6-сынып: С. Торайғыровтың өлеңдерін талдау - кейіпкер бейнесінің жаңашылдығы мен білімнің рөлі


Slide 1

ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т1)

6-сынып

Бөлім тақырыбы:

3-бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған №3 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып », «Шәкірт ойы»

Slide 2

Оқу мақсат(тар) ы:

Б/С 2 Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру

Сабақ мақсаттары:

Кейіпкер бейнесінің жаңашылдығын бағалап, өмірмен байланыстыру

Slide 3

Бағалау критерийлері:

ақын ойы мен өз ойын ұштастырады;

кейіпкер бейнесінің жаңашылдығына сыни пікір білдіреді;

«Болашақ білімді жастар қолында» деген тақырыпқа ой қозғайды.

Slide 4

Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы »өлеңдері.

Сенің сабақта білетінің:

Жарқын болашақ үшін ақынның мақсат -тілегі

Сенің меңгеретінің:

ақын ойы мен өз ойын ұштастырады;

кейіпкер бейнесінің жаңашылдығына сыни пікір білдіреді;

«Болашақ білімді жастар қолында» деген тақырыпқа ой қозғайды.

Slide 5

1-тапсырма : Ақын ойы мен өз ойын ұштастыру «Екі жақты күнделік» әдісі

Өлең жолдары

Мен қалай түсінемін

Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып, Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп надан болып.

Мен балаң, жарық күннен сәуле қуған, Алуға, күнді барып, белді буған. Жұлдыз болып көмеймін елдің бетін. Болмасам толған айдай балқып туған.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес, Ойында оты барлар асылық демес. Тебем деп, тірі болсам надандықты, Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.

Slide 6

Өзіңді тексер!

шумақ: Надан болып - сауатсыз, білімсіз, мақсатсыз өмір сүру деген ұғымды білдіреді. Өмірде білім алып алға ұмтылу керек, ал оқымаған адам өлген адаммен тең болады деп ойлаймын.

шумақ: Сәуле қуған -оқуға, білімге ұмтылған. Жан- жақты білім алып, әр азамат өз білімін елінің жарқын болашағы үшін жұмсау керек деп түсінемін.

шумақ: Серт етіп -уәде беру, сөз беру деген мағына . «Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалға сай әр азамат өз еліне адал қызмет етуі керек.

Slide 7

«Екі жақты күнделік» әдісі

Ақын ойына бүгінгі көз қараспен салыстырмалы пікір білдіре алуын бақылау.

Slide 8

Дескрипторы:

асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндіреді;

өлеңдегі астарлы ойды анықтайды;

ақын ойы мен өз ойын ұштастырады .

Slide 9

2-тапсырма: кейіпкер бейнесінің жаңашылдығын бағалау. «Блум түймедағы» Бүгінгі күнде еліміз үшін өзекті мәселеге нелер жататынын анықтау Оқушы өз ойын топтастырып жазу

Slide 10

Дескрипторы:

Ақынның «адам болып шығуы үшін» деген ойын жаңашыл көзқараспен толықтырады;

Бүгінгі күнде еліміз үшін өзекті мәселеге нелер жататынын анықтайды;

Оқушы өз ойын топтастырып жазады.

Slide 11

Өзіңді тексер!

Адам болып шығу үшін:

Оқығаннан ешқашан ерінбеу керек

Уақытымызды тиімді істерге бөлу керек

Ағылшын, орыс тілдерін жетік білген дұрыс

Кітаптарды көп оқығаннан жалықпау керек

Еліміз үшін өзекті мәселеге :

Халықтың жұмыссыздығы

Тұрмысы төмен отбасылардың көбеюі

Шетелге кеткен азаматтардың елге оралмауы

Ауаның ластануы

Slide 12

Төмендегі кілт сөздердің мағынасын ашатындай мақал-мәтел, қанатты сөздерді дәптерге жазу Оқушы ғаламтор желісінің көмегімен берілген кілт сөздер мағынасына сәйкес мақал - мәтелдер жазу

Slide 13

Өзіңді тексер!

!

Білім - Оқу - білім азығы, Білім - ырыс қазығы.

Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні ғаріп

Надандық - Ғылым гауһар - бағасы жоқ

Надандық кесел -дауасы жоқ.

Мақсат - іздеген мұратына жетеді.

Біле бер қанша білсең, тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле -біле.

Арман - Армансыз адам алысқа бармас.

Арман - адамға қанат.

Slide 14

«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі

Рефлексиялық эссе

Бүгінгі сабақта мен . . . түсіндім, . . . білдім, ақиқатына жеттім.

Мен . . . туралы армандаймын.

Бүгінгі сабақты мен . . . деген мақалмен ойымды аяқтаймын.

«Білім гауһар, бағасы жоқ. Надандық кесел, дауасы жоқ» деген мақалдағы ойды өз ойыңмен жалғастыр.

Slide 15

Рефлексиялық эссе

Сабақтан алған білімі бойынша қорытынды ой тұжырым жасай білуін бақылау.

Slide 16

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
С. Торайғыровтың Шығамын тірі болсам адам болып өлеңін талдау: 4а сыныбына арналған ашық әдебиет сабағы
4-сынып Ана тілі: С. Мұратбековтің Жусан иісі мен Б. Тұрсынбаевтың Алғашқы көмек шығармаларын салыстырмалы талдау және сабақ жоспары
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Кедей поэмасын оқу және талдау сабақ жоспары
6-сынып Қазақстан тарихы: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен халықаралық қатынастардағы рөлі
6-сынып: Етістікті қайталау
Рухани адамгершілік пен білімнің жаһанданған әлемдегі рөлі мен мәселелері
6-сынып: Жасушаның құрылысы мен қызметі
Жүсіпбек Аймауытовтың Әнші әңгімесін талдау: автор мен кейіпкер, ән өнерінің мәні (қорытынды сабақ)
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі философияның рөлі және білімнің эволюциясы
С. Сарғасқаевтың Шыбық әңгімесін оқу және талдау сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz