Фармакология туралы жалпы түсінік


Презентация қосу
Фармакология
туралы жалпы
түсінік
Фармакология
Фармакология (грек. pharmacon
— дәрі және logos — ілім) —
адам организміне әр түрлі
дәрілік және биологиялық
белсенді заттардың тигізетін
әсерін зерттейтін, сондай-ақ
дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін
іздеп табуды қарастыратын
ғылым.
Фармакология
• Фармакология 1 - химиялық қосылыстармен тірі ағзаның өзара әсерлесуі
жөніндегі ғылым. Фармакология негізінен әртүрлі аурулар мен патологиялық
жағдайларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын дәрілік заттарды
оқытады. Фармакологияның алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі -
тиімді және қауіпсіз жаңа дәрілік заттарды іздеу.
• Фармакологиялық зерттеулердің ауқымы өте кең. Оған дәрілік заттардың
күрделілігі, әртүрлі биологиялық жүйелерге - тұтас ағзадан жеке жасушаларға,
жасушаға дейінгі құрылымдарға, рецепторларға және ферменттерге әсерлерін
зерттеу жатады. Химиялық заттардың әсерінен биологиялық жүйелердің
қызметінің өзгеруі олардың биологиялық әсерлерінің (белсенділігінің) 2 көрінісі
болып табылады.
Медико-биологиялық ғылымның бірі
болғандықтан фармакология
эксперименталдық және практикалық
медицинаның әртүрлі салаларымен
тығыз байланысады. Атап айтқанда,
фармакология көптеген басқа медико-
биологиялық пәндердің әсіресе,
физиология мен биохимияның
дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Фармакологияның маңызы
Фармакологияның алға басуы клиникалық пәндердің дамуына сөзсіз әсер
етеді. Атап айтқанда, наркозға арналған заттардың, жергілікті анестетиктердің, кураре
тәрізді заттардың, ганглиоблокаторлардың және басқа препараттардың пайда болуы
хирургияның дамуына ықпалын тигізді. Психиатрияның дамуындағы сапалы жаңа кезең
психотропты заттардың ашылуына байланысты. Гормондық заттардың бөлініп алынуы
және синтезделуі эндокриндік аурулары бар науқастарды емдеудің нәтижесін біршама
өзгертті. Бактериялық инфекцияларды тиімді емдеу тек антибиотиктер мен
сульфаниламидтік препараттарды алған соң ғана мүмкін болды.
Фармакологияның клиника үшін маңызы
Практикалық медицинада фармакотерапияның зор маңыз алуына
байланысты фармакология жөнінде білімі болу әртүрлі мамандықтағы
дәрігерлер үшін өте қажет. Бұл ерекше маңызға ие болды, өйткені,
көптеген қазіргі дәрілік заттардың белсенділігі өте жоғары
болатындықтан, оларды тағайындаудағы сол ұқыпсыздық наукастың
жағдайына зиянды жағымсыз әсерлердің себебі болуы мүмкін.
Фармакологияның клиника үшін маңызы соңғы жылдары
дәрілік заттардың адам ағзасымен өзара әсерлесуін зертейтін (көбінесе
патологиялық жағдайда) клиникалық фармакологияның өз алдына пән
болып бөлініп шығуымен толықтырылады.
Фармакологияның алдындағы басты мәселе
жаңа дәрілік заттарды табу. Оларды алудың
негізгі жолы-бұл химиялық синтез. Сонымен
қатар өсімдіктердің, жануарлар тіндерінің,
минералдардың табиғи қосылыстары да
қолданылады. Көптеген құнды препараттар
саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің
тіршілік әрекетінің өнімдері болып
табылады. Жаңа дәрілік заттарды іздеу және
сынау фармакологтардың химиктермен және
клиницистермен тығыз бірлестігіне
негізделеді.
Жалпы фармакологияда дәрілік заттардың фармакокинетикалық және
фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары қарастырылады.
Фармакокинетика1 - бұл дәрілік
заттардың сіңуі, ағзада таралуы, қорға
жиналуы, метаболизмі және
шығарылуы жөніндегі
фармакологияның бөлімі.
Фармакодинамиканың 2 негізгі
мазмұны - бұл дәрілік заттардың
биологиялық әсерлері, сонымен қатар
олардың әсер ету орны мен
механизмі.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz