Бруцеллез кезіндегі сиырдың буыны мен қоіиқардың енініц қабынуы


Презентация қосу
Бруцелл
ез
Бруцеллез (Brucellosis) - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу,
эндометрит, ррхиг жэне жануарлардьщ жыныстық қабілетінің бұзылуы,
арқылы ерекшеленетін жүқпалы ауру
Тарихи деректер. Бруцеллездің адамда байқалатын
белгілерін Гиппократ сипаттады, ал жан-жақты
зерттеулер 18-19 ғ. жүргізілді. Ф.Марстои (1861) Мальта
аралында бруцеллез адамның әз алдында дербес ауруы
екендігін көрсетті, ал Д. Брюс (1877) оның
қоздырушысын бөлігі алыи Micrococcus melitensis деп
атады. Бұлар ағылшын ғалымдары еді. Даниялық
ветеринария дәрігерлері В. Банг жэне Стрибольт (1896)
ауру қоздырушысын іш тасталынған бүзаудан, ал
американдық Траум (1914) іга тасталынған торайдан
бөліп алды. Бүл микробтар 1918-1920 жылдар
аралығында бір туыстастыққа біріктіріліп, Брюстің
қүрметіне Бруцеллалар деп аталған.
19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында бруцеллез
ауылшаруашылық маддардың арасында барлық жерде
де кеңінен тарады. Қазақстанға бұл ауру Еуропалық
өлкелерден келді, оны алғаш рет 30-жылдары Семей
Қоздырушысы. Бруцеллезді эр түрлі түлікте
Brucella туыстығына жататын 6 түрге бөлінетін
микробтар қоздырады. Кейбір түрлері әзара
бірнеше биоварға (биотипке) бәлінеді.
B.melitensis қой мен ешкі үшін зардапты жэне адам бруцеллезінің негізгі
қоздырушысы, 3 биотипі бар.
В.abortus сиыр, қодас, буйвол, бүғы, марал, түйе жэне жылқы үшін зардапты, 9
биотипке бөлінеді. Кейбір биотипінің адам үшін уыттылығы недэуір дәрежеде.
B. suis шошқа, қоян, солтүстік бұғысы үшін зардапты 4 биотипі бар, оньің 1, 2 жэне
3-шісі шошқада, 2-ші биотипі қоянда, 4-шісі бұғыда тоғышарлық етеді.
В. neotdmae шөлейттегі егеуқұйрықта (Neotdma lepida) кездеседі. 1957 ж. АҚШ-та
бөлініп алынған. Адам үшін зардаптылығы беймәлім. Биотипке бөлінбейді.
B.ovis қой үшін зардапты, қошқардың жұқпаиы эпидидимитінің қоздырушысы. Адам
үшін зардаптылығы түбегейлі анықталған жоқ. 1953 ж Жаңа Зеландия мен
Австралияда бөлініп алынған. Биотипке бөлінбейді.
B.canis ит үшін зардапты, бүл жануардың эпидидимиті мен іш тастаудың себепкері.
1968 ж АҚШ-та тазы иттерден бөлініп апынған. Адамға зардаптылығы белгісіз.
Халықаралық таксономиялық комитеттің шешімі
бойынша (2003 ж.) барлық бруцеллалар бір түрге
біріктіріліп, В. melitensis деп аталатын болды.
Бруцеллалар полиморфты, сыртқы бейнесі коктар тэрізді, сопақшалау,
таяқшаға үқсас болып келеді. Спора және қауашақ түзбейді, қозғалмайды,
грамтеріс. Сарысулы жэне Хоттингер ортасында, ет-пептон агарында (ЕПА)
өседі. Ең жақсы өсін бауырдан жасалған глицерин мен глюкоза қосылған
орталарда, қүрамында балық пен дрожжалар гидролизаттары бар Д
ортасында, шарана көмірсуы - эритритол қосылған эритрит агарда
байқапады. Бруцеллалардың терең орналасқан О жэне бетінде орналасқан
S антигендері бар. S-антигенінің А жэне М екі түрі кездеседі. А-антиген
B.abortus, ал М-антиген В. melitensis түрлерінде басым болады.
Микробтың R-формасы эр түрлі дәрежеде S-антигенін жоғалтады да,
бруцелланың минус вариантында бүл антиген мүлде болмайды. S-R
диссоциациясы S-антидененің, ал S-R диссоциациясы бактериофагтың
қатысуымен трансдукция аркылы жүреді. Сонымен қатар L-трансформация
мен антигендік мимикрия да табиғат жағдайында орын алады
Бруцеллез қоздырушысының физикалық жэне химиялық факторлардың
эсеріне төзімділігі орташа, 60°С кезінде 30 мин. 70°С-та 5-10 мин өткенде, ал
90-100°С-та бірден өледі, Ет жэне көңде, жемшөпте 4 айға дейін сақталады.
Кэдімгі дезинфектанттардың жалгіылай қабылданған концентрациясы
толық зарарсыздандырады.
L-трансформацияға және диссоциацияға үшыраған бруцеллалар грам оң, ал
Козловский эдісі бойынша көк түске боялуы мүмкін. Бүндай гетереморфты
бруцеллалар өзгере бастаған сэтте осы микроб түріне арналған орталарда:
эритрит-агарда, ет-пептон-бауыр-агарында өсе береді. Бірақ, жақсы өсін 10-
20 % шарана суы немесе қан сарысуы қосылған ортада алынады.
Індеттік ерекшеліктері.
Бруцеллезге 60-тан артық үй жэне жабайы жануарлар түрлері
бейім. Әсіресе тез шалдығатындары: сиыр, қой, ешкі, шошқа,
солгүстік бұғысы. Оларда бруцеллез індет түрінде тарлайды.
Түйе, жылқы, марал, қодас, буйвол сияқты жануарларда
бәсеңдеу тарайды. Ит, мысық, қоян, сайғақ, түлкілерде шектеулі
дэрежеде, болмаса спорадия ретінде кездеседі. Бұл аурудың
табиғи ошағы болмайды.
Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен
ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалык белгілері
айқын білінген кезде өте қауіпті. Ондай жануарлар
шаранамен, шумен, тастанды төлмен жэне жыныс
жолдарынан аққан сорамен ауру қоздырушысын аса мол
мөлшерде бөліп шығарады, Қоздырушы микроб сонымен
қатар сүтпен, шэуетпен, нәжіспен жэне несеппен бірге
бөлінеді. Сиырдың желінінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда
2-3 жыл сақталып, оқтын-оқтын сүтпен бөлініп тұрады.
Бруцеллалармен ластанған өнімдер жэне малдан
алынған шикізаттар, жануарларды күтуге арналған
жабдықтар, жемшөп, төсеніш, су, топырақ, малды
қарайтын адамдардың киімдері басты жұқтыру
факторлары болып табылады. Жас төлге бруцеллез
негізінен алиментарлық жолмен енесінің сүті арқылы, ал
сақа жануарларға алиментарлық жолмен жэне
шағылысқанда жана-су арқылы жүғады.
Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал экелгенде карантиндеу
ережелерін сақтамаған кезде, ауру жэне сау малдарды бірге жайғанда,
бір суаттан суарғанда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру
қоздырушысын мал қораға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар
бруцеллезге шалдыққан малдардың шуымен не тастанды телмен
жанасқан жағдайда микроб тасымалдаушыға айналады.
Індегтің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%~ға
дейіні инфекцияға шалдығуы мүмкін.
Бас кезінде буаз мал ішін-ара, ал кейін жаппай іш тастауы
мүмкін. 2-3 жыл өткен соң аборт байқалмайды, ал шеттен мал
қосқанда індеттену өршіп, жаңа экелінген жэне бұрынғы
ауырған малдарды қоса қамтып, іш тастау қайтадан қаулауы
мүмкін.
Малды араластыру індетті өршітіп, оның жаңа ошақтарын
қалыптастырады.
Малды өсіргенде, бағыгі күткеңде ветеринариялық-
санитариялық талаптарды дүрыс орындамау, соның
нэгижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің нашарлауы,
уақыттылы шу мен тастанды төлді жинамау, көңді газаламау,
дезинфекцияны ретті түрде жасамау бруцеллездің шығуына
жағдай тудырады.
Дерттенуі.
Бруцеллездің қоздырушысы ас
қорыту жэне тыныс, несеп,
жыныс жолдарының кілегейлі
қабықтарынан жэне көз
конъюнктивасынан тоқтаусыз
өтіп, сөл жүйесіне түседі де, одан
маңайында орналасқан сел
түйіндерінде түрақтайды.
Кейіннен басқа да сәл
түйіндеріне жэне үлпершек
ағзаларға енеді.
Бруцеллез инфекциясының
өрбуін 3 кезеңге бөледі: бастапқы
латенция (регионарлық
инфекция), генерализация (бойға
жайылу немесе денеге шабу)
және екінші латенция.
Регионарлық (шектелген) инфекция кезеңінде қоздырушы
белгілі бір ұлпаға қалыптаса бастайды да, аурудың клиникалық
белгілері біліне қоймайды.
Бұл кезеңде сөл түйіндерінің синустарында гиперплазия
басталып, үлпершек ағзаларда лимфоциттер мен
гистиоциттерден тұратын микрогранулалар түзіліп, лейкоциттік
инфильтрация, мононуклеарлық макрофагтардың қордалануы
байқалады.
Бұл кезең әсіресе жас төлдерде үзакқа созылады.
Жалпы алғанда бұл қүбылыстар инфекцияға қарсы
туындайтын иммунитеттің алғы шарттары болып табылады.
Сондықтан жас малдың организмі бруцеллезге төзімдірек
келеді. Бұл кезең ересек сақа жануарларда қысқа болады жэне
бір ерекшелігі антидене түзу баяу жүреді де, серологиялык
көрсеткіштер төменгі дәрежеде болады.
Генерализация кезеңі буаздықтың, төзімділіктің төмендеуі, күтімнің
нашарлауы нэтижесінде байқалады. Буаздықтың екінші жартысы
кезінде жиірек өрбиді. Шаранада болатын эритритол көмірсуы
бруцеллалардың өсуін жеделдетеді деп есептейді. Бұл кезең
бактериемиямен жэне айқын клиникалық белгілерімен
ерекшеленеді. Жануарлардың денесінде әр түрлі мүшелер мен
ұлпаларда өліеттенген қабыну процестері өрбіп, оның нэгижесінде
орхит, бурсит, тендовагинит, эндометрит сияқты бруцеллездің
негізгі белгілері пайда болады. Жатырдың кілегейлі қабығы, қағанақ
қабының және ұрықтың зақымдануы салдарынан буаз жануарлар іш
тастайды.
Генерализация кезінде антидене түзілуінің күшеюіне байланысты
серологиялық реакциялар оң нэтиже береді. Бірақ, аборт болғанда
қанға көп мөлшерде түскен бруцеллалардың антигендері
антиденелерді бейтараптагі, серологиялық реакциялардың нэгижесі
теріс болуы мүмкін. Генерализациядан кейін байқалатын екінші
латенция кезеңінде аурудың клиникалық белгілері өше
бастағанымен денеден үзақ уақыт бойы імикроб бөлініп шығады. Бұл
Өтуі мен симптомдары.
Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан серологиялық немесе
аллергиялық реакциялар оң нэтиже бергенге дейін. 2-4 аптаға
созылады. Егер ауру жүққан малдардың ішінде буаздары болмаса.
бруцеллез симптомсыз өтеді. Онда шалдыққан малдарды
серологиялық немесе аллергиялық тексеру арқылы ғана анықтауға
болады.
Бруцеллез кезіндегі сиырдың буыны мен қоіиқардың енініц
қабынуы.
Жануарлардың барлық түрінде бруцеллездің басты белгісі -
буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Сиыр
негізінен 5-8 айлығында. кой мен ешкі 3-5 айлығында, мегежін
кез келген уақытта, ит 40-50 күн болғанда іш тастайды. Сиыр
мен қой әдетте екінші қайта іш тастамайды, ал мегежінде ол
бірнеше рет қайталануы мүмкін.
Іш тастар алдында буаз хмалдың емшек үрпі сызданып, сыртқы
жыныс мүщелері толықсып, сарпайынан кызғылт-қоңыр түсті
сора ағады. Іш тастағаннан қейің эдетте шуы түспей,
бастапқыда қілегейлі-іріңді, соңынан іріңдіфибринді эндометрит
байқалады. Кейбір жануарларда эндометритке қабат- .таса
желіні, аналық безі жэме фаллопий (жагыр) түтікшелері
қабынады; Дерт асқына келе деңенің ыстығы көтеріліп, малдың
сүті азайып, жүдеп кетеді. Жыныс жолдарының зақымдануы
жануардың жыныстық қабілетін нашарлатьіп, соңы бедеулікке
экеліп соғуы мүмкін.
Жекелеген жануарларда бруцеллез кезінде бурсит, гигрома,
артрит, тенд о в ш й н и т, ал еркек малдарда орхит жэне
эпидидемит ■ байқалып. .ені ісініп, кейде шектен тыс ұлғайып,
салбырап жүреді. Әсіресе, жүқпалы эгіидидимитке шалдыққан
қошқардың ені ісініп, еннің шылауы білеуленіп, сипап көргенде
резеңке түтік тэрізденіп қолға білініп тұрады.
Жыныс мүшелерімен қатар басқа ағзалар да зақымдаңады
Шошқада тері астындағы шел мен ішкі ағзаларда абцессалар
гіайда болып, аяқ бұлшык еттері салданады. Жылқының
желкесі мен шоқтығында бурсит кездеседі, Қазіргі кезде
бруцеллезге қарсы вакциналардрлң кеңінен. қолданылуьша
байланысты, аурудың клиникалық белгілері білінбей, көбінесе
Патологоанатомиялық өзгерістер.
Іш тастаған малдың қағанағы қабынып, оның бетіне фибрин
ірімтіктері мен ірің жиналады, жатыры, бүйректері, көкбауыры
ісіңеді, бауырында абцесса болуы мүмкін, Еркеқ малда
іріңдёген өліетті орхит, ал үрғашы малда мастит, аналық
бездің кистасы кездеседі. Кейбір жануарларда шорбуын,
бурсит.байқалады.
Тастанды төлдің тері асты.шелі .жалқақтанып, кіндігі ісініп
кетеді. ‘Көкірек жэне қүрсақ қуыстарында фибрин іріміктері
бар қызыл-қоңыр түсті сүйық жиналып, сірі жэне кілегейлі
қабықтары қанталайды. Ішек-қарынның кілеғейлі қабығы мен
өкпесі сыздана қабынады, ал бауырында еліеттенген қабыну
процестері байқалады.
Гистологиялық тексеру кезінде әр түрлі мүшелер мен
ағзаларда өліеттенген ошақтар табылады. Оларда лимфоидты
торша элементтері мен гистиоциттерден құралған
Балау.
Бруцеллезге диагноз кешенді түрде індетганулық,
клиникалық аллергиялық жэне зертханалық тексерудің
нэтижесінде қойылады. Індеттанулық деректерден бұл жерде
бүрынғы уақытта бруцеллездің болған-болмағаны, өткен
жылдардағы бруцеллезге тексерудің қорытындылары еске
алынады.
Айрықша көңіл бөлетін мәселе - шеттен әкелінген мал және
оны карантиндеу ретінің орындалуы. Соңғы жылдары алынған
төлдің санына, аналық малдың іш тастауы мен қысыр қалуына
жэне оның себегітеріне мұқият талдау жасалынады.
Жануарларды ; клиникалық тексеру кезінде бурсит, ■
еркек малда орхит, ұрғашы малда эндометрит, іш тастау,
шуы түспеу сияқты қүбылыстарға баса көңіл аударылады.
Клиникалық! тексеру арқылы енін, еннің шылауын сипап
Буаз мал іш тастаса, міндетті түрде лабораториялық
тексеру жүргізеді. Ол үшін бактериологиялық
зерттеуге тастанды төлді ұрық қабымен немесе төлдің
қарнын екі жағын буып ішіндегісімен, бауыр мен
көкбауырдың кесінділерін, енін шылауымен, жатырдың
өзгеріске ұшыраған тұстарынан кесінді және сөл
түйіндерін алады. Аталған материалдарды ауырған
малдың эрқайсысынан жеке-жеке кешіктірмей бірден
іш тастаған немесе сойған кезде алып, лабораторияға
консервіленбеген күйі жеткізеді. Егер патматериалды
тексеруге бір тэулік ішінде жеткізу мүмкін болмаса,
оны (тастанды төлден басқасын) глицериннің 30%
судағы ерітіндісімен консервілейді. Сонымен бірге
лабораторияға серологиялык тексеруге сол малдың
сүтін, қанын немесе қанның сарысуын жібереді.
Бактериологиялыц диагноз үшін жағындыларды микроскоппен қарап,
ауру қоздырушысының өсіндісін алып, теңіз тышқанына биологиялық сынама
қояды.
Серологиялъщ реакциялар бруцеллезге малды жаппай тексеру үшін
кеңінен қолданылады. Бүлардың ішіндегі ең танымал әдістер: агглютинация
реакциясы (АР), комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), комплементті
ұзақ байланыстыру реакциясы (К¥БР), сонымен қатар роз бенгал сынамасы
(РБС). Соңғы кезде Қазақстанда ашылған (Т.Сайдулдин, 1972)
конглютининдеуші кешенді байланыстыру реакциясы (ККБР) немесе
Сайдулдин реакциясы (СР) практикаға енгізіле бастады. Жалпы індеттік
жағдайды бақылау үшін сүтпен қойылатын шығыршық реакциясын (ШР)
пайдалануға болады.
Аллергиялыц тексеру бруцеллездің соңғы кезеңдерінде нэтижелі деп
есептеледі. Бүл үшін бруцеллин аллергені пайдаланылады. Оны тері ішіне
жэне тері астына (көздің астыңғы қабағына) жібереді. Бірақ, аллергиялық
әдістің сезімталдығы серологиялық реакциялардан төмен.
Бруделлезді анықтау үшін оны басқа аурулардан ажыратып балау керек.
Әсіресе малдың іш тастауына әкеп соқтыратын кампилобактериоз,
трихомоноз, лептоспироз, жыныс мүшелерін зақымдайтын жұқпайтын
аурулардан ажырату керек.
Емі.
Бруцеллезбен ауырған мал
емделмейді, ол тез арада
сойылады.
Иммунитет.
Бруцеллезбен ауырған малда табиғи иммунитет
қалыптасады. Оның үзақтығы сиырда 4-5 жыл, қойда 2
жыл. Аурудан соңғы иммунитеттің ерекшелігі, ол
бастапқы кезеңде стерильді емес, яғни организмде
қоздырушы микроб сақталады, ал соңынан
иммунитеттің стерильді кезеңі басталып, организм
қоздырушы микробтан арылады.
Иммунды организмде бруцеллалардың үзақ сақталуы
себепті ауруға шалдыққан мал, клиникалық түрғыдан
жазылып кетсе де, басқа жануарлар үшін қауіпті,
инфекция қоздырушысының бастауы болып табылады.
Бруцеллезге қарсы иммунитет жасушалық факторларға
негізделген, ал антиденелердің қорғаныс қабілеті
оншама емес, олар тек жануардың ауруға
шалдыққанының белгісі ретінде ғана баға-ланады.
Бруцеллалардың бір түріне қарсы қалыптасқан
Даулау және күресу шаралары.
Бруцеллездің ішдын алу үшін ең басты шара -
аурудан сау шаруашылыққа сырттан инфекция
коздыруиіысын әкелдірмеу мақсатында негізгі
ветеринариялық-санитариялық талаптарды
орындау. Мал табындарын текіқана аурудан таза
шаруашылықтарда өсірілген сау жануарлардан
құрайды жэне жайылымда, суарғанда, айдағанда ■
бір-бірімен араласуьша жол бермейді.
Жоспарлы .түрде жануарларды бруцеллезге
тексеріп түрады. Өсіру үшін ішаруашылыққа
экелінген малдарды 30 күн караңтинде ұстап, бүл
уақытта бруцеллезге агглютинация ,жэне
комплемент байланыстыру реакциялары арқьілы
тексеріп, нәтижелері геріс болғанда ғаиа жалпы
Бруцеллезге қарсы ірі қараны 19- және 82-штамдардан
даярланған вакциналармен, ал қойды 19-штамм жэне Rev-1
вакциналарымен егеді.
Бруцеллез шыққан шаруашылықта індет ошағына карантин
қойылып, сауықтыру шаралары жүргізіледі. Сауықтырудың ең
тиімді эдісі ауру шықкан табынды түгелімен сойып, қораны
мұқият дезинфекциялап, жаңадан сау мал әкелу. Әрине,
бұлай ету аурудың байқалған сәтінде уақзптылы диагнозын
анықтап, жедел шаралар қолданғанда ғаңа мүмкін болады.
Уақыт өтіп кетіп, ауру кең тарағанда мұндай мүмқіндік
болмайды да, ауруға шалдыққан малдарды дүркін-дүркін
тексеру арқыльі * аяа, іұгелдей бөліп алуға болады.
Ауру шыққан сиыр фермасын карантиндік ренттіліктеұстап,
барлык малды 15-30 қүн сайын бруцеллезге серологиялық
эдіспен тексеріп, оң нэтиже берген жануарларды жедел
бөліп алып, сояды да, қораны дезинфекциялайды. Осылайша
тексеруді бүкіл табын бойынша қатарьшан екі рет теріс
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz