Жөтел түрлері


Slide 1

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ

«Педиатрия -1» кафедрасы

Презентация

Тақырыбы: Балалардағы жөтелдің дефференциальді диагностикасы

Орындаған:Әбдіқан Ж

Тобы: В-ЖМҚБ-03-16

Қабылдаған:Тастанов А. Е

Шымкент 2019

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Этиологиясы

Патогенезі

Жөтелдің түрлері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Жөтел - барлық адамдарға таныс, бірақ механизмі жағынан өте күрделі, тыныс жолдарын тазартуға бағытталған рефлекс болып табылады.

Кіріспе

Slide 4

Этиологиясы

Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялық қабыну процесстері: Жедел респираторлы вирустық инфекциялар, ангиналар, фарингиттер, синуситтер, тонзиллиттің асқынуы, ларингиттер.

Төменгі тыныс жолдарының инфекциялық қабыну процесстері: ларинготрахеиты, трахеиты, бронхиты, пневмонии) .

Респираторлы жолдардың шырышты қабатының ирритативті қабынуы.

Респираторлы жолдардың шырышты қабатының аллергиялық қабынуы.

Бронхоспазм.

Тыныс жолдарының бронхиальді секретпен, ісіктермен және өзгеде заттармен бітелуі(обструкциясы) .

Өкпе паренхимасының ісінуі

Өзгеде факторлар.

Slide 5 Slide 6

Патогенезі

Жөтел актісі үш жеке фазадан тұрады, оларды жасау үшін өкпенің және кеуде қуысының белгілі бір механикалық мүмкіндіктері талап етіледі.

Slide 7

Бірінші фаза, тыныс алу фазасында, нейрондардың ұштарының тітіркенуі терең тыныс алып, өкпе көлемінің механикалық ұлғаюына әкеледі.

Екінші фаза өте қысқа өтеді, жабық дауыстық саңылауда тыныс алу бұлшық еттерінің кернеуі дамиды. Бұл компрессия фазасы болып табылады.

Үшінші фаза айдау фазасы деп аталады. Кеудеішілік қысым ең үлкен биіктікке жеткенде, дауыс саңылауы кішкене ашылады. Тыныс шығару басталғанда, бронхтардың жиырылуынан тыныс жолдары тарылады. Кеңірдек пен бронхтардың жарғақтық бөлімі инвагинацияланады. Тыныс алу жолдарының ауасы күшпен сыртқа шығады. Құрсақ ішіндегі қысым, бұл кезде кеудеішілік қысымнан жоғары болады. Сондықтан диафрагма күрт жоғары көтеріледі. Бронхтардың тарылуы арқасында ауа ағысының жылдамдығы өте жоғары болады. Ауа ағысы бөгде денелерді сыртқа айдап шығарады.

Патогенезі

Slide 8

Патогенезі

Slide 9

Жөтел түрлері

Құрғақ жөтел

Ылғалды жөтел

Көкжөтел

Көкжөтел тәрізді жөтел

Спастикалық жөтел

Стокато жөтелі

Битоналдық жөтел

Терең тыныс алғандағы жөтел

Тамақтану кезіндегі жөтел

Slide 10

Құрғақ жөтел

Субьективті тұрғыдан жабысып алған сияқты сезіледі, ол шырышты қабаттардың қабынуы басталған шақта пайда болады:вирусты не бактериальді инфекцияда . Қақырық болмайды, сол себепті продуктивті емес жөтел деп айтады.

Slide 11

Ылғалды жөтел

Қақырық шығуымен аяқталады да, ол қайта жиналған кезде қайталанады. Қақырық болғандықтан - продуктивті. Бұл жөтел бронхиттің негізгі белгісі. Ол қақырық тұтқыр болғанда қинап жіберуі мүмкін(муковисцидоз), дәл осындай жағдайда муколитиктер тағайындалады. Одан әлдеқайда терең естілетін жөтел бронхоэктаздарға тән. Беткейлік жөтел қақырық кеңірдек пен көмекейде жиналғанда пайда болады.

Slide 12

Көк жөтел

Жөтел екпіндері бірінен соң бірі қайталанып, баланы мезі қылып, мазасын кетіреді, өзіне тән реприздермен спазммен қосылған дауыс саңылауы арқылы шыққан тыныс дыбысымен аяқталады, кейде соңынан бала құсады. Апноэ болуы мүмкін.

Көкжөтел тәрізді жөтел бұл да соншалықты жабысып қоймайтын жөтел, бірақ реприздері болмайды, ол муковисцедозда, бөгде зат түскенде, кейде ЖРА кезінде болады

Slide 13

Спастикалық жөтел

Бронх обструкциясы кезінде пайда болады. әдетте аз өнімді, жабысқақ, соңында жиі ысқырықты обертон болады.

Стокато жөтелі өмірдің алғашқы айларындағы балалардағы хламидиозға тән құрғақ, үздікті, сыңғырлаған, ұстамалы түрде, бірақ реприздерсіз өтеді.

Биотоналдық жөтел (төменгі және жоғарғы тондар) лимобронхимиялық жыланкөзден шыққан туберкулездік грануляциялар кезінде, кейде ірі бронхтардағы дөгде дене болғанда пайда болады. Бронхоскопия жасауға көрсетілім болып табылады.

Slide 14

Терең тыныс алғандағы жөтел

Плевраның тітіркенуі кезінде болады, ауру сезіледі. Рестрикция кезіндегі осындай жөтел өкпе регидтілігінің жоғарлауына байланысты аллергиялық альвеолит, астма ұстамасы жатады.

Slide 15

Тамақтану кезіндегі жөтел дисфагия немесе бронхөңеш жыланкөзінде пайда болады, соңғысында мол көпірген қақырық түседі.

Тамақтану кезіндегі жөтел

Slide 16

Жөтелдің салыстырмалы диагностикасы

Инструментальді

Қақырықты зерттеу

Тыныс алудың функциясы

Кеуде клеткасының рентгенограммасы

Физикалық тексерулер

Slide 17

Балаларда негізінен дифференциалды диагностикада жөтелдің түріне және ауырлығына, инфекциялық жұқпалығына қарап анықтайды. Жөтел кезіндегі балалардағы симптомдар температураның жоғарылауы, цианоз, ауру сезімі, мазасыздық тәбетінің төмендеуі байқалады.

Жөтелдің салыстырмалы диагностикасы

Slide 18

Қорытынды

Жөтел - рецепторлардың тітіркенуінен тыныс жолдарының бұлшық еттерінің жиырылуы, ауыз арқылы форсирленген дем шығару.

Жөтелдің рөлі - тыныс жолдарын бөгде заттардан тазарту және тыныс жолдарының өткізгіштігін бұзатын механикалық бөгде заттардан қорғау

Slide 19

Белопольский Ю. А., Оленич В. Б. Педиатрия: Новейший справочник. - М., 2005

Василевский И. В. Дифференцированный подход к лечению кашля у детей // Медицинские знания, 2003. - № 6. - С. 13 - 16

Бовбель И. Э., Малюгин В. Ю. Профилактика и лечение острых респиратор- ных инфекций у детей в амбулаторных условиях: Учебно-метод. пособие. - Минск, 2005. - 40 с

Зернов Н. Г., Тарасов О. Ф. Семиотика детских болезней: Руководство для врачей. - Л., 1984. - 360 с

Пайдаланған әдебиеттер


Ұқсас жұмыстар
Балалардың тыныс алу жолдарының бұзылысының семиотикасы және синдромдары
Жөтел және тыныс алудың қиындауы
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев Атындағы Мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі ШЖҚ КМК
Өкпеден қан ағу
Туберкулез белгілері
Өкпенің қабынуы
Көкжөтел
СӨЖ РЕАКЦИЯЛАР
Пневмония мен ауыратын науқасты оқыту
Бронхиттің кездесетін белгісі - жөтел
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz