Кәсіби қарым - қатынас


Slide 1

Қарым-қатынас психологиясы

Орындаған:1-001 топ, Ганиева А. Б.

Тексерген: Жакишева Г. С.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Психология негіздері мен Коммуникативтік дағдылар кафедрасы

Қарағанды 2016

Slide 2

Жоспар:

1. Қарым-қатынас, құрылымы және функциялары

2. Қарым-қатынастың трансактілі анализі

3. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас

Slide 3

“Для успеха в жизни умение общаться с людьми гораздо важнее обладания талантом. . ”

(Джон Лаббок)

Slide 4

1. Қарым-қатынас, құрылымы және функциялары

Қарым-қатынас - бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.

Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар:

1. Коммуникациялық - адамдардың өзара ақпарат алмасуы;

2. Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;

3. Перцептивті - адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.

Slide 5

Жалпы қарым-қатынас 3 аспектіден тұрады:

қарым-қатынас мазмұны,

қарым-қатынас мақсаты

қарым-қатынас құрамы.

Slide 6

Қарым-қатынас түрлері:

1. Маскалар байланысы;

2. Қарапайым қарым-қатынас;

3. Ресми-рөлдік қарым-қатынас;

4. Кәсіби қарым-қатынас;

5. Рухани қарым-қатынас;

6. Манипулятивті қарым-қатынас;

7. Ауқатты қауым қарым-қатынасы.

Slide 7

1. Маскалар байланысы - ресми қарым-қатынас, адам басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды, әр түрлі маскаларды қолданады, басқаша айтқанда, бұл - басқа адамға деген шынайы эмоция мен қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-ишара жиынтығы;

2. Қарапайым қарым-қатынас - басқа адамды қажетті не кедергі объект ретінде бағалау, мысалы, адам қажетті болса, байланысқа белсенді түрде түседі, ал адам кедергі болса, оны қабылдамайды, тіпті қатал, агрессивті түрде әрекеттеседі;

3. Ресми-рөлдік қарым-қатынаста қарым-қатынас мазмұны мен құралы көрініс табады, мұнда адамның тұлғасын емес, оның әлеуметтік рөлін білу жеткілікті;

4. Кәсіби қарым-қатынаста тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып табылады;

Slide 8

5. Рухани қарым-қатынас - достар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас, олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алады, бір-бірін сөзсіз бет-әлпеті, қимылы, дауыс ырғағы арқылы түсінеді. Мұндай қарым-қатынас адамдардың бір-бірін жақсы білуі арқылы орнайды;

6. Манипулятивті қарым-қатынас адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы, мысалы, қорқыту, өтірік айту, т. б. арқылы одан өзіне қажетті пайда алуға бағытталады;

7. Ауқатты қауым қарым-қатынасында адамдар өз ойын емес, тек сол жағдайда рұқсат етілген нәрсе туралы айтады. Бұл қарым-қатынастың кодексі: а) сыпайылық, әдептілік; ә) келісушілік; б) ашық мінезділік, мейірімділік.

Slide 9

Қарым-қатынас формалары:

Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.

Жанама қарым-қатынас -қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т. с. адами қарым-қатынасты күрделеңдіріп жіберді.

Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактылары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

Slide 10

2. Қарым-қатынастың трансактілі анализі

Трансакция - адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара әрекеттесу бірлігі.

Эрик Берн қарым-қатынастың трансактілі анализі негізгі 3 позицияны бөліп көрсетеді:

Бала;

Ата-ана;

Ересек адам.

Олар күніне бірнеше рет бірін-бірі ауыстырып

отырады. Адамның жүріс-тұрысында үш

позицияның біреуі басым болуы мүмкін.

Slide 11

Ата-ана позициясының 2 түрі белгілі:

жазалайтын - бұйрық береді, сынайды, тыңдамаған және қате жіберген кезде ұрсады;

бағатын - қорғайды, көмектеседі, қолпаштайды, қайырымды, кешірімді болып келеді.

Бала позициясы да 2 түрге бөлінеді:

тыңдайтын - айтқанның бәрін істейді, қарсылық білдірмейді;

тыңдамайтын - қарсылық білдіріп, өз дегенін істеуге ұмтылады.

Ең тиімдісі - қарым-қатынасқа түсетін адамдардың әрқайсысының ересек адам позициясын алуы.

Slide 12

3. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас

Қарым-қатынас негізгі екі канал арқылы жүзеге асады: тілдік (вербалды) және тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол - ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі.

Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады:

1) сөздердің мәні мен мағынасы - сөздерді нақты, дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру;

2) тілдегі дыбыстық құбылыстар - сөйлеудің темпі, ритмі, интоннациясы, дикциясы, дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі, тембрі;

3) дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар. Мысалы, күлу, жылау, сыбырлау, күрсіну, “хм-хм”, “эх”, “ах”, т. б. сөздердегі дыбыстар.

Slide 13

Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша, күнделікті қарым-қатынастың 7 пайызын - сөздер, 40 пайызын - дыбыстар, 53 пайызын тілдік емес өзара әрекеттесулер құрайды.

Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар:

1. Кинестика адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді:

а) Мимика бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді;

ә) Жестика дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді;

б) Пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрыс, еңкею, қисаю, т. б. қалыптарын зерттейді;

2. Таксика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау, сипау, т. б. денеге тию әрекеттерін зерттейді;

3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.

Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Көпшілік елде жақында дегенді білдірсе, Сингапурда өлімді білдіреді.

Slide 19

Англия, Америка, Австралия, Жаңа Зеландияда тегін такси ұстау мақсатында қолданылады.

Таиландта, Иранда, Ауғаныстанда «Көзімнен жоғал» дегенді білдіреді,

Slide 20

Европа елдерінде жарты литр дегенді білдірсе, Америкада маған телефон соқ деген мағынада қолданылады

Slide 21

Көпшілік елдерде «тоқта» дегенді білдірсе, Грецияда қатты ыза болған жағдайда ғана көрсетеді.

Алақанды ашып, қолды созу.

Slide 22

Қытайда сегіз деген санды білдірсе, АҚШ-та жолы болмайтын адамдарға көрсетеді.

Slide 23

Болгарияда баспен мақұлдау керісінше мағынада қолданылады, ал шайқау келісімді білдіреді.

Slide 24

Европа мен Азияда Ок, ал Францияда нөл, Японияда ақша деген мағынада

Slide 25

№ п/п

Жесты, позы

Состояние собеседника

1

Раскрытые руки ладонями вверх

Искренность, открытость

2

Расстегнут пиджак (или снимается)

Открытость, дружеское расположение

3

Руки спрятаны (за спину, в карманы)

Чувство собственной вины или напряженное восприятие ситуации

4

Руки скрещены на груди

Защита, оборона

5

Кулаки сжаты (или пальцы вцепились в какой-нибудь предмет)

Защита, оборона

6


Ұқсас жұмыстар
Оқытушының кәсіби құзыреттілігі
Педагогтың оқушылармен ара - қатынас стилі
Педагогикалық қарым - қатынас психологиясы
Педагогикалық құзыреттілік ұғымы
Өмірдің мәні мен кәсіби өзін - өзі анықтау психологиясы
Қарым-қатынастың кәсіби мәдениеттілігі
Әріптестермен қарым - қатынас жасауда педагогтер
КӘСІБИ ЭТИКАНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Субъектілік қасиеттер құрылымы
Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz