Коммуникация процесі


Slide 1

Коммуникация

Айымбетқызы Толғанай ТПП-22-1к

Slide 2

Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Баскдрудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация - басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.

Slide 3

Коммуникация процесі

Коммуникациялық процесс бұл екі немесе оданда көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтін түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация - бұл күрделі процесс және де оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет.

Slide 4

Мәліметті алмасу

Мәліметті алмасу барысында жөнелтуші мен алушы белсенді роль атқарады, әрі мұның өзі бір біріне қатысты бірнеше кезеңде өтеді. Бұларлың міндеті хабарды дайындау және каналды пайдалана отырып, екі жакка да түсінікті болуын қарастыру. Мәлімет алу кезеңдері мынадай:

а) идеяның пайда болуы;

ә) кодтау және канал таңдау;

б) беру;

в) декодтау.

Мәлімет (ақпарат) алмасу процесінің элементтері мыналар болып саналады:

- мәліметті жіберуші идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады;

- символдар көмегімен кодталған мәліметтің өзін хабарлау;

- канал, мәліметті беру құралы;

- алушы. бұл мәліметті қажет ететін адам.

Slide 5

Вербалсыз қарым- қатынас

Вербалсыз қатынас кұралдары

Әлеуметтік психологияда «дене тілі», немесе вербалсыз қатынас деген болады. Психологтардын пікірінше, адамдар арасындағы әңгімеде мәліметтің 90%-дайы вербалсыз, яғни сөзбен емес, басқадай амалдармен беріледі.

Әңгімелеушінің маңызды мәліметтерінде бет және қол қимылдарымен қоса, дене қимылы да ерекше орын алады.

Мәселен, қытай немесе түрік саудагерлері сатып алушының көзіне қарап тауарына баға қояды екен. Әйгілі покер ойынында да әріптесінің көзіне зер салады - сол арқылы ойнап отырған әріптесінде қандай карталар бар екендігін жобалайды. Жақсы карта келген ойыншының көз шарасы ұлғайып, нашар карта келсе тарылады.

Slide 6

Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл - сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс - сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

Вербалды қарым-қатынас

Slide 7

Қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері

Басшы өз уақытының көпшілік бөлігін әңгіме, кеңес өтікузге, тікелей байланыс орнатуға, мәлімет алмасуға жұмсайды. Осыған орай жеке адамдар арасындағы коммуникацияда қандай кедергілер болатындығын білудің айрықша маңызы бар.

Slide 8

Бірінші қабылдауға - түсініп, ұғынуға қатысты кедергілер. адамдардьін қабылдап, ұғынуына алуан түрлі факторлар ықпал етеді.

Семантика - сөзді және айтылған сөз мәнін пайдалану әдісін зерттейді.

Екіншіден - байланысқа қатыса қатыса отырып және символдарды пайдаланып, мәліметтер алмасады, әрі оны түсінуге тырысады да, мұндайда сөз символын, дене қимылы мен мәліметтерді қолданады.

Үшіншіден, вербалсыз (латынша вербалис - ауызша, сөздей деген мағынаны білдіреді) Вербалсыз қатынас мысалына пікір алмасуды, адамның бет-әлпетіндегі өзгерісті, мәселен, күлкісін, қабылдамау белгісін, ойнақы немесе түнерген қалпын, қабылдаған немесе қабылдамаған көзқарасын алуға болады.

Төртіншіден, нашар кері байланыс. Кері байланыс өте маңызды, өйткені оның өзі сіздің алған хабарыңыздың нақтылығын анықтауыңызға мүмкіндік береді. Басшылар тарапынан жіберілген хабарға қатысты кері байланыстың болмауы жеке адамдар арасында мәлімет алу тиімддігін шектейді.

Бесіншіден, тыңдай білмеу. Қарым-қатынас тиімділігін арттырудың маңызды жағдайларының бірі - адам хабарды жібергенде де және кабылдағанда да бірдей дәл болуы тиіс.

Қарым -қатынас кедергісі

Slide 9

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас тиімділігін арттыру үшін мынадай жайттар ұсынылады:

- мұқият тыңдай білуге дағдылану;

- өз идеяңды айтпас бұрын айқындап алу;

- потенциалдық семантикалық проблемаларды қабылдай білу;

- өзіңнің дене тұрысыңа, қимылыңа, дауыс ырғағыңа зер салу;

- эмпатияға және ашық жарқын әңгімеге көңіл бөлу. Эмпатия - бұл басқа адамның сезіміне көңіл аудару, әрі өзара пікірлескенде, хабар алмасқанда қолдау, көңілді әңгімелесу;

- кері байланыс орнатуға тырысу.

Slide 10

Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері.

Кедергілердің бірі - хабардың бұрмалануы. Кәсіпорын ішінде мәліметтің бұрмалануы жеке адамдар арасында жөнді қарым-қатынас орнатылмаудан немесе басқарушының біреуі хабармен келіспегенде болуы мүмкін.

Екінші бір себебі - мәліметтің екшелік сүзілуінен (фильтрациялануынан), былайша айтқанда мәліметтін. дұрыс сұрыпталмауынан оның мазмұны бұрмаланады.

Келесі кедергі мәліметтің тым көп келуінен болады. Мұндайда басшы қажетті, қажетсіз мәліметтерді өңдеуте әуестенеді. Кәсіпорынның тиімсіз құрылымы басшының қойылған міндетті жоспарлау және жүзеге асыру мүмкіндігін шектейді.

Кәсіпорында мәлімет алмасуды жақсартуға болады, ол үшін кері байланыс жүйесі құрылуы, мәлімет тасқыны реттеліп отыруы, басқару әрекетінің белсенділігі арттырылуы, ұсыныс жинау жүйесі өрістетілуі, алынған мәліметтерді бастырып, ұйым ісінде пайдалануы, сондай-ақ мәлімет алу үшін казіргі технология жетістіктерін қолдануы тиіс.

Жою әдісі

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында мәлімет алмасу процесі
КОММУНИКАЦИЯ ҰҒЫМЫН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ
Ұйымдағы коммуникация ұғымы
Менеджменттегі коммуникация туралы
Ұйымды басқарудағы коммуникацияның рөлі
МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ
Сөздік деңгей түрлері
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Тұлға аралық қарым қатынас
Ұйымдағы коммуникация мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz