Септеулік шылаулар


Презентация қосу
Сәуірдің он алтысы
Тақырыбы:
Мұхтар Әуезов. «Абай
жолы» (романнан үзінді),
3-кітап
1-тапсырма. «Әбігер» сөзін қатыстырып, үлгі бойынша сөйлем құра. Жаңа сөздер:
1. Мен әбігер болдым. 1. Ол ...
Әбігер
2. Мен неге әбігер болдым? 2.
3. Мен сабаққа дайындалып әбігер болдым. 3.
https://soundcloud.com/kokjiek-horizon/9-9-10-2
2-тапсырма. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
1. Қалай ойлайсың тыңдаған мәтін мен суреттердің қандай байланысы бар?
2. Мәтінде кімнің ауылы туралы айтылған?
3. Ауыл қалай әбігер болып жатыр?
4. Ауыл не себепті әбігер болып жатыр?
ТІЛДІК БАҒДАР
Демеулік шылаулар
Демеулік шылаулар тіркескен атауыш сөздеріне түрлі мағыналық рең үстейді.
Демеулік шылаулардың түрлері:
1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, па, пе, ба, бе, ша, ше. Мысалы: Сен жобаға
қатыстың ба?
2. Нақтылық демеуліктер: қой, ғой, -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы: Біз жобаға
қатыстық ғой.
3. Күшейткіш демеуліктер: -ау, -ай, -ақ, да, де, та, те. Мысалы: Шіркін-ай, дарынды
жастар екен!
4. Шектік демеуліктер: қана, ғана, -ау. Мысалы: Сабаққа жеті ғана оқушы
қатысты.
5. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс, -ау. Мысалы: «Жастар ана тілін білмесе»
мәңгүт болады-ау!» — деп уайымдап отыр.
6. Болымсыздық немесе салыстыру демеуліктер: түгіл, тұрсын, тұрмақ. Мысалы:
Біз тұрмақ, үлкен адамдар келе алмай қалды.
7. Қамсыну демеулігі: екеш. Мысалы: Бала екеш бала да бұзықтады ұнатпайды.
3-тапсырма. Мәтінді оқы. Шылауларды анықтап, түрлерін ажырат.
ҚАУЫШУ
Абай аулында үлкен әбігер. Бұның себебі — Әбіш. Екі жылдан бері елге қайтпай, осы бүгін, енді ғана,
«Туған аулына келеді!» — деп, ата-ана, аға-бауыр, ерекше тосып отырған Әбіш.
Оны тосушылар тек ауылда ғана емес. Ересек азаматтар, бозбалалар ауылдан алыста, таңертеңнен бері
тосып жүр. Ол кеткендер: Көкбай, Ақылбай, Кәкітай, Дәрмен, Мұқа, Әлмағамбет сияқты жастар. Атына
мінген Дәрмен асу жаққа көз салып:
— Әне, келіп қалды, Әбіштер! — деді. Осы кезде асу жақтан қалың шоғыр көрінді. Ауыл адамдары
дабырлап сәлем берісті. Қуаныштың айқай-шуын, шат күлкісін Әбіштің алдынан ала шықты.
— Ағатай!
— Әбіш аға!
— Айналайын, Әбіш аға!
Атынан түсіп, Кәкітай Әбішті қатты құшақтады.
Олар Абай аулына келді.
Қалың жиын Абай үйінің сыртында тосып тұр екен. Абай жиынның дәл ортасында тұр. Үстінде ұзын, ақ
сарғыш жібек бешпеті бар. Күрең барқыт желетке мен ақ көйлек, кең бешпет жарасып тұр. Самай, маңдай
шаштары бурыл тартқан. Абай бұл күндегі үлкен, кесек жүзі ойлы, келбетті адамның жүзіндей ашыла
түскен. Кең жазық маңдайында ажым аз. Жіңішке ұзын қастары әлі де қап-қара. Бетінде де ажым аз ғана.
Абай құшағын жайып, Әбішті баурына алды. Құлағынан, бетінен, көзінен сүйіп, ұзақ уақытқа шейін
босатпады. Әке мен бала екеуінде осындай сағынышты құшақтан басқа сөз болған жоқ.
Әбіштің үстінде жез түйме таққан, юнкер формасындағы погондары бар ақ гимнастерка. Сұйықтау
қызыл қоңыр шашы жылтырай таралған. Кең биік маңдайы ашық көрінеді. Әбіштің бойы сұңғақ қыр
мұрынды. Қызғылт жүзді, сәнді киінген жас жігіт өзгеше сұлу көрінеді.
Ауыл адамдары:
— Жаным, есен келдің бе?
— Сәулем, ұзағынан сүйіндірсін!
— Көп сағындырдың гой, қуатым!
— Айналайын, күнім!
— Сапарың құтты болсын, қарағым!
— Қош келдің Әбішжан! — деп жүректен шыққан ыстық сөздерін айтып жатыр.
«Абай жолы» роман-эпопеясынан
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Қалай ойлайсың Әбіш қайдан келді?
2. Оны неге сонша көп адам күтіп алды?
3. Күтіп алған адамдар қалай амандасты?
5-тапсырма. Абай мен Әбіштің бейнесін суреттеген бөліктерді тауып оқып, ұқсастықтары мен
өзіндік ерекшеліктерін жаз.
Абай Ұқсастығы Өзіндік ерекшелігі
Әбіш
6-тапсырма. Мәтінді оқып, сұратарға жауап бер.
Ғылымның жаманы жоқ
Абай Әбіштен оқу жайын сұрады.
Петербургтегі Михайлов атындағы артиллерия училищесі — Әбіштің айтуынша, оның таңдап түскен
мектебі емес. Ол әзілдеп:
«Баламды медресеге «біл» деп бердім,
«Қызмет қылсын, шен алсын!» — деп бермедім», дегенің есімде, аға! Ниетім — өзіңіз білесіз,
политехникалық институт еді. Мына школымның аз уақыты қалды. Осыны аяқтап алып, өзге оқуды
ескермекпін, — деген. Абай:
— Ғылымның жаманы жоқ. Біздей сусағанға қай ғылым болса да, алтын асыл қазынадай. Азаматтық
құралыңды мығым етіп берерлік оқу, тәрбие болса, ата-ана одан өзге қолқа салмайды, қарағым! Халық
басшы болар талап соңына түссең офицер боп жүріп жетесің бе, инженер болып, адвокат оқуын оқып
жетесің бе, бәрібір! Қай тұрғысына барсаң да, еліңнің мұңы мен мұқажы мың батпан. «Тек оқып, өсе
беруіңе денсаулығың жетсе екен!» — деп тілеймін! — деді.
«Абай жолы» роман-эпопеясынан
Сұрақтар:
1. Әбіш қандай оқуда оқиды?
2. Әбіш не себепті әкесі Абайға оның өз өлеңімен жауап берді?
3. Әбіштің болашақта жоспары қандай?
7-тапсырма. Абайдың «Ғылымның жаманы жоқ» деген сөзімен келісетін не келіспейтініңді
дәйектеп айт.
ТІЛДІК БАҒДАР
Шылаулар және мағыналық түрлері
Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Шылаулардың
лексикалық мағынасы жоқ морфологиялық жағынан түрленбейді, сөйлем
мүшесі бола алмайды.
Шылаулардың мағыналы түрлері:
1. жалғаулықтар;
2. септеуліктер;
3. демеуліктер.
Жалғаулықтар
Жалғаулықтың 5 түрі бар.
1.Ыңғайлас жалғаулықтар: және, мен, пен, бен, тағы, әрі, да, де, та, те.
2. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, сонда да, дегенмен және т.б.
3.Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, болмаса және т.б.
4. Себеп-салдар жалғаулықар:өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан.
5. Шартты жалғаулықтар: егер, егер де, алда-жалда.
ТІЛДІК БАҒДАР
Шылаулар және мағыналық түрлері
Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Шылаулардың
лексикалық мағынасы жоқ морфологиялық жағынан түрленбейді, сөйлем
мүшесі бола алмайды.
Шылаулардың мағыналы түрлері:
1. жалғаулықтар;
2. септеуліктер;
3. демеуліктер.
Жалғаулықтар
Жалғаулықтың 5 түрі бар.
1.Ыңғайлас жалғаулықтар: және, мен, пен, бен, тағы, әрі, да, де, та, те.
2. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, сонда да, дегенмен және т.б.
3.Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, болмаса және т.б.
4. Себеп-салдар жалғаулықар:өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан.
5. Шартты жалғаулықтар: егер, егер де, алда-жалда.
ТІЛДІК БАҒДАР
Септеулік шылаулар
Септеулік шылаулар септік жалғаулы сөзбен тіркесіп, мағынасын толықтырып тұрады.
Септеулік шылаулар өздері тіркескен сөздерге мезгілдік, мекендік, мақсаттық мағына
үстейді.
Септік жалғаулар және септеуліктер:
1. Атау септікті меңгеретін септеуліктер: үшін, сайын, сияқты, туралы, арқылы, бойы,
шамалы, ғұрлы. Мысалы: Ақпарат табу үшін интернетті жіті қарадым.
2. Барыс септікті меңгеретін септеуліктер: шейін, дейін, қарай, таман, салым, тарта,
жуық, таяу. Мысалы: Онға жуық талапты жас бар.
3. Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер: гөрі, бері, кейін, соң, бұрын, бетер.
Мысалы: Мақсат елге кеткеннен кейін Мәулен жаллғыз өзі жобамен жұмыс істеді.
4. Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер: қатар, бірге. Мысалы: Зерттеумен
қатар тәжірибе жүргізді.
әбігер. ир. зат. Әуре-сарсаң, сергелдең, Ол әлденеге әбігер болып жүрді
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz