Психика теориялары


Презентация қосу
Психика-мидың (жоғары ұйымдасқан материя)
шындықты субъективті бейнелеу қасиеті
Басқа табиғи құбылыстар сияқты,
психиканың да өзінің даму тарихы
мен заңдылықтары болады. Даму ұзақ
болды, ол төменгі қарапайым
түрлерден, жоғарғы жетілген
түрлерге дейін жетті
Психиканың 2даму тарихы болды
Онтогенез-жеке даму
Филогенез-тарихи даму
А.Н.Леонтьев жануарлар
психикасының дамуының
анықтаған
Психиканың интеллект сатысы-бұл деңгейде
жануарлар өз әрекеттерін алдын ала жоспарлап, мақсат
қою, болжау және проблемаларды шешу қабілетіне ие
болады. Мұнда ойлау және танымдық процестер дамиды.
Перцептивті психика– бұл деңгейде жануарлар әлемді
қабылдай алады, бірақ тек белгілі бір тітіркендіргіштер
мен олардың комбинациясын. Мұнда жануарлар белгілі
бір образдар мен жағдайларды түсініп, сол арқылы әрекет
етеді. Олар ортадағы нысандар мен құбылыстарды
қабылдай отырып, соған сәйкес әрекеттер жасайды.
Элементарлы сенсорлы психика – бұл деңгейде
жануарлар тек қарапайым сезімдер арқылы дүниені
қабылдайды. Яғни, бұл сатыда жануарлар тек
тітіркендіргіштерге (жарық, дыбыс, дәм және т.б.) жауап
береді. Олар тек қана осы тітіркендіргіштерге негізделген
әрекеттерді орындайды
Психика теориялары
Антропопсихизм
(Р. Декарт): психика тек адамға тән қасиет
Панпсихизм
(К.Гельвеций,Д.Дидр) : бүкіл табиғаттың жаны бар,
яғни бүкіл табиғатқа бүкіл әлемге психика тән
Биопсихизм
(Э.Геккель,В.Вундт): психика тек жанды дүниенің
қасиеті (өсімдіктерде де бар
Нейропсихизм (Ч.Дарвин): психика барша жанды
материяның қасиеті емес, олардың арасындағы
жүйке жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс
Мозгопсихизм
(К.К.Платонов): психика тек түтік тәрізді жүйке
жүйесі, бас миы бар ағзаларға тән (нақтырақ айтқанда
жәндіктерге психика тән емес, өйткені олардың жүйке
жүйесі түйін тәрізді және айқын бас миы жоқ)
Сананың әлеуметтік мәні
Сана – бұл адамды қоршаған қоғаммен және
оның мәдениетімен байланыстың негізі. Ол
адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінде,
әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды
меңгеруде маңызды рөл атқарады. Сананың
әлеуметтік мәні қоғамдағы қатынастар мен
адамдар арасындағы байланыстарды реттейтін
маңызды фактор болып табылады. Сана арқылы
адам өз өмірін, қоғамның талаптарына сай
үйлестіреді, әлеуметтік тәжірибені меңгереді
және сол тәжірибені басқа адамдарға жеткізеді.
Сонымен қатар, сана адамды жеке тұлға
ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сананың қызметі
Бақылау және реттеу: Сана адам әрекеттерін, мінез-
құлқын бақылайды, оның іс-әрекетін реттейді және
бағыттайды.
Танымдық қызмет: Сана адамның қоршаған ортаны
түсінуін, оны қабылдауы мен талдауын қамтамасыз етеді.
Когнитивті қызмет: Бұл қызмет адамның ойлау, түсіну,
есте сақтау, назар аудару және қиялдау қабілеттерімен
байланысты.
Коммуникативтік қызмет: Сана арқылы адамдар өзара
түсіністік орнатуға, ақпарат алмасуға және пікірлесуге
мүмкіндік алады.
Сана қасиеттері мен
заңдылықтары
Күрделілігі мен жүйелілігі: Сана тек сыртқы
ақпаратты қабылдау ғана емес, оны өңдеу,
сұрыптау, сақтап қою және қолдану сияқты
күрделі процестерді қамтиды.
Түсініктілік және рефлексия: Сана адамға өз
іс-әрекеттерін түсінуге, оларды бағалауға,
сондай-ақ ішкі күйін рефлексиялау арқылы
түсінуге мүмкіндік береді.
Динамикалық қасиет: Сана үнемі дамып,
өзгеріп отырады. Әр кезеңде адамның
дүниетанымы, құндылықтары мен өмірге
көзқарасы өзгеруі мүмкін.
Қабілеттілік пен еріктілік: Сана адамның
Сана, өзіндік сана
Сана – бұл адамның ішкі психикалық қызметі, ол қоршаған
әлемді түсінуге және сол әлемде әрекет етуге мүмкіндік
береді. Сана адамның ойлау, сезіну, есте сақтау және
жоспарлау қабілеттерін жүзеге асырады.
Өзіндік сана – бұл адамның өз-өзіне, өзінің жеке
тұлғасына, ойлары мен сезімдеріне қатысты түсінігі мен
қабылдауы. Өзіндік сана адамның өзінің кім екенін, қандай
мақсаттар мен құндылықтарға ие екенін түсінуге мүмкіндік
береді. Өзіндік сана, сондай-ақ, адамның жеке тұлғалық
ерекшеліктерін, әлеуметтік рөлдерін және қоғамдағы орнын
анықтайды. Өзіндік сана адамның рефлексиялық қабілетін
білдіреді, яғни өз іс-әрекеттері мен ойларын бағалауы.
Қорытынды
Жануарлар тәртібіндегі мінез формалары
олардың қоршаған ортаға бейімделуіне
байланысты түрлі болады. А.Н.
Леонтьевтің психика дамуының сатылары
сенсорлық және перцептивтік деңгейден
бастап, интеллектуалды деңгейге дейін
жететінің байқадық.
Қорытындылай келе, психикалық даму
мен сана адамның өмірі мен қоғамдағы
орнын түсінуде маңызды рөл атқарады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz