Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар


Slide 1

49 Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар. Олардың алдын алу шаралары

Slide 2

Сабақтың жоспары:

Жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулар

ЖИТС (СПИД)

Мерез (сифилис)

Соз (гонорея)

В, С гепатиті

ІІ. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу

Slide 3

Жыныс жолдары арқылы жұғатын -

ауруларды ежелгі махаббат құдайы - Венераның атымен венералық деп атайды. Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың қоздырушыларына әртүрлі бактериялар мен вирустар, қарапайымдар (біржасушалы жануарлар) мен микроскопиялық саңырауқұлақтар жатады. Осы жұқпалардың барлығына ортақ ұқсас жұғу жолы - жыныстық қарым-қатынас кезінде ауру адамнан сау адамға беріледі. Едәуір кеңінен таралған және қауіпті ауруларды қарастырайық.

Slide 4

ЖИТС (СПИД) -

жұқтырып алған иммундық тапшылық синдромы - едәуір қауіпті вирустық жұқпа, ресми түрде ем қонбайтын және өлімге апаратын ауру. Қоздырушысы - адамның иммундық тапшылық вирусы - АИЖ (ВИЧ) . Ол адамның лейкоцит жасушаларын зақымдайды, біртіндеп ұлпалық иммунитетін жояды. Жұғу жолдары - В және С вирустық гепатиттері сияқты.

Slide 5 Slide 6

Мерез (сифилис) -

қоздырушысы бактерия, ақшыл спирохета болып табылатын жұқпалы ауру. Қоршаған ортада бұл бактерия тұрақсыз. Мысалы, +50*С температурада 15 минутта, қайнатқан кезде, кез келген зарарсыздандыратын заттар: сілті, хлор, қышқылмен әсер еткен кезде бірден жойылады. Бірақ ылғал, желдетілмейтін ортада, шамамен 37*С температурада бірнеше сағат, тіпті бірнеше күн тіршілік етуі мүмкін. Сондықтан мерездің негізгі жұғу жолы - жыныстық қарым қатынас кезінде жүзеге асады. Ортақ, таза емес төсек жабдығы, ыдыс-аяқ арқылы, сүю кезінде жұқпайды. Бірақ осындай «тұрмыстық» жұғу жолы үйдегі бір адам мерезбен ауырса, емделмесе, гигиеналық талаптар сақталмаса орын алуы мүмкін. Жыныс мүшелерінің, ауыздың, көздің, мұрынның сілемейлі қабықшасы арқылы жұғуы мүмкін. Әсіресе сілемейлі қабықша зақымдалса, жара, жарық т. б. болса жұғу қаупі артады. Мерездің тері, ауа тамшылы жолмен жүғу мүмкіндігі төмен. Алдын алу шаралары: жекебес гигиенасын сақтау және кездейсоқ жыныстық қарым-қатынастан сақтану.

Slide 7

Мерез өте қауіпті ауру, ол бүкіл ағзаға зиян келтіреді. Антибиотик ойлап тапқанға дейін, ол тек қауіпті емес, тіпті өліммен аяқталатын еді. Бұл аурудың белгілері ағзада тез біліне бермегендіктен, ауру жұқтырушы көптеген адамдардың өліміне себебші болады.

Заманауи медицина мерез ауруын асқындырып алмаған жағдайда тез және ешбір салдарсыз емдейді. Бұл аурудың бірінші белгісі - жұқпа енген жерде жараның пайда болуы. Бұл жара науқасты тіпті мазаламауы да мүмкін. Ол бірнеше күннен кейін, тіпті бірнеше аптадан кейін пайда болуы ықтимал. Ауру жұқтырғандардың көпшілігі бұл жараға көңіл бөлмейді, дәрігерге қаралмайды. Өздерінің ауру жұқтырған қауіпті адам екенін білмейді. Сондықтан ауруға кез келген күдік туғанда анализге қан тапсыру керек.

Әйелдің жүктілік кезінде бұл аурумен ауруы өте қауіпті. Ол болашақ нәрестенің жатырішілік дамуында бірқатар ауыр салдарға - тері қабатының, жүрек-қантамырлар жүйесінің деформациясы, шеміршекті ұлпаның, мұрын, құлақ қалқанының дұрыс қалыптасуына әкеліп соғады.

Slide 8

Соз (гонорея) -

жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Создың қоздырғышы - шар тәрізді гонококк бактериясы. Жұғу жолдары мерездегідей. Ауру жұқтырған 100 адамның ішінде 99%-ы жыныстық қатынас, 1%-ы «тұрмыстық» жағдайда жұғады.

Жыныс мүшелерінен басқа тікішектің, көздің, тамақтық шырышты қабықшасы зақымдануы мүмкін. Егер әйел созбен ауырып, жүкті боса, балаға жүктілік кезінде ауру жұқпауы мүмкін. Бірақ босану кезінде ауру міндетті түрде жұғады.

Slide 9

Адам ауру екенін білмейтін жасырын (инкубациялық) кезең мерезбен салыстырғанда едәуір қысқа. Ол әдетте 1 күннен 2 аптаға дейін созылады.

Создың ең алғашқы белгілері, ер адамдарда үрпіден басталады. Денесі қызып, қышынады, несепке іріңді зат араласып, кіші дәретке отырғанда қатты ауырсынады, үрпі қызарып, ісіп кетеді. Әйелдерде жатыр мойны іріңге толып, іштен төмен және белі қатты ауырады. Несепке қан араласады. Мерезден айырмашылығы ауру адам дәрігерге қаралса, тезірек емделеді. Десе де создың жасырын формасы да болады. Эпидемиологтер бұл бактериялардың заманауи штаммдары 50 жыл бұрынғыға қарағанда жасырын симптомсыз формаға ие екенін айтады. Бұл өте қауіпті, себебі дер кезінде диагноз қойылмаған форма ішкі мүшелердің күрдклі қабыну үдерісіне және бедеулікке әкелуі мүмкін.

Slide 10

В, С гепатиті -

гепатиттің басқа формасы сияқты вирустық жұқпа болып табылады. Гепатиттің осы формасының үш жұғу жолы бар:

ауру жұққан адаммен жыныстық қарым-қатынасқа түсу;

қан арқылы жұғу (қан құйған кезде, себебі С гепатитінің вирустық бөлшектерін анықтау үшін донор қанын салыстырмалы түрде жақында ғана тексеретін болды) . Сирек жағдайда стерильді емес медициналық немесе косметологиялық аспаптарды қолдану кезінде жұғуы мүмкін;

науқас анадан ауру балаға босану кезінде сирек жағдайда беріледі. Әдетте ауру асқынған жағдайда орын алады.

Slide 11

40% жағдайда С гепатитінің жұғу көзін анықтау мүмкін емес. Себебі бұл жұқпаның көптеген медициналық манипуляция кезінде, маникюр жасату, тату-салонға бару және т. б. жағдайда жұғуы мүмкін.


Ұқсас жұмыстар
Жыныстық жолмен таралатын ауруларға сипаттама
Жыныстық қатынас
Соз ауруы
Генетикалық немесе тұқымқуалайтын аурулар
Жыныстық жолмен берілетін аурулар эпидемиологиясы
Тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері
ХРОМОСОМАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДІК АУРУЛАР
Тұқым қуалайтын аурулар
Үшінші кезең
Хромосомалық аурулар түсініктеме
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz