Жедел және созылмалы бронхит


Slide 1

Жедел және созылмалы бронхит

Тексерген:Ешмуратов Т. Ш

Орындаған:Азаматова А. А

Slide 2

Бронхтардың құрылысы

Бөліктік бронхтар

Сегменттік бронхтар

Сегменттік

бронхтардың

тармақталуы

Терминалды бронхиолалар

Ацинустар

Бөлшектік бронхтар

Бөлшектері

Басты бронхтар

Slide 3 Slide 4

Электрондық микроскоппен түсірілген бронхтың кілегей қабаты

Slide 5

Жедел бронхит және бронхиолит

Жедел бронхит - бронхтар кілегей қабығының диффузды бейспецификалық жедел (жедел эндобронхит), сирегірек -қабырғасының барлық қабаттарының бір мезгілде қабынуы (панбронхит) .

Жедел бронхиолит - ұсақ, диаметрі 2 мм-ге дейінгі, бронхтардың және бронхиолалардың, яғни диаметрі 1 мм жіңішке тыныс жолдарының шеміршексіз бөліктерінің жедел қабынуы.

Slide 6

Этиологиясы.

Жедел бронхит пен бронхиолитті шақыратын себептер:

көбіне жедел респирациялық вирустық аурулардың асқынуынан дамиды, сондықтан инфекциялық аурулардың қатарына жатады.

Жедел бронхиттің 90%-да анықталатын қоздырғышы - вирус немесе микоплазма.

Кейде жедел бронхит қызылшаның, көкжөтелдің асқынуынан да болады.

Әр түрлі физикалық-химиялық ықпалдар (аса салқын немесе ыстық ауа, түрлі шаңдар, сілті, қышқылдардың булары, азот тотығы, күкірттің қос тотығы) әкеледі.

Slide 7

Патогенезі

Бронхтық эпителийге вирустардың енуінен, ондағы зат алмасуы бұзылып, эпителийлік жасушалар түлеп жойылады.

Бронхтық эпителий зақымдануының ауырлығы қоздырғыштардың патогендік қуатына тәуелді.

Вирустар бастаған қабыну процесіне бактериялар қосылады.

Әдетте, вирустық бронхиттің басталуынан 2-3 тәуліктен соң, бронхтардың қабырғасына тереңдеу ене алатын, қабыну процесіне бактериялық флора қосылады (көбіне пневмококк) .

Slide 8

Патогенезі

Инфекциямен зақымданып түлеген эпителий, сауыққаннан кейін өз қалпына қайта келеді.

Асқынбаған жағдайда жедел бронхит 7-14 күнге созылады. Бірақ, кей жағдайларда ұзаққа созылып, созылыңқы түріне айналуы ықтимал.

Slide 9

Жіктемесі

Этиологиясы бойынша:

1. Инфекциялық:

а) вирустық;

ә) микоплазмалық;

б) бактериялық.

2. Инфекциялық емес (түрлі физикалық және химиялық әсерлерден) .

3. Аралас (вирустық-бактериялық) .

Slide 10

Жіктемесі

Патогенезі бойынша:

Біріншілік.

Екіншілік (жедел респирациялық аурулардың асқынуынан, жоғарғы тыныс жолдарында инфекция ошақтарының болуынан: тонзиллит, фарингит, ларингит, синуситтің, бронхоэктаз ауруының) .

Slide 11

Орналасуы бойынша:

Проксимальді (ірі бронхтардың қабынуы) .

Дистальді немесе обструкциялық (қабыну процесінің бронхтардың түйілуіне, кілегей қабықтың ісінуіне, гиперсекрециясына алып келуінен) .

Жедел бронхиолит (ұсақ бронхтар тармақтарының ауыр, обструкциялық түрде қабынуы) .

Slide 12

Жіктемесі

Қабынудың түрі бойынша:

Катаральді.

Ісінулік.

Іріңді.

Ірінді-некроздық.

Барысы бойынша:

Жедел (ұзақтығы 2-3 апта) .

Созылыңқы (1 айға дейін, одан да ұзақ созылатын) .

Slide 13

Клиникалық көрінісі

Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан (ЖРА) кейін немесе онымен бірге басталады.

Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі (ринит, фарингит) трахеяға түседі.

Бұл кезде трахеиттің белгілері (құрғақ жөтел, төс артының ашып, қырнап ауыруы) байқалады. Көп ұзамай қабыну процесі алдымен ірі, кейін ұсақ бронхтарға өтеді.

Slide 14

Клиникалық көрінісі

Көрінісі қинайтын жөтелден басталады. Алғашқы 2-3 тәулікте жөтелі құрғақ, кейін болар-болмас қақырық түсе бастайды.

Қақырық әдетте кілегейлі, кейде кілегейлі-іріңді, оның тәуліктік мөлшері шамалы, 50 мл-ден аспайды. Қиналып қатты жөтелуден кеуденің диафрагмаға бекіген аймақтары, төстің арты ашып ауыруы мүмкін.

Ұсақ бронхтар қабынса, онда жөтелге экспирациялық ентікпе қосылады.

Slide 15

Клиникалық көрінісі.

Интоксикацияның салдарынан әлсіздік, селқостық, қол-аяқтардың, белдің ауырсынуы тән.

Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге дейін жоғарылайды. Бірақ грипп болғанда дене қызуы 38-39 °С көтерілуі мүмкін, сонымен қатар мұрынның, ауыздың айналасына ұшық шығуы және көмекейдің гиперемиясы байқалады.

Науқастың қалтырауы бактериялық инфекцияның немесе пневмонияның қосылуына тән.

Slide 16

Клиникалық көрінісі.

Мәселен стафилококтық немесе стрептококтық бронхитте, кеселдің көрінісі ауырлап, біршама пневмонияға ұқсайды: қызба ұзаққа созылады және қақырық іріңге айналып, онда қанды талшықтар пайда болады.

Перкуссиялық дыбыс әдетте өзгермейді, тек қана бронхиттің дистальді түрінде (эмфиземаның болуынан) дабыл реңді дыбыс естілуі мүмкін.

Ауырғандардың баршасында күшейген қатаң везикулалық тыныс және құрғақ, сиректеу ылғал сырылдар естіледі.

Бронхиттің дистальді түрінде ентікпе қосылады жөне тыныс шығару ұзарады.

Slide 17

Клиникасы

Тыңдағанда сырылдың түріне мөн берген жөн. Сырылдардың түрі бронхтардың зақымдану деңгейіне төуелді.

Ірі бронхтардың қабынуында жуан дыбысты құрғақ немесе ірі көпіршікті ылғал сырылдар, ал ұсақ бронхтардың зақымдануында жіңішке дыбысты құрғақ (ысқырықты) немесе ұсақ көпіршікті ылғал сырылдар есітіледі.

Slide 18

Крепитацияның болуы бронхитке төн емес, ол пневмонияның қосылуын көрсетеді.

Жөтелден кейін сырыдар азаюы мүмкін. Кейде жай тыныста естілмеген сырылдар, тынысты күштеп шығарған соң пайда болады.

Басқа мүшелердің айтарлықтай өзгерісі байқалмайды.

Қызу көтерілген кезде шамалы тахикардия болуы мүмкін.

Клиникасы

Slide 19

Клиникасы

Қанның анализі онша өзгермейді, қабыну белгілері: нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭТЖ-ның сәл жоғарылауы байқалады, СРБ анықталады.

Гриптік жедел бронхитте лейкоциттердің саны қалыпты немесе лейкопения болады, лейкоформула сәл солға ығысады.

Рентгендік тексеруде көбіне өзгерістер болмайды. Кейде өкпе түбірінің шамалы кеңеюі және бронхтардың ісінуінен өкпе өрнегінің айқындалуы көрінеді.

Slide 20

Жедел бронхиолитте ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың тарылуынан ауыр ентікпенің болуы тән. Ентікпе - бронхиолиттің басты белгісі.

Тыныс жетіспеушілігінен бет, кілегей жамылғылар, мұрын, құлақ, қол-аяқтың ұштары көгереді. Тыныс қимылы жиі және беткей, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен жүреді.

Жөтелгенде болмашы кілегейлі қақырық қиналдырып әрең түседі.

Slide 21

Әдетте, жедел бронхиттің барысы жеңіл, 7-14 тәуліктің көлемінде аяқталады.

Қызудың қайтадан көтеріліп, іріңді қақырықтың бөлінуі аурудың созылыңқы барысына (6 аптаға дейін) айналуына тән.

Бұл жағдай бактериялық немесе вирустық суперинфекцияның қосылуынан болады.

Slide 22

Асқынулары:

Пневмония.

Бронхтардың обструктивтік синдромы.

Slide 23

Емі.

Қабынуға қарсы аспирин 1таб (0, 5 г) 3 рет, метиндол 0, 025 г 3 рет,

Обструкция болғанда - теофедрин немесе эфедрин 0, 025 г, немесе эуфиллин 0, 15 г күніне 3 рет беріледі;

басылмайтын бронхоспазмдық синдром болса - преднизолонды 20-25 мг 7-10 күн ішкізеді.

Slide 24

Емі.

Бұдан басқа, аскорбин қышқылын 0, 5 г.,

А витаминін 1-2 др. 3 реттен,

этовитті 400 мг. 1 реттен қолданады.

Осылармен қатар дезинтоксикациялық ем жүргізілуі тиіс. Ол үшін сұйықтықты (лимон, бал, қайнатпа қосылған шайды, жылытылған минеральді суды) молырақ ішкізеді.

Slide 25

Емі.

Антибиотиктер тек ірінді қақырық болған немесе пневмония қосылған жағдайларда ғана қолданылады:

эритромицин 0, 5 г 4 рет;

макропен 400 мг 3 рет;

ампициллин 0, 5 г 4 рет ішуге беріледі.

Slide 26

Емі.

Сонымен қатар, физиотерапия жүргізілуі тиіс: төс аймағына, жауырын аралығына қыша қағазын жапсыру; парафиннен, балшықтан аппликациялар жасау, банкаларды қою.

Slide 27

Созылмалы бронхит (СБ )

Slide 28

Анықтамасы

Созылмалы бронхит (СБ) - 2 жыл және одан да көп жылдар ішінде, жылына 3 айдан кем емес уақытта жөтелмен және қақырық тастаумен сипатталатын бронхтардың созылмалы қабынулық ауруы.

Slide 29

Этиологиясы

Экзогендік себептер (темекі тарту, ауаның ластануы, кәсіби зиянды заттар, инфекциялар, және аралас себептер) .

Эндогендік себептер (мұрын-жұтќыншаќ ќайталама ќабынулары, созылмалы инфекция көзі болу, зат алмасудың бұзылуы, тұќым ќуалайтын бейімділік - ферменттер жетіспеушілігі, аллергияға бейімділік) .

Slide 30

Патогенезі

Полиэтиологиялық факторлар тобының әсерінен.

Бронхопульмоналды қорғаныс жүйесінің гомеостазы, иммунық механизмдер бұзылысын шақырады.

2. Сонымен қатар, бронхтың кілегей қабатының құрылымдық өзгерістері дамиды

Slide 31

Бронхопульмоналды қорғаныс жүйесінің гомеостазы, иммундық механизмдердің бұзылысынан.

Гуморалдық қоғаныс факторларыны бұзылады

Альвелярлық макрофагтар қызметінің бұзылуы

Сурфактант қорғаныс жүйесіні бұзылуы

Мукоцилиарлық аппарат қызметінің бұзылуы

Инфекцияға қарсы лықтың төмендеуі

Қабыну медиаторларының бөлінуі

Кірпікшелі эпители шамасыздығы

Бронх секреті тасымалдануының бұзылуы

Патогенді микробтардың көбеюі

Бронхтарда инфекциялық қабыну үрдісінің дамуы

Бронх кілегей қабатының құрылымдық өзгерістері

Бокал тәрізді клетка белсенділігінің және санының артуы

Бронхтың секреторлық бездерінің қызметі артуы

Дискриния

Гиперкриния

Мукостаз

Қабыну медиаторларының бөлінуі

Slide 32

Жіктелуі

Созылмалы жай (обструкциясыз) бронхит.

Созылмалы іріңді (обструкциясыз) бронхит. Вентиляциялық өзгерістер жоқ.

Созылмалы обструктивті бронхит. Кілегей қақырық тастау тән және вентиляцияның тұраќты обструктивті өзгерістері болады.

Созылмалы іріңді - обструктивті бронхит. Іріңді қақырық тастау мен вентиляцияның обструктивті өзгерістері болады.

Ерекше түрлері:

Геморрагиялық жєне фибриноздық созылмалы бронхит.

Slide 33

Орнына ќарай:

Проксимальды (жоғарғы бронхит) - ірі бронхтар басым заќымданѓан, обструкциясыз бронхит.

Дистальды (төменгі бронхит) - ұсақ бронхтар басым заќымданған, обструктивті бронхит.

Даму барысына ќарай:

Латентті (бүркемелі) СБ

үздіксіз - қайталама СБ

Фазасы: қайталау фазасы.

Патогенезіне ќарай:

Бірінші реттік СБ (жеке, бөлек ауру. Көбіне жайылма бронхит түрінде) .

Екінші реттік СБ (созылмалы пневмонияѓа, бронхоэктазия ауруына, созылмалы абсцеске, туберкулезге, кіші қан шеңберінде ќан айналысы бұзылуына, созылмалы бүйрек шамасыздыѓына ќоса дамитын бронхит) .

Slide 34

Клиникасы

Жалпы қабыну синдромы: құрғақ не қақырықты жөтел, қызу көтерілу, құрғақ сырылдардың пайда болуы жєне күшеюі, лейкоцитоз, ЭТЖ өсуі, сиал қышқылдарының көбеюі, СРБ пайда болуы, өкпе суретінің күшеюі.

Slide 35

Клиникасы

Бронхообструктивтік синдром: тұрақты не өткінші демікпенің пайда болуы, ұзаққа созылған жөтелден кейін тұншықпаның көрініс беруі, тұншықпалы жөтел, жоғарғы тембрлі құрғақ сырылдың тынысты сыртқа шығару фазасында басым естілуі, бронхолитиктер жеткіліксіздігі, сыртќы тыныс функциясының обструктивті бұзылуы.

Slide 36

Клиникасы

Тыныс жетіспеушілік синдромы:


Ұқсас жұмыстар
Жас балалар мен қарияларда
Балалардағы жедел бронхит
СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ
Бронхиттің кездесетін белгісі - жөтел
Микоплазмалы пневмония
Бронх демікпесі
Тыныс алу ағзаларының аурулары
ПЛЕВРИТ ЖӘНЕ КЕУДЕ АУРУЛАРЫ
ӨКПЕ ҚҰРЫЛЫСЫ
Аурудың анамнезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz