Арнайы бақылау


Презентация қосу
Табиғатты тану
әдістері.Бақылау әдісі, өткізу
әдістемесі
• Зерттеу және зерттеуші дегеніміз не?
• Бақылау сөзіне кластер қорға.
• жоспарлы ---------Бақылау ---------------зерттеу
• Арнайы бақылау
Теория
• Бақылау әдісі-бұл табиғатты зерттеудің алғашқы және маңызды
әдісі.Оқушылар мен зерттеушілер табиғи құбылыстарды,
жануарлар мен өсімдіктерді, ауа райын және басқа да табиғи
процестерді мұқият бақылап ,деректер жинайды.Бұл әдіс үшін
арнайы құралдар (телескоп,микроскоп,термометр)қолданылады
• Табиғаттың балалар үшін беймәлім құпиясы көп, сондықтан олар
көптеген сұрақтарға жауап іздейді.Адамдар әрдайым қоршаған
әлемде болып жатқан құбылыстардың сырын білуге ұмтылады.Ол
үшін зерттеушілер ғылымдағы жаңалықтарды пайдаланады,
ақпарат көздеріне сүйенеді.Эксперимент зерттеудің бір тәсілі, ол
ғылыми болжамды тексеруге көмектеседі.Ғылыми болжам «
гипотеза» деп аталады.
• Бақылау мен эксперимент зерттеу жүргізудің екі тәсілі.
• Кейбір зерттеу жұмысында екі тәсіл қатар қолданылады.
• Бақылау барысында зерттеуші затты, құбылысты, үдерісті
бақылайды, Байқағанын қағазға түсіріп отырады.
• Ал эксперимент арнайы ұйымдастырылады. Ол заттың не
құбылыстың қасиетін зерттеу үшін, жасалған
болжамның дұрыстығын тексеру үшін жүргізіледі.
• Зерттеуші эксперимент барысында міндетті түрде өлшеу
жасайды.
• Бақылау мен эксперимент жүргізу үшін жоспар
құрылады, зерттеу сұрақтары анықталады, қажет ресурс
дайындалады, нәтижелерді тіркеу
тәсілі таңдалады. Әр зеттеу соңында қорытынды жасалады.
Эксперимент жасағанда жұмыстардың орындалу реттілігі
болады, олар:
Зерттеу сұрағы
Болжам жасау немесе гипотеза ұсыну
Ресурстарды пайдалану
Шыққан нәтижелерді өлшеу
Шыққан нәтижені жазу, салыстыру, талдау
Қорытынды жасау (сызба, диаграмма, модель, сурет салу, т.б. )
Қорытындыда зерттеу нәтижесін талдаймыз. Болжам анықталды
ма?
Эксперимент әдісінің маңызды
артықшылығы
• зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі
туғызатындығында.
• Жаратылыстануда 1-сыныптан бастап зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оған мұғалімнің
мұқият дайындығы керек. Өтілетін тақырыптарда зерттеу тапсырмалары беріледі, осы
тапсырмалар негізінде эксперименттер жүргізіледі.
Эксперимент жүргізу үшін алдымен жұмыс жоспары құрылады,
жоспардың реттілігі сақталуы керек, олар:
1.Алдымен нені зерттеу керек екендігін анықтау.
• Мысалы, Мұз тақырыбы
2.Зерттеу сұрағы анықталады.
• Мұзды ерітпей қалай ұзақ сақтауға болады?
3.Гипотеза - зерттеу нәтижесіне алдын ала болжау
жасалады.
Бөлме температурасында мұзды матаға немесе
фольгаға ораса, ерімейді
4.Ресурстарды дайындау жұмысы жүргізіледі. Ресурстар
дайындаған кезде зерттеу сұрағына және болжамға назар
аударылады
5.Зерттеу жүргізудің ретін жоспарлайды
2 см² мұзды табақшада ашық қалдыру
2 см² мұзды фольгамен орау
2 см² мұзды шүберекпен орау
2 см² мұзды газетпен орау
Таймер уақытын белгілеу
6. Нәтижені тіркеу зерттеу бойынша қорытынды жасауға және
зерттеу сұрағына жауап беруге көмектеседі.
7.Қорытынды шығару
Құрылған жоспардың негізінде зерттеу жұмысы жүргізіледі.
• Зертте:
• Зерттеу сұрағы: Мұзды ерітпей қалай ұзақ сақтауға болады?
Керек заттар:
Мұз текшелері,
Мата,
Газет,
Фольга,
Таймер
• Болжам: Бөлме температурасында мұзды матаға немесе
фольгаға ораса, ерімейді.
• Зерттеу жоспары:
2 см² мұзды табақшада ашық қалдыру
2 см² мұзды фольгамен орау
2 см² мұзды шүберекпен орау
2 см² мұзды газетпен орау
Таймер уақытын белгілеу
Тексеру нәтижесін тіркеу әдісін таңдау
• Қорытынды жасау
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz