Қазақ халқының рухани құндылығы



Қазақ халқының рухани құндылығы
Орындаған:Айымбетқызы Толғанай Тпп-22-1к
Жетекші:Кельмагамбетова Ш. С

Жоспар
Кіріспе
1 Рухани құндылық
2 Қазақ халқының ұлттың құндылығы
Негізгі бөлім
3 Мәдени құндылық
4 Абайдың шығармаларындағы рухани құндылықтары
5 Жастардың рухани құндылығы
Қорытынды
01

02
Қазақтың қайырымдылық қасиеті - рухани құндылықтың бірі. Қазақтың қайырымдылығы, әсіресе, Сталиндік жүйе саяси қуғын-сүргін, репрессия жасаған уақытта жақсы көрінді. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары Балтық жағалауы халықтары мен Кавказ тауын мекендейтін ұлттар мен ұлыстар Орталық Азия мен Сібірге күштеп көшірілді. Олар аяусыз қырғынға ұшырады. Бірақ, қазақ даласына келгендерінің басым көпшілігі аман қалды. Өйткені, әр ауылдағы қазақтар өздері тарығып отырса да барымен бөлісті. Тамағын да, жатын орнын да бөліп берді.

Рухани құндылық
Рухани құндылықтар тек сөзбен ғана берілмейді. Ол адамның өз болмысы, өз тұлғасы арқылы да қалыптасады, дамиды, өзгелерге беріледі. Тәрбие дегеніміз отыра қалып насихат айту емес. Ол - ең алдымен өз болмысыңмен үлгі болу.
03

Рухани тәрбиенің негізі - біз үшін ұлттық құндылықтарға негізделуі керек. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі заман талабы. Ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра отырып дамыту. Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталған. Адам бойына жинайтын ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, сенімділік қасиеттерін тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Рухани тәрбие негізі
04

Ұлттық құндылық
Ұлттық құндылықтар - әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы - тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы.
06

Абай атамыз қазақ халқымыздың кешегісі мен бүгіні болып табылады. Абай халқымыздың әр заманда жоғын жоқтап, мұңын тыңдап, жағдайын өз шағармаларында көрсетті. Оның әрбір өлеңінде, қара сөзінде халықтың салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін, оқу-білімін, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын, болашағын, олардың мінез-құлқын тәрбиелеуін тынымсыз ойлаумен, толғанумен болады. . Әсіресе, «Қара сөздеріндегі» ой желісі осы мәселелер маңында түйінделеді. Адамгершілік, толық адам туралы ойлар әрбір қара сөздерінде жан-жақты сарапталады. Әрбір ұлттың ұлылығы өздеріне тән жағымсыз жақтарын жасырмай, аяусыз сынап, көрсете алатындығында деген пікір бар. Абай қазақ халқын басқа халықтардан, ұлыстардан кем деп санаған емес, керісінше халқының озық ойлы, озық мәдениетті елдер санатына қосылып, олардан да асып түссе екен деп армандады. Осы арман үшін өмірін сарп етті. Өз халқының аяулы ұлы ретінде өз заманында орын алған қаракетсіздікке, жалқаулыққа қарсы аянбай күресті.
Абай шығармаларындағы рухани құндылықтар
07

Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры», «Тақиялы періште», «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа» фильмдерін әлі күнге дейін керемет әсермен көреміз. Өйткені бұл кинолардағы мәдени көрініс, мәдени идеология, мәдени айшықтау элементтері көрермендерге жеңіл және түсінікті тілмен жеткізілген. Одан бөлек, идеологиялық әсері қоғам назарын бірден аударды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында: «Қоғамды біріктіру, ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелерінде еліміздің тарихи мұрасы мен мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі» деген болатын. Мәдениет қоғам дамуының маңызды аспектісі екені даусыз. Бұл мәселе - жаһандану заманының қазіргі жағдайында ерекше өзекті. Біз мәдениет қайраткерлері ретінде мәдениет пен өнерді ұлттық саясаттың маңызды басымдықтарының бірі ретінде қарастырудың маңыздылығын түсінуіміз керек. Жалпы алғанда, ұлт болып ұйысу, бірегейлікті нығайтуда мәдениет пен білім басты рөл атқарады.
Мәдени құндылық
09

Мәдениеттің құндылығы сол - адам бойындағы кісілік қасиетті, ақылдылық пен білімпаздылықты, парасаттылық пен әдептілікті, яғни барлық рухани құндылықтарды қамтамасыз етеді. Осыдан барып төл мәдениеттің көрінісі анықталып, адам әлемі тұлғалық деңгейге жетеді. Өз кезегінде идеологиялық күш те мәдениеттің қалыптасуына себін тигізеді. Өйткені адами түсінік қалыптасып, тарихымыз, тіліміз, дініміз, руханиятымыз және салт-дәстүріміз көрнекті өмір дамуының ағымына ілесіп кете береді. Осы орайда талантты ақын Ханбибі Есенқарақызының «Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін - әдебиет, өнер адамдары» деп айтқан керемет бір сөзі ойға келеді. Сол айтқандай, мәдениет саласында жүрген мамандардың өнерді дамытып қана қоймай, рухани өмірде де белсенді қызмет атқарары сөзсіз. Сондай-ақ қазақтың рухани мәдениетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаларымыз ұлы Абай, Әлихан Бөкейханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларында мәдениеттің қалыптасуындағы идеологияның маңыздылығын кеңінен ашып береді.
Мәдениеттің қалыптасуындағы рухани құндылық

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz