Қазақстан Қызыл кітабы


Slide 1

Алтын Емел және Баянауыл Мемлекеттік Ұлттық Парктері (МҰТП)

Slide 2

Жалпы мағлұмат

Ауданы

307 653, 35 га

Құрылған уақыты

10 сәуір 1996 жыл

Басқаратын ұйым

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Орналасуы

Ел

Қазақстан

Аймақ

Жетісу облысы

Аудандар

Кербұлақ ауданы, Панфилов ауданы

Slide 3

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарихи ескерткіштер орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.

Ұзындығы 65 км, ені 6-15 км, ең биік жері 2 931 м.

Бақтың құрамына Қапшағай су қоймасының солтүстік бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы, Жетісу (Жоңғар) сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай Шолақ, Қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі - «Әнші құм» («Айғай құм») кіреді. Қапшағай бөгенінің оң жағалауындағы тау етегі жазықтығында көптеген қорғандар (мысалы, сақ хандарының қабірі - Тигрхауда, 7-4 ғасырлар), тау сайларында әр түрлі жануарлардың суреті салынған жартас көрмесі бар.

Жотаның атауы осы бақ арқылы өтетін негізгі асудың атауынан шыққан, түркі-моңғол тілінен аударғанда Алтынемел - «алтын тоқым» дегенді білдіреді.

Slide 4

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орналасу картасы

Slide 5

Туристік маршруттың схемасы

Slide 6

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай.

Ауыл тұрғындары егін егеді және мал шаруашылығымен айналасады. Малшылар Семей каласынан әкелінген “Дегерес” тұқымдас койдың түрін өсіреді. Қырғызстаннан алып келген “Як” тұқымдас сиыр малын өсіреді.

• Шоқан Уәлихановтың тарихи-мемориалдық мұражайы да осы өңірде орналасқан.

• Ауыл маңында Алматы-Сарыөзек-Жаркент автомобиль жолы өтеді.

Slide 7

Өсімдіктер мен жануарлар әлемі

Алтынемел өсімдік пен жануарлардың ерекше түрлеріне бай. Паркте өсімдіктердің 1800 түрі өседі, 21 түрі қызыл кітапта, 60 түрі сирек кездесетін, ал 27 түрі эндемик өсімдіктер. Сондай-ақ бұл жерде “Алып шегіршін” ағашы 700 жылда астам уақыт бойы өсіп келеді. Оның алыптығы сонша сегіз адам бірігіп әрең құшақтай алады. Бұл шегіршіннің жанындағы бұлақтан Шыңғысқан жауынгерлерімен шөлін қандырған деседі. Бұл жерде қабығы өте қатты ағашта бар, бұл ағаштан ежелгі адамдар садақтарына жебелерін жасаған. Ағашты «тас ағаш» деп те атайды.

Өсімдік түрлері: балқаш сексеуілі, баялыш, шырша, үйеңкі, тораңғы, қызыл тал, жиде, жыңғыл, қылша және т. б

Саябактын жануарлар әлемі де алуан. 70-тен астам түрі мекендейді. Қазақстан «Қызыл кітабына» енген: жайран, сібір таулы ешкісі, түркмен кұланы, қарлы барс, Тянь-Шань арқары және бозтүсті ергежейлі қосаяқ қорғауға алынған. Саябақта 1976-77 жылдан бері ақ бөкендер 400-ден аса құлан мекендейді. Табиғатта сирек кездесетін бір түр - Прежевальский жылқысы, дүние жүзінде бірнеше зообақта ғана сақталған. 2003 жылы саябаққа Германиядан бірнеше жылқы әкелініп, жерсіндергілді. Тағы: қоян, түлкі, қаскыр, жабайы сабаншы, Орта Азиялық өзен кәмшаты Арқарлар Дала тасбақасы Сұр қасқыр Еліктер үйі Сұр құлан Құлан Жайран

Құстардын 200 түрінің 174 түрі саябақта ұялайды. 18 түрі Қазақстан «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысалы: қара дегелек, балықшы тұиған, жұртшы, үкі. Басқа түрлері: бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, ұлар, сокал балабан. Аққу, қарлығаш, удод құсы, меңіреу құр құсы

Slide 8 Slide 9 Slide 10

«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Жалпы мағлұмат

Ауданы

68 452, 8 га

Құрылған уақыты

12 тамыз 1985 жыл

Басқаратын ұйым

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Орналасуы

Ел

Қазақстан

Аймақ

Павлодар облысы

Аудан

Баянауыл ауданы

Slide 11

«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - 1985 жылы ҚССР Министрлігі № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл ауданының аумағында орналасқан. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтіген. Қазіргі кезде БҰМТП 68 452, 8 га құрайды. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің шешімімен «Қызылтау» қаумалы БҰМТП қорғауға бекітілді, жалпы аумағы 60 000 га құрайды.

Ұлттық парктің аумағы үш орманшылыққа бөлінген.

Баянауыл орманшылығы - 19 188 га,

Жасыбай орманшылығы - 22 904 га,

Далба орманшылығы - 8 596 га.

Кеңейтілген парк аумағы - 17 764, 8 га

Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.

Slide 12

Өсімдіктер мен жануарлар әлемі

Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі.

Баянауыл МҰТП аумағында 552 өсімдік түрлері бар. Оның бесеуі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген - жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүл, ашық қындызшөп, қызғалдақ, қара қандыағаш, боз селеу, (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т. б. ) .

Мұнда жануарлардың 45, құстардың 11, балықтардың 13 түрі бар.

Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т. б. ) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т. б. ) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т. б. ) бар.

Климаты тым континенттік (жазы - ыстық, қысы суық) . Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т. б. ) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т. б. ) саябақ табиғатына ерекше көрік береді.

Slide 13

«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қарағанда мұнда табиғи ескерткіштер көптеп кездеседі. Парк аумағында 24 археологиялық табиғи ескеркіштер орналасқан - Драверт үңгірі, құмыра, тастағы көне жазулар, саймантас (үш тас), көгершінтас, атбасы тасы, найзатас жартасы және т. б.

Әйгілі 4 көл - Торайғыр, Біржанкөл, Сабындыкөл және Жасыбай осы парк аумағында орналасқан.

Ұлттық паркте 14 туристік бағыт бар. Бұл маршруттарда демалушыларға барлық жағдай жасалған - арнайы демалатын орын, бақылау алаңы жабдықталған. Туристік маусымда шамамен 100 мыңнан аса адам ұлттық паркке келеді.

Slide 14

«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орналасу картасы

Slide 15 Slide 16

«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Slide 17

ФАУНАСЫ МЕН ФЛОРАСЫ

Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т. б. ), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы
Қызыл қасқыр тобы
Қызыл Кітапқа енген түрлердің санын жоғарлатуға арналған биотехниялық шаралар. арналған биотехниялық шаралар. Қарақұйрықтың ҚР-ның оңтүстік аймағында Қарақұйрықтың ҚР-ның оңтүстік аймағында популяциясын ұлғайтуға арналған популяциясын ұлғайтуға арналған биотехниялық шаралар биотехниялық шарала
Конвенциясының орындалуы
Қызыл кітап
1980 жылы Жерұйық жыр кітабы үшін Қазақ КСР
Хамза кітабы
Биологиялық қауіп
Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау. Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары. Ластауыш заттарды атмосфераға тастауды бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz