Шаған жапырақты үйеңкі (Acer negundo): морфологиясы, экологиясы, тұқым сапасы және шаруашылық қолданылуы


Slide 1

Шаған жапырақты үйеңкiсі

Slide 2

Түр атауы: шаған жапырақты немесе америка үйеңкiсі (асеt pgéwpæq Î. -латынша, клен ясенелистный, американский - орысша) .

Тіршілік пішіні: биіктігі 25 м-ге дейін, диаметрі 1 м-ге дейін өсетін екі үйлі ағаш, кейде бұта тəрізді өседі, жас өркендері жалаңаш жəне көкшіл

реңді болады, ерекшелігі - желегі биік емес, діңдері қисық.

Тіршілігінің ұзақтығы -60 (100) жыл. Декоративті формалары бар.

Таралуы: Солтүстік Америка.

Slide 3 Slide 4

Шаған жапырақты үйеңкiсі

Slide 5

Тұқымдары: тұқымы қиғаш сопақша, эндоспермсіз, жеміс камерасын толық қамтыған, тұқым қабығы ашық сұр түсті, ұрығы сарылау түсті, иілген, тұқым жарнақтары құрастылған, қатпар түзеді.

Жеміс беру мерзімдері мен кезеңділігі: 6-7 жылдан бастап жемістенеді, шамамен жыл сайын көп өнім береді, жемістері ұзақ уақыт ілініп тұрады, біртіндеп қыс бойы жерге түседі. Жинау, өңдеу жəне сақтау ерекшеліктері.

Slide 6

Тұқым шығымы -75-95 %. Жəшікке, себетке 50 см-ге қалыңдықта салады жəне қағаз қапта 2 жылға дейін сақтайды.

Ылғалдылық - 10-12 %. Жинау мен өңдеу ерекшеліктері туралы шынар түсті үйеңкіні қараңыз.

Slide 7

Экологиясы: аязға төзімді, аптап ыстық температураға төзе алады, қуаңшылыққа төзімді, жарық сүйгіш, жылдам өседі, топырақты аз талғайды (олиготроф), топырақтың аздап тұздылығына төзеді, кіндік тамырлы, терең

өспейді.

Шаруашылық құндылығы: көгалдандыруда, агроорманмелиорацияда, егіс қорғайтын жəне жазық далада орман өсіруде, орман екпелерінде пайдаланылады, топырақ қорғайтын құнды ағаш.

Көбею жолдары: тұқымдық, вегетативті (көп өскіндер мен тамыр атпаларын береді) .

Slide 8

МЕСТ 13056. 1-67 сəйкес орташа үлгілерді таңдап алу: бірінші тексеруге арналған орташа үлгілер партия құрылғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей, ­Тұқым сапасы туралы куəлігінің» мерзімі біткенге дейін

қайталап тексеру үшін 1 ай бұрын таңдап алынады, айқыштап бөлу тəсілі қолданылады, партия массасы - 200 кг, орташа үлгі массасы - 300 г, белгіленген массадан (салмақтан) орташа үлгілердің ауытқуы ³5 %-ға дейін

жіберіледі.

МЕСТ 13056. 1-89 сəйкес тазалығын анықтау əдістері мен аспа мөлшері: қазынды немесе айқыштап бөлу тəсілі қолданылады, аспа массасы -50 г.

МЕСТ 13056. 3-86 сəйкес ылғалдылықты анықтау шарттары: зертханаға алып келгеннен кейін 2 тəулік ішінде кептіргіш шкафта кептіріледі немесе ылғал өлшегішпен анықталады, сынақ массасы - 50 г, аспа массасы -10 г, кептіру алдында тұқымдарды зертханалық диірменмен ұсақтап, 1 сағат бойы 1300С температурада кептіреді.

МЕСТ 13056. 4-67 сəйкес 1000 дана тұқым салмағын анықтау əдістері: 1000 қанатшалы жемістердің массасы анықталады.

МЕСТ 13056. 7-93 сəйкес тіршілікке бейімділікті анықтау шарттары: индигокарминде (0, 05 %) ұрықты 2 сағат жарықта ұстайды.

Slide 9

Шағанның қатты әрі серпімді сүрегі кеме, темір жол вагонын, ұшақ жасау өнеркәсібінде және ағаш бұйымдарын жасауда қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
Қылқан жапырақты ағаштар: сосна, ель және лиственницаның морфологиясы мен қолданылуы
Ақ түлкі (Vulpes lagopus): морфологиясы, таралуы, экологиясы және шаруашылық маңызы
Ақ алабота (Chenopodium album): таксономиясы, морфологиясы, экологиясы, биологиясы, шаруашылықтағы қолданылуы және күресу шаралары
Құмырсқалар (Formicidae): таксономиясы, морфологиясы, экологиясы және құмырсқа қышқылының қолданылуы
Усарғалдақ, шаған және адыраспан: таралуы, химиялық құрамы мен ветеринарлық және дәрілік қолданылуы
Майлы зығыр: тұқым сапасы, биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы
Gardnerella vaginalis: таксономиясы, морфологиясы, экологиясы, патогенділігі, диагностикасы және емдеу
Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру жағдайлары және дәнді дақылдардың сапасы
Қашқаргүл тәрізділер (Asteraceae): морфологиясы, таралуы және шаруашылық-дәрілік маңызы; итошағанның сипаттамасы мен қолданылуы
Ет морфологиясы және сапасы: жіктелуі, таңбалау, сақтау және өндірістік өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz