Темперамент түрлері


Slide 1 Slide 2

Жоспары:

Темперамент

Темперамент түрлері

Темперамент және іс-әрекет

Slide 3

Темперамент

Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері - Гиппократ (б. э. д. V ғ. ) . Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт "дене шырындарының" - қан, шырыш, өт, сµл - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б. э. д. ІІ ғ. ) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байла-ныстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі

Slide 4

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген - конституциялық типология (Э. Кречмер) . Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.

Slide 5

Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде ж. т. б. ) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалы? тип белгіленген:

Slide 6

Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай:

Slide 7

Темперамент түрлері

Темперамент - бұл адамның психика-лық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы.

Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімде, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде ж. т. б. байқалады.

Slide 8

Дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда:

Slide 9 Slide 10

Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман пси-хологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы төмендегіше:

Slide 11 Slide 12

Сангвиник

Жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепетең. Назарын тартқанның бә-ріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Мұндай адам көтеріңкі белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт тауып - шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған объектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақылы-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субъектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім, экстраверт.

Slide 13

Холерик

Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық экстраверт.

Slide 14

Флегматик

Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсал­ды­лығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, се­зім­ге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып ке­те бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде - интраверт.

Slide 15

Меланхолик

Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпе-легіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп - толық интраверт.

Slide 16

Темперамент және іс-әрекет


Ұқсас жұмыстар
Күшті тип Әлсіз тип
Темперамент меланхолик сангвиник
Темперамент түрлері, олардың сипаттамасы
Темперамент түсінігі және түрлері
ХОЛЕРИК САНГВИНИК ФЛЕГМАТИК МЕЛАНХОЛИК
Темперамент түрлері мен мінез - құлықтың психологиялық құрылымы
Конституционалды теориялар
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ ЖАЙЛЫ
Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет
Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz