Емен бізтұмсығы (Curculio glandium Marsh.) - морфологиясы, өмір циклі және шошқа жаңғағына келтіретін зияны


Slide 1

ЕМЕН БІЗТҰМСЫҒЫ

Slide 2

Емен бізтұмсығы - Желудевый долгоносик - Curculio glandium Marsh. Бізтұмсық қоңыздар тұқымдасына жатады, ұзындығы 5-8 мм, ромбытәрізді формалы. Денесінің түсі қара-қоңырдан қара түске дейін. Қанаттарының үсті сұрғылт-сары түктермен жабылған. Дернәсілдері құрт тәрізді, денесі С әрпі тәрізді доғаша иілген, ақшыл түсті, аяқтары болмайды. Қоңыздардың ұшуы сәуір айының соңында мамырда басталады, қырүйекке дейін созылады. Тамыз айының соңына дейін қоңыздар қосымша қоректеніп, әртүрлі ағаш түрлерінің гүлдерін, өркендерін, нәзік жапырақтарын зақымдайды, одан кейін жеміс түзетін емен ағаштарына түсіп, олардың шошқа жаңғағының тұқымжарнғын зақымдап бүлдіреді. Шілде айының екінші ширегінде шошқа жаңғағы қосымшадан (плюски) шыққаннан соң, өзінің қалыпты мөлшеріне жеткенде, қоңыздар жұмыртқаларын сала бастайды. Аналық қоңыз бір бірден немесе бірнеше жұмыртқаларды жаңғақтың қабықшасының астына, кейде қосымшаға салады. Өнім аз жылдары бір шошқа жаңғағында 20 жуық жұмыртқа болуы мүмкін. Жұмыртқа сатысы 10 - 15 күнге дейін созылады.

Slide 3

Бізтұмсықпен зақымдалған жаңғақ піспей құлайды. Тамыз айларында залалданған жаңғақтардың құлауы көп байқалады. Дернәсілдің жаңғақта дамуы 23 - 30 күнге дейін созылады, одан соң қабыққа тесік жасап шығып, топырақ астына кетеді, келесі жылға дейіп жатады, шілде тамыз айларында қуыршақтанады

Тамыз айының соңында жас қоңыздар пайда болады, олар

көктемге дейін топырақта қалады. Жиі дернәсілдердің бір бөлігі диапаузаға

кетеді және екінші рет қыстауға қалады. Емен бізтұмсығының даму ұзақтығы

әртүрлі болады. Екіжылдық генерация болады, бірінші жылы дернәсілдер

Slide 4

Қыстаса және екінші жылы ересек насекомдар қыстап шығады. Біржылдық

және екіжылдық генерация сирек кездеседі.

Емен бізтұмсығы ең алдымен бос өсіп тұрған емен ағашын зақымдайды.

Зақымдалған жаңғақтардың тесік жасалған жерлері қоңыр дақтарымен

қапталып, жақсы көрінеді. Егер шошқа жаңғағында бір ғана дернәсіл дамыса,

ол тұқымжарнағының бір бөлігін ғана зақымдайды да, ал жаңғақ өзінің өсу

қабілетін жоғалтпайды. Дернәсілдер бір жаңғақта көп болса, ол дамымай

қалады.

Емен бізтұмсығы үлкен зиян келтіреді, шошқа жаңғағы өнімнің 50 - 80%

жояды.

Slide 5

Қоңыз Coleoptera отрядына, Curculionidae арамшөптер тұқымдасына жатады. Бұл қоңыз жазғы тұрғындардың бақшасында жиі кездеседі, олар оны төсегінен шығаруға тырысады. Және бұл күресте әртүрлі халықтық әдістер мен әртүрлі дәрі-дәрмектерді қолдануға болады, бұл ақыр соңында оң нәтиже беред

Көптеген турлеры бар, сондықтан олардың қалай көрінетінін анықтау керек. Сіз осы зиянкестердің негізгі сипаттамаларымен танысуыңыз керек:жақсы ұша алатын түрлері бар, сонымен қатар тек жерде қозғала алатын түрлері бар;

олардың көздері кішкентай, ал топырақта тіршілік ететін және қозғалатын түрлерде көру органдары мүлде болмайды;

құлаған жапырақтарда немесе топырақта өмір сүре алады. Белсенділік ауа температурасы + 10ºС жоғары көтерілгенде көрсете бастайды

Slide 6 Slide 7

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Жалпақ құрттардың морфологиясы, физиологиясы және паразиттік өмір циклі
Инвазиялық аурулардың мал шаруашылығы мен адам денсаулығына келтіретін зияны
Кенелер: жүйесі, морфологиясы, өмір циклі және медициналық-ветеринариялық маңызы
Қоңыр балдырлар (Ламинария): классификациясы, морфологиясы, өмір циклі және қолданылуы
Емен жемісжемірі (Carpocapsa splendana): биологиясы, морфологиясы, зияндылығы және бақылау шаралары
Қант қызылшасының циста түзуші нематодасы Heterodera schachtii: морфологиясы, өмірлік циклі, зияны және күресу шаралары
Медициналық гельминтология: трематодалардың морфологиясы, тіршілік циклі және патогендік маңызы
Шошқа стронгилоидозы: қоздырғыштың морфологиясы, клиникасы, диагностикасы және емдеу мен алдын алу шаралары
Жасөспірімдерге темекі, ішімдік пен нашақорлықтың зияны және салауатты өмір салты
Жұмыр құрттар: ішексорғы мен үшкірқұрттың құрылысы, өмір циклі және клиникалық белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz