды, суырылып алған шыққан шешенсігендерді өлердей жек көреді, ол студент кезінен бері «мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды басындырмау үшін жаралғандай» бойын соқыр қызғаныш билеген қараниет, пасық жан.
Айна
Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі үлкен-кішілі ауыл, қалалардан орта мектепті аяқтай сала Алматыға аттанатын мыңдаған албырт жастардың өкілі. Ауылдың, әке-шешенің тәрбиесін көріп өскен бұйығы қыздың мінез-құлығынан мін табу қиын, ал сыртқы сұлулығы қапысыз.

Кейіпкерлердің мінездемесі
Таған
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz