Жәдидшілдік қозғалысының қазақ қоғамы мен мәдени-ағартушылық дамуына ықпалы (XIX-XX ғғ.)


Slide 1

Қазақ қоғамынд жәдидшілдік қозғалыстың үлесі

Сайдахмет Нұртай

Slide 2

Мұсылман елдерінде орын алған модернизациялық үдерістердің ең бір айтулысы ХІХ-ХХ ғасырларда Ресей империясында өмір сүрген түркі-мұсылман халықтары арасында кең таралған «жәдидшілік» қозғалысы болды. Жәдидшілік Еділ-Орал, Қазан, Қырым өлкелерінде бастау алып, сол кезеңде орын алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс ретінде XIX ғасырдың басынан бастап, Кеңес Үкіметі орнағанға дейін кең тарады. Жәдидшілік идеясы аз уақыттың ішінде-ақ Түркістан өлкесіне, оның ішінде қазақ даласындағы ағартушылыққа өз ықпалын тигізді.

Slide 3

«Жәдид» сөзі араб тілінен аударғанда «жаңа» деген мағынаны береді. Жәдидшілік қозғалысы мәдени-ағартушылық, зияткерлік бағыттарынан бөлек мұсылмандық білім беру саласында, оны реформалау, жаңарту, модернизациялау мақсатында пайда болды. Қозғалыс, бастапқыда діни дүмшелік пен фанатизмге, буквализм мен догматизмге заманауи өркениеттің білімі мен ғылымын қарсы қою арқылы ұлттық сана мен мәдениеттің рухани баюы, толығуы мен өсуін қалыптастырып, Батыс өркениетіне қарсы нағыз шынайы исламдық интеллектуалдылықты қалыптастыруды көздеді.

Жәдидшілер жалпы исламға қарсы күрескен жоқ, керісінше, орта ғасырдан бері құлдырау кезеңінде келе жатқан исламды дағдарыстан алып шығып, оның ары қарай өркендеуіне жол ашуға тырысты. Жәдидшілік түркі тілі мен әдебиетін дамытуды, зайырлы пәндерді үйретуді, ғылыми жетістіктерді пайдалануды, әйелдердің теңдігін орнатуды басты ұстаным етті.

«шуро-и-исламия» партия туы

Slide 4

Алаш зиялыларының басында болған Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабай және Ы. Алтынсары сынды ұлт қайраткерлері жәдидшілік көзқарасты кеңінен насихаттап, діни-тәжірибелік қолданысқа енгізген болса, олармен бірге Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Ғұмар Қараш, Шаймерден Қосшығұлұлы, Науан Хазірет және Сәдуақас Ғылмани сынды діни қайраткерлер де қызмет етті. Абай Құнанбайұлының шығармаларынан да жәдидшілік нақышты көруге болады.

Slide 5

М. Дулатұлы, М. Жұмабай, Б. Майлин сынды қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері Уфадағы ислам университеті саналатын «Ғалия» медресесін тәмамдағаны белгілі. Бұл медресе өзінің жаңа оқыту әдістерімен, озық жүйесімен атағы шыққан жәдидшілік бағыттағы оқу орны болған. Сол уақытта патшалық орыс үкіметінің қазақтарға қарсы жүзеге асқан қанау саясатына қарсы елді қараңғылықтан ояттыруға бағытталған М. Дулатұлының «Оян қазақ», А. Байтұрсынұлының «Маса», Б. Ержанұлының «Тұр қазақ», Ә. Арғынидің «Жатпа қазақ» сияқты кітаптары ағартушылық сипатта жазылып, халық арасында кең таралды.

Сондай-ақ, қазақ тілінде «Дала уалаяты газеті», «Түркістан уалаяты газеті», «Серке газеті», «Қазақ газеті», «Айқап журналы» сынды бұқаралық ақпарат құралдары мәдени-ағартушылық және қоғамдық-саяси мәселерді қозғап, жәдидшілік идеяларын бүкіл елге насихаттады.

Slide 6

Жәдидшілік қозғалысының Қазақстандағы ірі өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлы екені белгілі. Ол халық арасында исламның дұрыс түсінігін насихаттауда көп еңбек сіңірді. Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» атты кітабында исламның өркениетке, ғылымға қайшы келмейтіндігін дәлелдеп жазған. Кітаптың үлкен бөлігі шариғаттың негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған. Шәкәрім, іс жүзінде Құранның негізгі мәтінін қазақ тіліне алғашқы аударушылардың бірі болды.

Slide 7

XIX-XX ғасырлардағы жәдидшілік қозғалысының қазақ дүниетанымына ықпалы - Қазақстандағы Ислам (kazislam. kz)

Жәдидшілдік - Уикипедия (wikipedia. org)

Пайдаланылған әдебиеттер:

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының Ұлы Дала еліне ықпалы
Қазақ ағартушыларының әлеуметтанулық көзқарастары және Қазақстандағы әлеуметтанудың қалыптасуы XIX - XX ғғ. басы
XIX-XX ғасыр басындағы қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы жер қатынастары мен аграрлық шиеленістер: әлеуметтік-экономикалық негізі (XIX-XX ғғ. басы)
Ұлттық мемлекет құру жолындағы қазақ азаттық қозғалысы (ХІХ - ХХ ғғ. басы): зиялылар, жәдидшілдік және 1916 жылғы көтеріліс
XIX-XX ғасырлардағы қазақ ақындары: өмірі мен шығармашылығы
XIX-XX ғасырлардағы батыстық философиялық ағымдардың дүниежүзілік қоғамдық-саяси дамуға ықпалы
ХІХ-ХХ ғғ. қазақ ағартушылық философиясының қалыптасуы: Абай, Шәкәрім, Шоқан мен Ыбырайдың рөлі
XIX ғасыр соңы - XX ғасыр басындағы қазақ ағартушылығы, Зар заман феномені және зиялылардың идеялары
XX ғасырдағы қазақ мәдениеті: тарихи даму, әдебиет, музыка және мәдени саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz