Еңбекті қорғаудың түсінігі



Тақырыбы:
Еңбекті қорғаудың қағидалары

Жоспар:
Еңбекті қорғаудың түсінігі
Еңбекті қорғаудың қағидалары
Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:

Еңбекті қорғау
Еңбекті қорғау - бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің
5-бөлімі,
33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген,
Еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі қағидалар
1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
2) қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
3) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
4) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі қағидалар
6) уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
7) еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
8) мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
9) қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.

Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:
1. Бағдарлау- дегеніміз негізгі идеялар жиынтығы бола тұра қауіпсіз еңбектің басты бағыттарын айқындайды және методологиялық, хабарлау негізгі болады. Техникалық-физикалық ережелер мен заң-дарға сүйене отырып қауіпті факторларды жоюға негізделген

Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:
2. Басқару-жұмыстың жекелеген сатысында немесе кезеңінде еңбек қауіптілігін азайтуға негізделген.

Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:
3. Ұйымдастыру-еңбекті ұйымдастыруды ғылыми жолмен басқаруға негізделген.

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz