Электр машиналар


Slide 1

Электр машиналар

Slide 2

Электр машиналары мен трансформаторлардың тағайындалуы

Электрлендіру-бұл жоғары вольтты электр желілерімен энергетикалық жүйелерге біріктірілген қуатты электр станцияларында өндірілетін электр энергиясын өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, тасымалдау мен тұрмысқа кеңінен енгізу.

Slide 3

Электр машинасы-механикалық және электр энергиясын өзара түрлендіруді жүзеге асыратын электромеханикалық құрылғы

Электр энергияны механикалық энергияға генераторлары түрлендіреді

Электр энергияны механикалық энергияға айналдыру үшін электр қозғалтқыштарды пайдаланылады.

Slide 4

Электр машиналары мен трансформаторларын дамытумен және өндірумен айналысатын ғылым мен техниканың саласы электр машина жасау деп аталады

Slide 5

Электр машиналары-энергияны электромеханикалық түрлендіргіштер

Slide 6 Slide 7

Электр магнит индукция заңы

E=Blv,

мұндағы В - магниттік индукция, Тл; l-өткізгіштің белсенді ұзындығы, яғни магнит өрісіндегі оның бөлігінің ұзындығы, м; ν- өткізгіштің қозғалыс жылдамдығы, м / с.

Slide 8 Slide 9

Оң қол ережесі

Егерде оң қолымыздың алақанын солтүстік полюсқа қаратып жайсақ, ал жазылған бас бармағымыз өткізгіш қозғалысының бағытын көрсетсе, онда қосылған төрт саусағымыз ЭҚК бағытын көрсетеді

Slide 10 Slide 11

Сол қол ережесі

Егерде сол қолымыздың алақанын солтүстік полюсқа қаратып жайсақ, ал жазылған бас бармағымыз электрмагнит күшінің бағытын көрседеті, онда қосылған төрт саусағымыз өткізгіштен ағатын токтың бағытын көрсетеді

Slide 12

а) кез-келген электр машинасы үшін өзара қозғалу мүмкіндігі бар электр өткізгіш ортаның (өткізгіштердің) және магнит өрісінің болуы міндетті;

Slide 13

б) электр машинасы генератор режимінде де, қозғалтқыш режимінде де жұмыс істеген кезде бір уақытта магнит өрісін кесіп өтетін өткізгіште ЭҚК индукциясы және магнит өрісінде орналасқан өткізгіште әрекет ететін күштің пайда болуы, ол арқылы электр тогы ағып жатқан кезде; .

Slide 14

в) электр машинасындағы механикалық және электр энергиясын өзара түрлендіру кез-келген бағытта жүруі мүмкін, яғни бірдей электр машинасы қозғалтқыш режимінде де, генератор режимінде де жұмыс істей алады; электр машиналарының Бұл қасиеті қайтымдылық деп аталады

Slide 15

Электр машинаналардың жіктелуі

Коллекторлы

Әмбебап(қоздыру орамалары бар), Тұрақты ток (қоздыру орамалары бар, тұрақты магниттермен коздырылатын, реактивті, контактысыз ТТҚ)

Коллекторсыз

Синхронды (қоздыру орамалары бар, тұрақты магниттермен коздырылатын, гистерезисті, реактивті)

Асинхронды (роторы қысқа тұйықталған, фазалы роторлы)

Slide 16

Трансформаторлар

Трансформатор деп кернеуі бір шамалы айнымалы тоқ электр энергиясын кернеуі басқа шамалы жиілігі сондай айнымалы тоқтың электр энергиясына түрлендіруге арналған статикалық электр магнитті кондырғы

Slide 17

Пайдалану мақсатына қарай трансформаторлар келесі топтарға бөлінеді

Күштік жалпы пайдаланатын трансформаторлар (электр энергия тарату және берілу тораптарында және керек кернеуді орнату үшін әр түрлі қондырғыларда)

Slide 18

2. Арнайы трансформаторлар, әр түрлі конструкциясымен және жұмыс сипаттамалармен сипатталады. Бұларға пештік және дәнекерлегіш трансформаторлар, автоматика құрылғыларының трансформаторлары, өлшеуіш және сынақ трансформаторлар және т. б.

Slide 19

Трансформатордың жұмыс істеу принціпі

Slide 20

Айнымалы ток электр энергия көзіне қосылатын орама бірінші реттік, ал электр энергиясының жүктемелер қосылатын орама екінші реттік деп аталады.

Трансформатордың бірінші және екінші реттік орамалар арасында электр байланысы жоқ, қуат бір орамадан екінші орамаға электр магнит жолымен беріледі

Slide 21

Трансформатордың әрекет ету принціпі электр магниттік индукция заңына негізделген.

Орамалардың бірін айнымалы кернеудің электр энергиясы көзіне қосқанда, орамада электр тоғы i1 пайда болады. Бұл токтың негізгі бөлігі магнит өткізгіште тұйықталатып (негізгі магнит ағыны Ф0) магнит ағынын қоздырады. Бұл магнит ағыны орамалардың орамдарына тіркесіп орамаларда ЭҚК қоздырады:

Slide 22

Бірінші реттік орамада өзіндік индукция э. қ. к-ң е1 индукциялайды (1. 1)

екінші реттік орамада өзара индукция э. қ. к-ң е2 индукциялайды

(1. 2)

мұнда w1, w2 - трансформатордың бірінші және екінші реттік орамаларының орам сандары

Slide 23

Кернеуді жоғарлатқыш трансформаторларда U2 > U1, ал төмендеткіш U2 < U1.

Жоғары кернеуге қосылған ораманы жоғары кернеулі (ЖК) орама деп атайды, төмен кернеулі желіге қосылған ораманы төмен кернеулі (ТК) орама деп атайды

Кез келген трансформатор әрі жоғарлатқыш әрі төмендеткіш ретінде қолдануға мүмкін

Slide 24

Трансформаторлардың классификациясын келесі түрге бөлуге болады:

Атқаратын міндетіне қарай - жалпы күштік және арнайы;

Салқындату түріне қарай - ауамен және маймен салқындататын;

Трансформацияланатын фазалар санына қарай- бір фазалы және үш фазалы;

Магнитопроводтың пішініне қарай - стерженьді (оқтаулы), сауыттты, сауытты-оқтаулы, тороидалды;

Бір фазаға келетін орам санына қарай - екі орамалы, көп орамалы.

Slide 25

Трансформатордың номиналды параметрлері:

1) бірінші реттік номиналды желілік кернеу U1ном, В или кВ;

2) екінші реттік номиналды желілік кернеу U2ном, В или кВ;

3) орамалардағы бірінші реттік I1ном және екінші реттік I2ном номиналды желілік токтар, А;

4) номиналды толық қуат Sном, кВ·А

- бір фазалы трансформатор үшін

Sном =U1ном I1ном,

Slide 26

Үш фазалы трансформатор үшін

Номиналды желілік токтар трансформатордың номиналды қуаты арқылы анықталады:

Үш фазалы трансформатор үшін

(1. 3)

Slide 27

Трансформатордың кернеу өрнектері

Трансформатордың магнитопроводындағы негізгі магнит ағыны Ф орамалардың орамдарына w1 және w2 тіркесіп орамаларда ЭҚК қоздырады:

Slide 28

Ф магнит ағынын синусоидалды уақыт функциясы деп алсақ

(1. 4)

мұнда Фmax - ағынның максималды мәні.

Онда, (1. 4) өрнегін ЭҚК өрнегіне қойып, дифференциалдап ЭҚК е1 келесі өрнекпен анықтаймыз

(1. 5)

болғандықтан

Slide 29

(1. 6)

Аналогия бойынша

(1. 7)

(1. 6) және (1. 7) өрнектерден, ЭҚК-тер е1 және е2 магнит ағыннан Ф π/2 бұрушына қалып отырады. ЭҚК максималды мәні:

(1. 8)

E1max √2 бөліп және ω = 2πf теңғып алып, бірінші реттік ЭҚК әсер етуші мәнін анықтаймыз (В) :

Slide 30

(1. 9)


Ұқсас жұмыстар
Қол машиналары
Асинхронды электрқозғалтқышты қосқыш розетка көмегімен қосу өндірістік сабақ
Электроқозғалтқыштарды пайдалану
Қазақстандағы газ өңдейтін зауыт қайда
Өте қауіпті өндірістік факторлар
Дыбыс толқынын сипаттайтын негізгі физикалық параметрлері тербеліс амплитудасы, таралу жылдамдығы және дыбыс жиілігі
Өндірістегі өрт қауіпсіздігі
Машиналар үшін өте ұсақ ұнтақтау
Ауыл шаруашылық агрегаттарды, қондырғыларды және дәстүрлі емес энергия көздерін автоматтандыру
Құрылыс машиналар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz